БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Айтмурзакова Нұргүл Джумагазыновна
Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы
«Георгиевка орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оқыту әдістері бірімен - бірі байланыста жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне
байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып
келеді. Оқу сабақтары білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады:
-
оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде
қолдана білуге дағдыландыру;
-
оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;
133
-
өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.
Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Қазір
оқушының жеке ойы мен көзқарасы құнды саналады. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық іс-
әрекеттердің әртүрлі формалары маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу
ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады.
Бала басқалармен диалог құра отырып дамиды және мұғалімімен, сыныптас достарымен қарым – қатынас орнатады.
Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін
дамытатын маңызды құрал. Диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін
анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне
көмектесе алады. Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру және
түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Тәжірибелі пеадгогтердің зерттеу нәтижелері сабақта
диалогтің маңызды роль атқаратынын көрсетті. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Сондықтан, оқушының білім діңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау
көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды
қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті.
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретінін байқап жүрмін. Олар:
- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
- басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
- оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
- мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге
көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде оқушының дұрыстап және
орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады.
Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында
да анықтай алады. Оқытуда қолданылатын әңгімелесу түрлері:
Әңгіме - дебат барысында:
-
ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
-
ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
-
қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
-
орта бірлесуден гөрі, көп жағдайда бәсекелестікке бағытталған.
Топтық әңгіме барысында:
- айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;
- әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенмен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болмасын
идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
- идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
-
әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
-
әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
-
қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды;
-
қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;
-
топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы —
келісімге ұмтылу).
Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады. Олар:
-
пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдамайды;
-
кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір –бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді;
-
зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни
тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады. (Мерсер, 2000).
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір — біріне сұрақ қоюы.
Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің
тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі — төмен дәрежелі
және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес»
сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі
сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және
талдауға тиіс болады.
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау. Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді
пысықтау. Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді. «Сіз мысал келтіре аласыз ба? «деген
сұрақтармен бағыттайды. Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды. «Көмектесе алатындарың бар ма?»
деген сұрақ қойылады.
-
Оқушы сұрақ берген кезде өзі сол сұраққа жауап беретіндей болу;
134
-
Сұрақ түрін айыра білу;
-
Жоғары мәртебелі сұрақ қою;
-
Мәтіннен ауытқымай сұрақ қою.
Осы идеяны басшылыққа ала отырып, сабақ беру барысында оқушының білім алуын қолдау үшін жұмыс жасаймын.
Дәстүрлі оқытуда көбіне сұраққа бір ғана сөзбен жауап алуға қалыптасқанбыз. Яғни, жекелеген тапсырманың өзінде
сұрақты күрделендіре отырып, оқушының өз ойын білдіруіне бар мүмкіндікті жасай аламыз. Сол себепті сыныпта
диалогтың қолданылу маңызын жақсы түсіндім. Өйткені белсенді оқушылардың үлгерімі орташа тұйық оқушылармен
санаса бермейтіні белгілі. Осыны ескере кезекті сабақтардың барысында оқушылардың өзара ықпалдастығына мән
беремін. Осы орайда таланттылығы басым белсенді оқушы қасындағы өзіне сенімсіздігі басымырақ әлсіз оқушыны
әңгімелесу арқылы сөзге тартып, пікір алмасу арқылы қолдайды, жауабын толықтырады және олардың әлі де ашыла
сөйлеуіне ықпал етуді көздеп, төмендегідей сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау сұрақтарын қоямын:
- Неге олай деп ойлайсыз?
- Ол үшін сізде қандай дәлел бар?
- Қандай ой қорытар едіңіздер?
- Сіз келісесіз бе?
- Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
Тұйық оқушылар ашылып, сөйлей түсті. Бұл жерден тапсырманы орындау барысында оқушыға қатарласымен бірге
мұғалімнің де қолдауының керектігін байқадым. Әуелгіде оқу үдерісіне оңай ілесе алмайтын оқушылар енді жанындағы
достарымен біртіндеп әңгімеге тартыла бастады. Топ мүшелерінің арасында сұрақ — жауап арқылы диалогтік қарым-
қатынас жүйелі жүрді. Жоғарыда аталған талантты - дарынды балалар да сыныптастарына сеніммен қарап, олардың да
пікірлерін тыңдаудың, құрметпен қолдау көрсету қажеттілігін үйрене бастады. Сабақтардағы топтық тапсырмаларды
қорғауда оқушылар жекелеп емес, барлық мүшелерін қамту мақсатымен топ болып қорғайтын болды. Сонымен қатар
бір-бірінің пікіріне көңіл аударып, демеушілік жасап отырды. Осылайша үлгерімі орташа оқушылардың тапсырманы
орындауда үйрене отырып, еркін жауап беруіне көп мүмкіндік туғызды. Біртіндеп өз ортасында сабақ мазмұнына
қатысты сөйлесуді, пікірлесуді, бір-бірінің кемшіліктерін түзетуді, бір-бірін тыңдауды үйренді. Бақылай отырып, екі
жақты деңгейлерін байқадым. Терең ойлай алатындары мағынаға сәйкес сұрақты аз уақытта таба білсе, жай
ойлайтындары жалаң сұрақ төңірегінде ғана тоқталып, толық мағыналы етіп құрастыруға қиналып отырды. Ал менің
мақсатым, берген жауаптарын салыстырып, ойларын дәлелді түрде айтуларына, өз идеяларын дамытуға
көмектесетіндей бағыт беріп отыру еді. Үйрене келе оқушылар сұраққа жауап беруде қиналмайтын болды. Керісінше,
сындарлы сөйлеуде, шынайы қызығушылығы мен сезімдері айқындалып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытты.
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Солардың ішінде зерттеушілік әңгіме барысында
оқушылардың өз сыныптастарымен топтарда жұмыс барысындағы табысты талқылаулары арқасында оларда ортақ
проблема болады, бірлескен түсінік қалыптасады, идеяларымен пікір алмасып, талқылау жасайды, ұжымдық білім мен
түсінік қалыптасады.
Сабақ барысында диалогтік оқытуды жүзеге асыру мақсатында сыни ойлау қатар жүретіні белгілі. Сондықтан оқушы
белсенділігін көтеру мақсатында сыни ойлау стратегияларын қолданамын. Мысалы: «Бұл мәлімет шындық па, немесе
жалған ба?», «Серпілген сауал», «Жылы лебіз», «Ойлан, бірік, бөліс», «Бірге ойлаймыз», «Идея туралы ойлар»,
«Құрастыр, одан кейін жауап бер», «Дайындал. Назарсал. Оқыңдар», «Он сұрақ», «Лездеме», «Өзіңді тексер» т.б.
стратегияларды қолданамын. Солардың қолданылу ерекшелігі мен нәтижелілігіне тоқталып өтпекпін.
Оқушыға екі заттың атын жазып, олардың ортақ қасиетін және айырмашылығын жазу тапсырылады.
Синквейн. Ырғақты талап етпейді, бес жолдан тұру керек.
1 жол - зат есім
2 жол - сол заттың қасиетін, сипатын ашатын сын есім
3 жол - сол заттың іс-әрекетін білдіретін етістік
4 жол - төрт сөзден тұратын сезіміңізді білдіретін 1 сөйлем.
5 жол - зат есімнің синонимі
Бұл әдіс арқылы аз сөзбен көп мағына алуға мүмкіндік береді.
«Топтастыру» стратегиясы.
Топтастыру - керек ойды тереңірек білуге мүмкіндік жасайды, ойды жинақтайды, қызығушылықты оятады.
«Өзім үшін жазу» стратегиясы. Түсініксіз сөздерді жазады.
Мәтінді оқи отырып, өзі үшін жазады. Болған соң міндетті түрде оқытып, тексеру керек. .
«Екі жақты күнделік» стратегиясы. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған. Бұл істе пікірін айтып талдау, мәтінге сын
көзбен қарау, қорытынды жасау, басқалардың пікірін тыңдау жүзеге асады.
INSERT стратегиясы. «Инсерт - түртіп алу»
Білемін
Қайшы
Жаңалық
Түсінбейтін
V
−
+
?
1.
Жаңа тақырып айтылды.
2.
Сұрақ не білетіндері туралы ой қозғалды.
3.
Білетін ойларын сұрадым.
4.
Жаздық, талдадық, мәтінді оқуға кірістік.
5.
Талдап, пікірлестік, бір — біріміздің ойымызды тыңдадық.
135
Оқушы тақырып бойынша жұмыс жасайды.
«Семантикалық карта» стратегиясы. Бұл білімді жандандыруға, дамытуға арналған талдау. Оқушылардың оқып жатқан
тақырыбына байланысты, оқушылардың білім деңгейін салыстыруға мүмкіндік беретін стратегия.
Сөз таптары
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
1. Кітап
2. оқыды
3. қызықты
4. төрт
5. әдемі
+
−
−
−
−
−
+
+
−
−
−
−
−
+
−
−
Бүгінгі жас ұрпақты елдің экономикасын өркендететін, білім алуда өз бетінше әрекет ете алатын, қоршаған және өз
ортасын құрметтейтін тұлға етіп қалыптастыру болашақтың талабы болып отыр. Сондықтан да білім берудегі бүгінгі
бетбұрыстың үлкен мәні бар. Олай болса, жаңарған Қазақстанға–жаңаша білім беру үрдісін жетілдіретін, қиындығы
мен қызығы мол жұмыста жетістігіміз оқушыларымыз арқылы көрінбек.
Достарыңызбен бөлісу: |