Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ІЗДЕНУШІЛІК



Pdf көрінісі
бет65/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ІЗДЕНУШІЛІК,
ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ 
Кубегенова Мирамгул Калибаевна 
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы 
Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі 
 
Қазіргі кездегі
білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың 
бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам 
өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп, қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бәсекеге 
қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен 
зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет. 
Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. 
Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу 
тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын 
адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге 
бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен 
бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін 
қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен 
қарауымен түсіндіріледі.Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде 
жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық 
қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған 
ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. 1999 жылдан бастап, оқушылардың 
зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың 
құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба — латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген ұғымды 
береді. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен 
түсіндіріледі. Зерттеушілік оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде 
құралған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған 
нысанды құруды көздемейді. Ол белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл-адамның танымдық әрекеттерінің бірі. 
Осылайша, жобалау мен зерттеу басынан-ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше. 
А.И.Савенков 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет