Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (310-бап)



бет6/21
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#32838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (310-бап).
Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (310-бап) қылмысының заты – есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын дәрілік заттар немесе басқа құралдар болып табылады. Есеңгірететін дәрілік заттардың тізімі немесе басқа құралдар арнаулы құқықтық нормамен белгіленген.
Заттар, олардың дәрілік құралдардың құрамдас бөлшектері болып табылатын дәрілік түрлері, адам денесінің ішінде немесе сыртында уақытша не ұзақ мерзім болу үшін арналған заттар немесе материалдар, сол сияқты, емдеу – сауықтырушы тағам өнімдері, тағамдық қоспалар, өнімдер, аурудан анықтау, алдын алу, емдеу мақсатында қолданылатын құралдар, қондырғылар дәрілік заттарға теңестіріледі.
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, қосымша тікелей объект - адамның денсаулығы.
Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін орын ұсынудың бұл кеселге ұшырағандығын таба біліп, оларды дер кезінде емдеуді қиындататындығынан тұрады, «дәрілік құралдар» (дәрілік препараттар) - әр түрлі текті (өсімдік, мал, синтетика, минерал, биотехнология және т.б.), өзіне тән ерекше, фармакологиялық белсенділікке ие заттар немесе сол заттардың аурудың алдын алу, оны анықтап, емдеу үшін қолданылатын дәрілік түрлері.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда, есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын дәрілік немесе басқа құралдармен заттарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ осы мақсаттары үшін үй- жай беру арқылы жүзеге асырылады.
Осындай есеңгірететін заттарды пайдалану үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстаудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 310-бабында берілген. Осы мақсаттарға үй-жай беруге ақы алып, үнемі осындай дәрілік немесе басқа құралдармен заттарды пайдаланып есеңгіреткісі келетіндерге үй-жайды жалға беретін әрекеттерге жатады. Орын тауып беру – көрсетілген мақсаттар үшін бір жолғы орын беру, яғни, бұл қылмыстың жүйелігі жоқ.
Қылмыс құрамы формальдық, ол осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген соң аяқталған деп табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам өзінің істеген іс-әрекетінің заңға қайшы екенін сезеді, бірақ соны жүзеге асыруды тілейді. Яғни, субьективті жақ тұлғаның обективті жақтың әрекеттерін орындау мақсатын, дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін екендігін түсініп – білетіндігімен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі - арнаулы. Есеңгірету үшін притон ұйымдастырған немесе ұстаған не осы мақсатттарға үй-жай берген 16 жасқа толған тұлғаны заң аталған қылмыстың субьектісі деп таниды.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топ жасаса, қылмыстың ауырлататын түріне жатады (310-бабтың 2-тармағы).
Заң Қылмыстық кодекстің 310-бабында көзделген әрекеттен бұл қылмыстың айырмашылығын есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттардың қатарына кірмейтін құралдарды пайдаланудың организмге әсерінің медициналық қасиеттерінен көріп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет