Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет69/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 
Булегенов Бауыржан Рахметуллаевич 
 Шымкент қаласы
«Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ойын дегенміз
— жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-
төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің 
көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптасуына үлкен мүмкіндігі 
бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану – үлкен нәтиже бepepi 
анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. 
Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке 
т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп ecyiнe де пайдасын 
тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін 
дамытады. 
В.А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін 
емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен 
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап 
жанар оты. 
Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер 
өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол 
балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді, — деп қарастырады. 
Қазіргі жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін 
оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт-дәстүрімен, 
әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп 
көмегін тигізеді.
Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, шет тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы 
оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Олар өз ұлтын сүюге, өзге ұлттарды сыйлауға үйренеді. 
Пән бойынша өзекті тақырыбым «Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын тиімді пайдалану жолдары». Пән бойынша 
басты мақсатым және міндетім – қазақша сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлей білу, игерілген білімдерін қолдана білу, 
белгіленген талаптарды игеру. 
Балаларды қазақша сөйлей білуге үйретуде мынадай талаптар қоямын: 
Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру. 
Сөз балаларға таныс заттарға байланысты болу керек. 
Әрбір сөз үнемі пайдаланылып, қайталанып отыруы тиіс. 
Сөздік қорды молайтып отыру. 
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету. 
Бұл талаптарды орындау үшін әр сабақ қызықты құрылып, сабақтың әр кезеңі әдістемелік талапқа сай жүргізілуі 
тиіс. Тіл үйрену баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау дағдысын жан-жақты 
дамытып, кеңейтіп отыру қажет. Балалардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында 
өзімнің іс-тәжірибеме сүйеніп мынадай тәсілдер қолданамын: 
Сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, оқу т.б.) 
Көрнекі құралдар қолдану (сурет, ойыншық) 
Ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті – рөлдік, логикалық, т.б.). 
Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші рөл атқаратын жұмыстың бірі – сөздік жұмысы. 
Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын рөлі ерекше. Бала ойнай 
отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл-ойына күш түсірмей, ойын 


84 
түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар 
арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы 
түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез 
ұғып алады. Ойындар грамматикалық, фонетикалық, лексикалық, орфографиялық болады. Олардың барлығы тілдік 
дағдының қалыптасуына әсер етеді. 
«Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен кезде, нәтиже сабақта ойнатуға болады. Мысалы, «Азық түлік» 
тақырыбын өткен кезде үш оқушы тақтаға шығып сөздер жазады. Бір оқушы сүт тағамдарын жазады, екінші оқушы 
азық түліктерді жазады, үшінші оқушы ет тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол оқушы жеңімпаз 
болады. Бұл ойын оқушыларға өте ұнайды, оқушылар белсене қатысады. 
«Үй жануарлары» тақырыбын өткен кезде жаңа сабақты бекіту кезеңінде «Кім тез?» ойынын жүргіземін. 
«Кім тез?» жарыс ойыны. Сыныпты топқа бөліп, жарыстыру. Үй жануарлардың атауларын атап шығу. Әр топтан 
тез, дұрыс айтқан оқушылардың ұпайын санап, жеңімпаз топты анықтау. 
«Буынның түрлерін» өткен кезде жаңа сабақты бекіту үшін «Телеграф» ойынын жүргіземін. 
Ойын мақсаты – сөздік қорын молайту, буынға бөлуге үйрету. 
Ойынның шарты: Балалар, біз телеграф ойынын ойнаймыз. Менің айтқан сөзімді сендер телеграф арқылы басқа 
қалаға жеткізесіңдер, ал мен буын санына қарай қол шапалақтаймын. 
«Азық-түлік» тақырыбын өткен кезде жаңа сабақты бекіту кезеңінде «Азық-түлік дүкенінде» ойынын жүргіземін. 
Бұл ойын топтық тапсырманы шешуге, жаңа тақырыпты игеруге, материалды бекітуге, шығармашылық бейімділікті 
дамытуда жалпы оқулық материалын оқушыға әртүрлі жолмен түсіндіріп, оқуына жағдай туғызады. 
«Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында 
жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын. Ойынын түрлері өте көп. Ойынның тағы бір түрі 
– Тілдік ойын. Тілдік ойындарға ситуациялық, рөлдік, іскерлік ойындар жатады. Бұл ойындарды «Азық түлік», 
«Отбасы», «Киім», «Тамақ», «Дүкенде» тақырыптарын өткен кезде ойнатуға болады. Бұл ойындар оқушылардың 
сөйлеу дағдыларын дамытады, оқушылардың қызығушылықтары арттады. Мысалы, «Дүкенде» тақырыбын алатын 
болсақ, бала мен бала, сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу болады. Ойын әдісінің тиімділігі тілді үйренуде 
сөйлеу тыңдау және көру іс-әрекетінің маңызды екендігін байқатады. Тіл үйренуді ойын түрінде жүргізу оқу 
мотивациясын арттырады; оқушының кейіпкер сөзін, іс- әрекетін қабілетіне қарай қайталап (рөлдерде ойнап) қарым-
қатынасқа түсу әсері жоғары болады. Оқушының түсіну және түсіндіру қабілеті дамиды. Рөлдік ойын лексикалық 
материалды бекіту мен жандандыру үшін пайдалы. Ең бірінші сөйлеу іс-әрекетінің тыңдау – сөйлеу түрлері негізге 
алынады. Оқушының танымдық белсенділігі, ойын жүйелі жеткізу дағдысы, яғни білімге деген жан-жақты терең 
қызығушылығын, дербес белсенділігін туғызады. Айта кету керек, ойын әдісінің өте тартымды әрі тиімділігіне 
қарамастан, сезімді шектей білу керек, әйтпесе ойын оқушыларды жалықтырып жіберуі және эмоционалды әсерді 
жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар, сергіту ойындарын пайдаланамын. Сабақта балалар шаршады-ау деген мезетте 
сергіту, бой жазу жаттығуларын жүргіземін. Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан 
шаршамайды, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамай қалады. 
Қорыта келе, ойын оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, мысалы, өзара көмек, бірін-бірі 
қолдау, жолдастық сезім, сондай-ақ бірқатар психикалық үдерістердің есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау 
т.б. дамуына әсер етеді. Ойын төменгі сынып оқушыларының топта жұмыс істеу арқылы ұжымдасуына көп көмегін 
тигізеді. Егер ойын сабақтың басында өткізілсе, балалар қалған уақытта тамаша жұмыс істейді, нашар оқушылар 
жеткілікті дәрежеде белсенділік танытады, сабақтың ортасында да, соңында да сабаққа қызығушылығы артып, назар 
аударуы жоғарылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет