Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (314-бап)



бет9/21
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#32838
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (314-бап)
Бұл қылмыс қайтыс болғандарды еске алу мен олардың жерленген жерлеріне құрмет тұтунушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғушылық болып табылады.
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, қосымша тікелей объектісі - меншік қатынастары, арагідік азаматтардың денсаулығы, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділік болуы мүмкін.
Қылмыстың заты - өлгендердің мәйіттері, жерлеу орындары, құлпытас құрылыстары, жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлері болады.
Жерлеу орындары деп - өлгендердің мәйіттерін көметін этикалық, санитарлық және экологиялық талаптарға сай бөлінген жерлер.
Құлпытас құрылыстарына жерленген жердің қоршаулары, ескерткіш тақта, сәулеттік құрылыстар, гүл шоқтары және тағы да басқа заттар жатады.
Жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған үйлерге шіркеулер, мешіттер, рәсім өткізу залдары және т.б. орындар жатады.
Қылмыс объективтік жағынан өлгендердің мәйіттерін қорлау не олар жерленген жерлерді, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдерге өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу арқылы жүзеге асырылады.
Өлгендердің мәйіттерін қорлау - әдеп-ғұрып, дәстүрлерге қайшы келетін жағдайда мәйіттерді ерекше қорлайтын әрекеттерді жүзеге асыру. Оған мәйіттерді жерлеген жерден қазып алу, оларды кескілеу, мәйітті өртеп жіберу немесе оны ашық далада қалдыру,құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, білдіру немесе аяққа басу әрекеттері жатады.
Өлгендердің мәйіттерін жерлеу орнынан ашып алып, марқұмның киімдерін, тіс қондырғыларын немесе басқадай бағалы заттарын алу әрекеті екі бірдей қылмыстың (өлгендердің мәйітін қорлау және бөтеннің мүлкін талан таражға салу) жиынтығын құрайды.
Мүрдені медициналық сараптамадан өткізу мақсатында (эксгумация) немесе марқұмның туыстарының я жұртшылықтың ұйғарымымен өзге орынға жерлеу мақсатында қабірін қазып алу әрекеті қорлау болып табылмайды.
Жерлеу немесе рәсімдер өткізуге арналған орындарды жою деп - олардың қоршауларын, ескерткіштерді, сәулеттік құрылыстарды, мүліктерді қиратып, мүлдем жарамсыз етіп тастауды айтамыз. Жерлеу немесе еске алу рәсімдеріне байланысты орындарды, зират үйлерін бүлдіруге - ескерткіштерді, құлыптастарды, жерлеу орындарындағы гүл шоқтарын, веноктарды бүлдіру не жою, оларды талан-таражға салу әрекеттері жатқызылады. Жерлеу немесе рәсімдер өткізуге арналған орындарды аяққа басу деп - зират үйлеріне балағат сөздерді жазу немесе әдепсіз белгілер, суреттер салуды айтамыз.
Талданып отырған қылмыс формальдық материалдық құрамға жатады. Жерленген жерлерді, құлпытас құрылыстарын, рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру әрекеттері материалдық, ал өлгендердің мәйітін қорлау формальдық құрамға жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады, себептер әр түрлі болуы мүмкін (өш алу, бұзақылық т.б.)
Қылмыстық кодекстің 314-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстың субьектісі - 16 жасқа толған тұлға.
Баптың мақсаты – қоғамдық адамгершілікті, азаматтардың сезімін, қоғамның әлеуметтік зердесін қылмыстық-заңдық құралдармен қорғау.
Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-бөліміне сәйкес қарастырылушы әрекеттің бағаланған түрі үшін қылмыстық жауаптылық 16 жастан бастап орын алады.
Қылмыстық кодекстің 314-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:
а) әлденеше рет;
ә) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ;
б) ұлттық, нәсілдік немесе діни өштік не араздық тұрғысында;
в) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы жасалған әрекеттер.
Егер өлгендердің мәйіті жерленген жерлер тарихи-мәдениет ескерткіштерін, онда оны қасақана жойған немесе бүлдіргені үшін адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 314-бабының 1-тармағы бойынша сараланады.
Мәйітті қорлау әрекетіне каннибализм, жыныстық фетишизм және басқадай да жағдайлар жатуы ықтимал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет