Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (311-бап)



бет7/21
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#32838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (311-бап)
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз таратуға халықаралық құқық нормасымен тыйым салынған. 1923 жылы “Порнографиялық бұйымдарды тарату және олармен сауда жасауға қарсы шаралар туралы” Женева Конвециясы қабылданған. Осы Конвенцияға қосылған барлық мемлекеттер өздерінің ұлттық Қылмыстық Кодексінде осы тектес іс-әрекетті қылмыс деп танып, жауаптылық белгілеген.
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды таратудың қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер жасөспірімдердің дене бітімі немесе психикалық адамгершілік жағынан дұрыс дамып жетілуіне теріс әсер етеді, жыныстық қатынастар туралы оларға кереғар нанымдарды уағыздайды, мұндай материалдармен танысу арқылы олар әйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерін, тағы басқадай түрде азғындау әрекеттерін жасауға әсер етуі мүмкін.
Қылмыстың заты - порнографиялық мазмұндағы заттар, альбомдар, кино және бейнефильмдер, баспа өнімдері, порнографиялық материалдар (фотосуреттер, открыткалар, ойын карталары т.б.).
Порнография - шектен шыққан әдепсіздіктер арқылы жыныстық қатынастардың көргенсіз, жүгенсіз түрлерін, астамшылығын бейнелейтін көрініс болып табылады. Порнографиялық материалдардың барлығы да - секске қатысты суреттерінде барып тұрған әдепсіздік пен арсыздықты білдіретін заттар.
Сондай-ақ порнографиялық материалдар:
а) мәдени, көркем және өзге де құндылықтарға жатпайды;
ә) сюжетсіз, тым қарабайыр болады;
б) әдетте, туындылар (кино және видео өнімдері) сценарийлерінің авторлары, режиссерлері және рөлдерді орындаушылардың аты-жөні көрсетілмейді;
в) жыныс мүшелері, жыныстық әрекеттер мен өзге де нәпсіқорлық әрекеттер ірі көлемде көрсетіледі.
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, азаматтардың ары, адамгершілік қасиеттері.
Қылмыс объективтік жағынан порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тарату, жарнамалау, сондай ақ порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино немесе бейне материалдарды, суреттерді немесе өзге заттарды заңсыз сату арқылы жүзеге асырылады.
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды жасауға, осыған жататын шығармаларды, суреттерді, фотобейнелерді толық жасау немесе осындай затттарды монтаждап құрастырулар жатады. Порнографиялық мазмұндағы заттың немесе материалдың басқа тұлғаларға ауысуы немесе порнографиялық материалдың мағынасын олардың санасына жеткізу – таратуды білдіреді (көрсету, сыйлау, дауыстап оқу т.б.).
Бұл заттар мен материалдардың мақсаты - әсіресе кәмелетке толмағандардың жүйкесінің бұзылуына, жыныстық қатынасқа деген теріс, жағымсыз көзқарас тудыру болып табылады. Олар нәпсі мен эротика жайында теріс көзқарас қалыптастырып, нәпсіқұмарлықты бұзылған жолмен қанағаттандыру қажеттілігін туындатып, жеке бастың, әсіресе кәмелетке толмағандардың, адамгершілік тұрғыдан азуына, жыныстық қызметтің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Осыған орай, оларды дайындап, жарнамалап, таратудың қоғамдық қауіптілігінің деңгейі жоғары.
Материалдар мен заттардың порнография қатарына жатқызылу мәселесі әр жақты жағдай бойынша өнер тұрғысынан сараптауды қажет етеді.
Тарату деп - порнографиялық материалдарды немесе заттарды басқа адамдарға сыйға беру, сату немесе кез келген басқа тәсілмен оларды басқа адамдарға беруді айтамыз.
Жарнамалау деп - порнографиялық заттарды, материалдарды басқаларға көрсету, олар туралы шектен тыс көптеген адамдарға ақпарат беруді атаймыз.
Сату деп - осы көрсетілген заттарды басқаларға ақы алып, беруді атаймыз. Көрсетілген әрекеттердің барлығы заңсыз болады, яғни құзыретті органдардың тиісті рұқсатынсыз жасалады. Сатуды, заң, таратудың бір түрі ретінде, айыптының әрекеттерінің нақты себебіне қарай қарастырылып отырған қылмысты жасаудың бөлек тәсіліне жатқызады. Заң көрсетілген материалдарды немесе заттарды осы үшін қатаң түрде белгіленген жерлерде ғана рұқсат етілген сатуды, таратуды, жарнамалауды ескере отырып, жасаушы әрекеттерінің заңсыз сипаты үшін ғана жауаптылық туралы сөз қозғайды.
Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген (311-баптың 1-ші тармағы) әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық. Адам порнографиялық заттарды заңсыз дайындайтынын, тарататынын, жарнамалайтынын және сататынын сезеді, біледі және оларды жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет