Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ



Pdf көрінісі
бет64/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Нурбергенова Жанар Мендибаевна 
 Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы 
«№7 мектеп-лицейі» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі 
 
Қоғамның әлеуметтік
экономикаға өтуі жеке тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда оның ойлау 
деңгейін дамыту жаңа өмірлік мәселелерді шешуді талап етеді. Осыған байланысты мектептің алдына күрделі міндет, 
өскелең ұрпақтың оқу процесіне ықпалын психологиялық заңдылықтарды, танымдық процестерді есепке алу арқылы 
жүргізілуі көзделуде. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт ішінде экономикада сілкініс жасап, өркениетпен 
ықпалдасуда. Әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. 
Осыған орай, қоғамдық даму деңгейінің өлшемі болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің мәні арта түсуде. 
Орта білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім беру. Білім негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш 
мектептің негізгі міндеті – баланың жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және 
дамыту. 
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Өйткені 
адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. 
Оқыту процесінде мұғалім оқу материалын байланысты қандай да бір деректерді хабарлай отырып оқушылардың 
логикалық - әдістемелік білімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады. 
Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса, онда олар ойлай да алмайды. Оқушыны жеткілікті 
білім қорымен қаруландыру және өз бетінше ойлауға үйрету, оқушының білім алуға ынта – жігері, құмарлығы, 
қызығушылығы, білімдерді меңгеру, оның саналы ақыл – ой дамуының маңызды жолы болады. 
Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процесінде ақыл – ой іс - әрекетін талаптарға байланысты жүйелі түрде 
қалыптастырып, дамытатын негізгі мекеме болса, мұғалім – оны дамытушы тұлға. Білім берудің жаңа үлгісі жеке 
тұлғаның дамуына және оқытуды саралауға мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің 
сапасына қарай қоғамдық - әлеуметтік жағдайлардың үнемі өсіп отыруына сәйкес педагогикалық құралдарды да 
тұрақты жаңарту қажет болды. Тиянақты қалыптасқан педагогикалық парадигма бойынша педагогикалық технология 
ұғымы білім мазмұнын құру, оқу – тәрбие әдістерін, оның құралдарын, түрлерін таңдауда, ең қысқа мерзімде тиімді 


80 
нәтижелерге біртіндеп сатылап жету кезеңдері қамтылады. Логика ғылымның өз заңдары, дәстүрлері мен дау-
дамайлары, бар өзіндік бір ерекше дүние деуге болады. Логика – дұрыс ойлаудың заңдары туралы, жүйелі де дәлелді 
түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, жіктеп-саралау, дәлелдеме, бекерлеу, жалпылау, 
сияқты логикалық амалдарды әрбір адам өзінің ойлау қызметінде ұдайы қолданып отыр. 
Ойлаудың негізгі принциптері мен амалдарын пайымдай білу тек логикалық ойлауды ғана емес, сондай-ақ басқа да 
ойлау дағдыларын дамытып, жетілдіруге көмектеседі. Ойлау – құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені 
тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау ми қызметінің 
нәтижесі. Ойлау – сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады. Ақыл 
– ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты қасиет. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білім бардың 
бәрі бірдей ақылды боп келе бермейді. Ақылдылық білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана, қорыта білумен 
байланысты. 
Халық ұғымында ақылдылық – ерен еңбектің жемісі. Ақылды болу үшін көп үйреніп, көп оқып, оны миға тоқып, 
көп білу қажет. Білім мен ақыл – егіз, ақылдылық қымбат қасиет, оны ерекше қадір тұтқан абзал. Ақылдың жақсы 
қасиетінің бірі – оның ұшқырлығы. Бұл мәселені тез шеше алу, ойға сергектік, белсенділік әкеледі. 
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдідіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп 
дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен 
сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы 
формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал болып табылады. 
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені 1-сигнал жүйесінің қызметі арқылы 
танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен 
қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады. 
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын 
билейтін – объектив шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын – оның қажеттіліктері. 
Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және асуының 
қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық 
жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.
Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, 
дүниені өзгерту арқылы оны түсінеді. Әрекет ойлаудың жүзеге асуының бірініші ретті формасы болып табылады. Ойлау 
операцияларының барлығы (анализ, синтез және т.б) ең алғашында практикалық операциялар түрінде пайда болып, 
содан соң барып теориялық ойлаудың операцияларына айналды. Яғни ойлау еңбек іс-әрекеті барысында практикалық 
операция ретінде немесе практикалық іс-әрекеттің бір компоненті ретінде туындап, содан кейін барып дербес теориялық 
іс-әрекетке айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді критериі болып табылады.
Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге талдау оқытудағы ойлау қызметінің тәсілдері, ғылыми танудың әдіс-
амалдары мен логикалық әдістер ұғымдарының мазмұны, көлемі туралы бір мәнді пікірдің қалыптаспағанын көрсетеді. 
Анализ және синтез, абстракциялау мен жалпылау, салыстыру т.б. ойлау операциялары немесе ақыл – ой қызметінің 
тәсілдері түрінде көрініс табатын болса, екінші жағынан олар ғылыми танымының әдістері мен амалдары, логикалық 
білімдер құрамына да енеді. 
Ойлауды дамытудың жоғарғы кезеңдерінде – оның логикалық формаларында – ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу 
тұрғысынан жүзеге асырылады, түрлі таңбалар жүйелері пайдаланылады. 
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, 
оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. 
Мектеп практикасында математикалық есептермен жұмыс істеу процесінде негізінен оны шешу жолдары көзделеді, 
шешуді іздестіру оқушылардың тиісті есеп шығару іскерліктерін қалыптастыру мәселесіне жеткіліксіз көңіл бөлінетін 
жағдайлар да кездеседі. 
1 - 4 сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуда мазмұнды есептермен жұмыс істеудің жалпы 
тәсілдерін үйрету негізгі орын алады. 
Баланың ойлау қабілеті оның қиялын, сөйлеу мәнерінің дамып, есте сақтау мүмікндігін арттырады. Ол үшін мұғалім 
сабақтарда тек жалаң түсіндіруден гөрі ертегі кейіпкерлерінің сөздерін іс-қиымлдарын ойланып, мәтітіне келтіріп 
қайталауға машықтануы қажет. 
Ойлау мен ауызекі және жазбаша тілдің арасындағы айырмашылық келесі төрт параметрлерде көрініп тұрады – 
ситуативтілік, лексикалық жан-жақтылық, ақиқаттың сапалы белгілерін бейнелеуі, ақиқаттың белсенді жағын 
бейнелеуі. Сондықтан, оқушылардың ауызекі және жазбаша тілдерін салыстыру осы параметрлермен жүріп жатады. 
Берілген параметрлердің мазмұндарын қысқаша түсінік берейік. 
Ситуативті – жеткізілетін ойдың бөлек элементтері қарым-қатынасқа түсетін адамдарға белгілі болғандықтан, 
айтыла бермеуімен көрінетін ауызекі тілдің ерекше сапасы. Ситуативті статусына тілдің сол қарым-қатынасқа түсу 
жағдайымен анықталатын мағынасын және паралингвистикалық әдістермен нақтыланатын тіл элементтері де ие болды: 
ымдаумен, қол былғалаумен, дауыс ырғағымен т.б. 
Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесін дамытуда ойын әрекетінің зор рөл атқаратын интелектуалдық 
дағдыларының маңызы ерекше. Біздің, әсіресе ойын түрлерінің, соның ішінде ұлттық ойындардың дамыту- тәрбиелеу 
мүмкіндіктері мол екеніне көзіміз жетіп отыр. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етіп 
кеткен. Солардың бірі - ұлттық ойындар. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін 
де арттырады. Ойнай білген бала сол халықтың мінез құлқынан, ой санасынан, тұрмыс-салтынан хабар алады. 


81 
Оқытылатын әр сабақ оқушы ойын тебірентіп, талаптандырып ізденушілік қаблеттерін дамытуы тиіс. Сонда ғана
мұғалім сапалы нәтижегеқол жеткізеді. 
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, оқу процесі оқушының ойлау қабілеті сана-сезімінің даму процесі бір-бірімен 
тығыз бірлікте жүреді. Оқушы бойындағы қабылдау, есте сақтау, ойлау т. б. сенімді психикалық қасиеттер сабақ оқу 
арқылы кеңейіп, дамып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет