“жобалаумен зерттеу бағыттылығы, мен мағынасы және іс-әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі’’, атап көрсетті
. Дегенмен жобалар әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:
-
оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту; -
ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі; -
өз білімін өздігінен құрастыра алуы; -
ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі; -
сын тұрғысынан ойлай алуы; Екі әдіс те оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес, топтық, жұптық), оны арнайы бөлінген уақыт
аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды.
Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:
-кіріктірілген білім мен оны шешудің зерттеушілік ізденісін талап ететін проблеманың болуы;
-алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңыздылығы;
-оқушының өзіндік әрекетін;
-жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып құрылымдау;
-зерттеу әдістерін қолдану, яғни проблеманы және одан туындайтын зерттеу әдістерін анықтау; зерттеу әдістерін
талқылау, ақпарат жинау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу; алынған өнімнің тұсауын кесу, талқылаулар мен қорытындылар.
Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде
баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық
тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі
мінез.
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады,
шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың
жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.