ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН
АРТТЫРЫП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Сулейменова Дания Жаксыбаевна
Нұр - Сұлтан
№42 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бүгінгі жас ұрпаққа
жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте
қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты
рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы
белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
88
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейлі
болуы тиіс. Себебі, қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол
ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен
еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.
«Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс
деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушы жүрегіне жол таба
білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы
жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей,
күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын
оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Мектеп- үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның
сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар
азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді әлемнің бүтіндей бейнесін
қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі - баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру,
сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Қазіргі заманға сай жеке тұлға
қалыптастыру үшін оған ықпал ететін басты адам ол -жаңашыл, шығармашыл ұстаз. Ұстаздың шығармашылығы мен
жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығының арқасында ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, тәрбиелеу
мен жетілдіру барысында жеке тұлға бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік ашылады.
Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда орта мектепте өтілетін пәндер арасында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің
алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-
саяси, рухани - адамгершілік, этикалық - эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін
қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің басты
мақсаты болып есептеледі.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
1. Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
3. Сабақта оқушыларды эстетикалық әсерге бөлендіру;
4. Әдеби шығарма, ондағы идея, кейіпкер болмысы, ақындық толғау, суреттеу орамдарына орай ұлтжандылыққа,
отансүйгіштікке, халықтық дәстүрді, ұлттық салт-сананы біліп өсуге тәрбиелеу, ықпал ету;
5. Оқушыларды адамгершілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру;
6. Оқушының бойына жақсылық пен ізгілік негізін сіңдіру;
7. Шәкірт санасына асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық қасиеттерін ұялату.
Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл - күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы
керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне,
қызығушылығына үйлесуі қажет. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы
жағдай туғызып, шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан
баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын
арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта дамытуда әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Жеке
тұлға бойындағы шығармашылықты дамыту үшін қазақ тілі мен әдебиеті сабағында төмендегідей жұмыстарды
ұйымдастырамын:
- жеке жұмыс;
- әр кезде өлеңдеріне көңіл бөлу;
- шығарма кейіпкерлеріне хат жазу;
- ақын - жазушылар туралы мәлімет жинау, талқылау;
- шығарманы өз бетінше аяқтау;
- мақалаларын, өлеңдерін баспасөз беттерінде жариялау;
- мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстарға қатысу;
- сабақ тақырыбына байланысты кездесу ұйымдастыру, мұражай, көрмеге, ескерткіштерге саяхат жасау;
- ғылыми - зерттеушілік әрекетке баулу;
-шығармашылық ойлауын дамытатын ойындар өткізу, сайыстар ұйымдастыру және тағы басқалар.
Жеке жұмыс - оқушылардың сабақта немесе үй тапсырмасын өз бетімен орындау кезінде орындалады. Оқушы
берілген тапсырманы орындайды, ал мұғалім тексеріп бағыт-бағдар береді. Мұғалімнің оқушыларды шығармашылыққа
үйретуі оқушының өз дербестігін арттырып, пәнге, тіл әлеміне, сөз өнеріне, әдебиеттану ғылымына қызығушылығын
арттырады. Оқушының өзін-өзі тануы мен дүниеге көз - қарасын, өзіндік пікір қалыптастыруда шығармашылық
жұмыстың мәні зор. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың
айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем
үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран
далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса,
89
сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке
тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Сондықтан ұстаздарға сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек:
сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық
тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі. Шығармашылық
сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы
берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе
тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай
түседі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр
оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта
есімізде ұстаймыз.
Ондай кедергілер:
1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
3. Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері
болса, оны алдын-ала анықтау керек.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа
аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі
үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.
Қорыта айтқанда бүгінгі күнде ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген,
бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |