Жезөкшелікпен айналысуға тарту (308-бап)
Жезөкшелікпен айналысуға тарту дегеніміз – бір адамның, я бірнеше адамның қандай да бір пайда табу мақсатында, түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, көбіне әйелдерді, кейде еркек адамдарды жыныстық қатынас жасауға ерікті немесе еріксіз түрде мәжбүрлеу.
Жезөкшелік дегеніміз - бұл әр түрлі адамдармен ақылы түрде әлденеше рет жыныстық қатынаста болу. Жезөкшеліктің мынандай негізгі белгілері бар: жыныстық қатынаста болу. Жыныстық қатынас әйел мен еркектің, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің (гомосексуалдық) арасында болуы мүмкін.
Әр түрлі адамдармен жыныстық қатынаста болу. Яғни бейберекет нәпсіқұмарлық қатынас жасау. Жыныстық қатынасты белгілі бір ақы алу үшін жасау.
Ақы төлеу ақшалай немесе басқа нысанда заттай, киім-кешек, косметикалық, парфюмериялық, асыл тастар, інжу-маржандар беру немесе басқадай қызмет көрсетулер арқылы жүзеге асырылады.
Жыныстық қатынас жасағанға дейін ақы төлеу жөнінде алдын ала келісімнің орын алуы.
Белгілі бір ақы алу үшін үнемі жыныстық қатынасқа түсу. Осыған орай ақы алып, бір рет жыныстық қатынаста болу жезөкшелікпен айналысу деп саналмайды. Жезөкшелік моральға жат құбылыс, онымен айналысатындардың бәрінің іс-әрекеті қылмыс қатарына жатпайды. Қылмыстық заңда Қылмыстық Кодекстің 308-бабының диспозициясында жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ғана жауаптылық көрсетілген.
Қылмыстың обьектісі – қоғамдық адамгершілік негіздері.
Жасы 18-ге толған әйел жынысты тұлға жәбірленуші болып табылады.
Қылмыстың обьективтік жағы жәбірленушіні күш қолдану немесе қолданумен қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін бүлдіру немесе жою арқылы не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тартудан тұрады.
Күш қолдану деп – соққы келтіруді, денені ауыртуды, денсаулыққа орташа ауырлықтағы дәрежеге дейін зиян келтіруді, яғни адам организміне күшпен жасалатын әсер туралы айтылады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – Қылмыстық кодекстің 106-бабымен қоса жиынтық бойынша жауаптылық көздейді.
Жүйкеге күш қолдану әр түрлі қорқытуға, соның ішінде, осы қылмыстың құрамымен қамтылатын өлтіру туралы қорқытумен байланысты.
Өз мүдделеріне қысым жасаушылыққа жол бермеудің шарты ретінде басқа тұлғаның ықпалымен, әйелді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін кез келген жағдай, яғни қаражат, қызмет тәуелділігі тәуелді жағдай деп аталады.
Бопсалау, жезөкшелікпен айналысуға тартудың тәсілі ретінде, масқаралаушы сипаттағы мәліметтерді әйел үшін қадірлі үшінші тұлғаға жеткізу туралы қорқытудан тұрады. Сірә, бұған өзінің моральдық, адамгершілік нормалары бойынша масқаралаушы болып табылмағанымен, жәбірленушінің өз құпиясында сақтағысы келетін мәліметтерді (жеке басқа қатысты мәселелер, бала асырап алу құпиясы, тағы басқа) жариялау мен қорқытуды да жатқызу керек шығар. Бопсалау, жарияланушы мәліметтердің шындық немесе жалған болуына қарамастан, жезөкшелікке тартудың тәсілі ретінде орын алады. Қорқытуды іске асыру аталған қылмыстың құрамына енбейді, сондықтан жала жабушы жалған мәліметтер жарияланған жағдайда бұл әрекет Қылмыстық кодекстің 130-бабымен жиынтығы бойынша бағалануы тиіс.
Әйелдің киімін, үйінің мүлкін, автомашинасын, т.б. пайдаға аспайтындай істен шығару оның мүлкін жою немесе бүлдіруді білдіреді.
Бұл қылмысты жасаудың тәсілі есептелетін алдау - әйелдің үшінші тұлғалармен ашыналық байланысқа баруының шын мақсаттарын жасырудан құралады.
Қылмысқа тарту басталған сәттен бұл қылмыс аяқталған болып саналады. Сөйте тұра, бір жолғы ақылы ашыналық байланысқа көндіру бұл қылмыстың құрамына кірмейді.
Бұл қылмысты жасау тәсілдері әйелдің өзіне ғана қатысты болуымен қатар, өмірі, абырой, денсаулығы, намысы, жеке мүлкі жәбірленуші үшін қадірлі болып табылатын оның жақындарына да қатысты орын алуы мүмкін.
Қазіргі кезде жезөкшелік кең таралып, притондар мен кездесу үйлері, жезөкшелерге тапсырыс қабылдайтын құрылымдар жүйесінен тұратын ұйымдасқан топ сипатталып отырғанын атап өту керек.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат әр түрлі болуы мүмкін, олардың қылмысты саралауға әсері жоқ.
Себептердің бағалау үшін маңызы жоқ, бірақ, әдетте, ол - пайдакүнемдік болып табылады.
Қылмыстың субъектісі әйел не еркек жынысты, 16 жасқа толған кез келген тұлға танылады. Қылмыстық кодекстің 308- бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: ұйымдасқан топ, сол сияқты жезөкшелікпен айналысуға тартқаны, не притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны, не жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Ұйымдасқан топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабында берілген. Бұрын сотталған адамға Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша сотталып, сотталғандықтан арылмаған не сондай атағы жойылмаған адамдар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |