132
мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын бақылау баяулайды.
Тіпті мұғалім айтқан
дыбыс таңбаларының формасын ұмытып кетеді.
Жазу сабағында ми ғана емес, сондай-ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай
бірқатар гигиеналық талаптар қойылады: партада дұрыс отыру (бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді),жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама-қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құралдарының
баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы ( әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні) қажет.
Жазу жұмысы, әсіресе үздіксіз жазу жұмысы (диктант) барынша қажытатын жұмыс деп есептелінеді. Қолдың басын
бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы білек, желке
және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс
отыруы қамтамасыз ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да сабақтағыдай, жазба сабағы
үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы
бұзылады. Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне
тірейді, бұл тыныс алу мен қан айналымын бұзады.
Жазу жұмыс кезінде көзге көп күш түседі, өйткені әріптерді дәптер парағындағы сызықтардың арасына дәлме – дәл
келтіріп жазу талап етіледі: зейінді жұмылдыру қажеттігі және қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі жұмыс
істеп тұрған орталықтарды ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда бүкіл организмді қажытады.
Жазу жұмысы тез
қажытпауы үшін қалам мен оның ұшын тисінше тандай білу қажет. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен саусақтардың
дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек. Парта оқушының бойы сай келмейінше, оның бетінің керекті
көлбеулігі (12-150) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес.
Қиғаш жазу кезінде дәптер денеге қарама-қарсы, оның парта қақпағының жиегіне көлбеулік бұрышы 30-400 болып
орналасуы тиіс. Сонда қиғаш сызықтар мен штрихтар стол жиегімен тік бұрыш түзеді. Оқушы әріп сызықтарын бір-
біріне параллель түсіреді немес қағаздың қиғаш сызықтарының үстіне жүргізеді. Оқушы денесінің екі иық буынын
байланыс- тыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара, сондай-ақ партаның оқушы жақ жиегіне параллель
болуы тиіс. Бұл талапты сақтамау дұрыс отыру қалпын, келе-келе мүсінді бұзып, омыртқа жотасынның бір жағына
қарай қисаюы — сколиозға және алыстан көрмеушілікке әкеліп соғады.
Көркем жазуға үйретудің негізгі әдістері:
Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта-қайта жазып көрсетуі тиіс.
Ауада жазу. Ұстаз әріпті ауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс
оқу процесін жандандырады.
Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған дұрыс:
Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады
да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту
үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2-ші сағатында өткен өте тиімді.
Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық
әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл
жаттығудың
мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің
байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған дұрыс.Мұндай жаттығулар жас
жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады.
Жалпы оқушының каллиграфиялық дағдысының қалыптасуына алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезіндегі
әдіс-тәсілдер көп әсер береді. Әдемі, сұлу жазудың негізгі дағдылары 1-2 сыныптарда қалыптасады. Сол кезде көркем
жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейіннен жазу дағдыларын жөндеу мұғалімге де оқушыға да
қиындық келтіреді. Сондықтан оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ерте жастан
бастап пайдалану оң нәтиже беретіні тәжірибеде дәлелденіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: