Қазақстан реғспубликасы білім және ғылым министрлігі «Мирac» yнивeрcитeтi



бет19/20
Дата09.06.2020
өлшемі237 Kb.
#72815
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Ешмұрат Ұлжан НИРС Приложение

Қорытынды

Оқушылардың өміріндегі көп мезгілдерінің бірін өткізетін, ол – мектеп. Оқушының бойында ағзаның өсуі мен дамуы, биологиялық және әлеуметтік жетілуі байқалып, өмірге деген көзқарасы, шығармашылық және жемісті іс – әрекеттіліктерге дайындығы қалыптасады.

Оқушының бойындағы ағзаның белсенді физиологиялық қайта дамуы, жетілуі байқалады, яғни жас бүлдіршін ер бала мен қыз баланың бойында дене, психикалық және өнегелі өзгерістер болады. Өз уақытысында шаралар қолданылмаса, әлеуметтік бейімдеушілік күрделенуі мүмкін. Жас ерекшелікті ескере отырып жоғарғы жүйке жүйелерінің әрекеттері өзара қарым-қатынас; мұғалім, дәрігер, ата – аналар, қоғамның тарапынан өз кезегінде көмектер көрсетіп отыруы тиіс екені анықталды.

Денсаулықтың қай анықтамасы болсын оны адам организмінің бейімделуі, қарсыласуы, күресуі, өз мүмкіндіктерін кеңейтуі деген тұжырымға негізделген. Бірақ денсаулықты организмнің атқаратын қызметтерін ескермей пайымдау мүмкін емес екені де күмәнсіз. Адам – тірі жүйе,оның негізін физикалық пен рухан, табиғи мен әлеуметтік, тұқымқуалай берілген және жүре қалыптасқан бастамалар құрады. Денсаулық тіршілік барысында жас ерекшеліктеріне, организмнің қоршаған ортамен арақатынасына, әлеуметтік әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады.

Денсаулық организмнің өзгермелі сыртқы және ішкі ортаға бейімделуін, ағза жүйелерінің қызметтік қорларын, генеративтік, танып білу және әлеуметтік қызметтерді сақтап кеңейтуге бағытталады. Мұндай сау адамға тән қызметтерді іске асыруға көптеген сыртқы және ішкі факторлар, соның ішінде әлеуметтік-мәдени-саяси жүйе, жеке бастың өмір салты, денсаулық потенциалы, бейімділіктері мен қабілеттері, қоршаған орта. Демек, денсаулық әдістемесі адам ағзасын сыртқы ортамен тығыз байланысты біртұтас жүйе ретінде қарайтын жүйелі тәсілге негізделген кешенді, тұтас, көп өлшемді болуы керек.

Демек, салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы жылдан-жылға толықтырыла түсетін болса дені сау, жаны сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндігіміз артатынана толық сенім білдіремін.

Жоғарыдағы зерттеу жұмысымызды қортындысын бағалай келіп төмендегідей оймен түйіндедік. Денсаулықты қалыптастыра отырып сақтау, нығайтудың, аурудан сақтанудың бірден – бір жолы – салауатты өмір салты, денсаулық мәнін әр адамның саналы түрде түсініп, сауықтыру процесіне белсене қатысуы, оқушылардың өз бетінше салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, мектептін оқу-тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын еңдіріп кенінен қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет