85
Сөздік қорды байыту - айналадағы өмірмен таныстыру. Шығарма оқу, есеп, сурет т. б сабақтары мен тіл дамыту
кезінде жүргізілетін әр түрлі жаттығулар барысында да іске асырылады.
Кейбір балардың әсіресе үйден келгендіктен сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың айтылуын, артикуляциясын дұрыс
қолдана білмейтіні де кездеседі. Ондай балалардың көпшілігі р, л, с, ш, з, ж дыбыстарын
алмастырып айтатыны
байқалады. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды айтуға қиналады. Сондықтан даярлық топта сөздің дыбыстық жағын
қалыптастырудағы, ең алдымен сөздің дыбысталуын дұрыс айтуды жетілдіруге үнемі назар аударылып отыруы тиіс. Ол
үшін сөз ішіндегі
дыбыстарды дұрыс анық айту, үн, дауыс қарқынын қалыптастыру басты мақсат болып табылады.
Сөзді дұрыс естіп, сөз дыбыстарын өзгертпей қайталауға, сөйлескенде асып - саспай үн ырғағын өзгерте отырып,
анық, ашық айтуға үйретіледі. Сонымен қатар тіл мүкістігі бар балармен жек жұмыс істеуді мұқият ескерген жөн. Сауат
ашу сабақтарында сөздің дыбыстық құрамына талдау жасату, ойындар өткізу. Мысалы «Телефон» ойыны.
Даярлық
топтағы оқушыларға ұқсас с - ш, з - ж дыбыстарын ажырата білуге жаттықтыру. Аталған дыбыстарға жиі қатысатын
өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтқызу.
Мысалы Тау дәу болады, дәу тау болады.
Бір топ сөзден тек қана с, ш, з естілетін сөзді табу( сәбіз, сағыз, жалау, жүзім, жүгері) басталатын сөздер ойлап табу.
Әріпке байланысты жұмақтар шешкізу
Жанында жаздың шуағы,
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ
Белін бірге буады.
Ол қандай әріп болады?
Ал зердеге салайық,
Болады екен қай әріп? (Ж ж)
Бақылау жұмысын жүргізу. 13-14 сөз жатқа жазу. Суреттің атын өздігінен жазып көрсету болып табылады. Осындай
жұмыстардың нәтижесі мектепалды даярлық топ балаларының сөйлеу қабілетін дамытары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: