140
• Бұл операция әр түрлі стартегиялар арқылы жүреді. Мысалы: «Ойыңа келген нәрсені жаз», «ол жайлы не білесің?»,
«Нысана санды тап» сияқты стратегиялар жүзеге асады.
• Сөзім дәлелді болу үшін ана тілі пәнінен өткізілген «Төрт түлік туралы жырлар» атты сабағыма тоқтала кетсем,
сабақтың мақсаты оқушының ойлау қабілетін дамыту және өз ойын жеке, топта тиянақты тұжырымдап жеткізе алуға,
төрт түлікті күтіп баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Сабақты топқа бөлуден бастап, жұмбақ шешу арқылы бүгінгі
сабақтың тақырыбы ашылады және ой шақыру мақсатында «Төрт түлік туралы не білесің?» соны қағаз бетіне түсірді.
Әр топтың жұмысы тақтаға ілініп талданады. Және жұлдызша арқылы бағаланады.
• 2-кезең – «Мағынаны тану» (түсіне білу)
Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
Оқушы өз бетімен жұмыс жасап белсенділік танытуға жағдай жасалады.
Бұл операцияда қарастырылып отырған мәселе жайлы ойдағы бар мәліметті қағазға түсіру және шектемей,
тоқтаусыз жаза беру. есте қалған мәселелерді қағазға түсіре отырып оны жаңа
ақпарат алуда пайдаға асыру, кәдеге
жарату, өз білетінінен тысқары жаңалықтарды ашуға мүмкіндік береді. Сананың саңлауларын аршиды, білімдегі
биіктікке бастайды.
• «Инсерт», «Болжау», «Пікірталас-дебат», «Екі жақты күнделік» және т.б стратегияларды сабақтарымда қолдана
отырып оқушылардың ой-өрісінің, танымдық қабілеттерінің, қиялының дами түсетінін байқадым.
Айтылып отырған сабақта «Мағынаны тану» кезеңінде «Екі жақты күнделік» толтыру арқылы оқушылар ойларын,
пікірлерін өз беттерімен алған жаңа ақпараттарын ортаға салады. Әр топтың жұмысы жұлдызша арқылы бағаланады.
Осы кезеңде әр оқушы өз тақырыптарына байланысты төрт- түлік туралы «бес жолды өлең» жазады. Бірнешеуін
оқытып, жұлдызшамен бағаланады.
Ең
бастысы шыңға шығуға талпыну, бірте-бірте оқушының қажеттілігіне айналады. Ол ешкімнің жетектеуінсіз
танымдық талпыныстар жасауға үйренеді.
• «Ой толғаныс» - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,
өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Үйренуші дәл осы кезеңде үйренгенін саралап,
салмақтап ой елегінен өткізеді. Мұнда балалар осы сабақта алған білімдерін қорытып тиянақтайды. «Венн
диаграммасы», «Галереяны аралау», «Топтастыру», «5 жолды өлең», «Семантикалық карта» стратегиялары оқушы
ойын жинақтауға өте тиімді деп айтуға болады.
• Сабақты қорытып, ой жинақтау мақсатында төрт түлік туралы алған білімдерін «Топтастырдық»
• Мен өз сабақтарымда осы стратегияларды қолдана отырып оқушылардың бір-бірімен ақылдасып жұмыс істеуге,
бірін-бірі тыңдай білуге, өз пікірін бүкпесіз айтуға үйренгенін байқадым. Әсіресе оқушылардың белсенділігі артады.
• «Оқу мен жазу» арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын бастауыш сынып оқушыларын оқытуда
пайдалану өте тиімді, дидактиканың бүгінгі күнгі көкейкесті мәселесін шешуге бағытталған
технология деп айтуға
болады.
• Оқушының шығармашылығын шың-дайтын, оны ойы оқшау азамат етуге ықпалы мол әдістер жүйесі деп таныған
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: