Девиация жəне əлеуметтік бақылау.
қайталанған 30 билет
Этникалық топтар жəне олардың қатар өмір сүруі.
Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, əрбір жеке адам туғаннан иемденетін əлеуметтік жəне мəдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол
"тайпа" ұғымының орнын басты. Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мəнге ие.
Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.
Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:
Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген
ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;
ұлтқа өз мүдделерін
жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа əлеуметтік мəдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық
тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;
Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;
Төртіншіден, ұлттық
этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен
бақыланады;
Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.
Этникалық бірегейлік - этнос пен оның өкілінің өзіндік сана-сезімінің негізі. Этнос - өзінің бірегейлігін сезінген халық. Этникалық бірегейлік негізіне келесі белгілер жатады: "жер қыртысы" (табиғи орта, атамекен, Жер Ана); "қан" (антропологиялық белгілер: нəсілі, көз қиығы, бет əлпеті жəне т.б.); тіл (бірдей ойлап, əлемдік құндылықтарды біркелкі түйсініп, пікір білдіру құралы ретінде); діл (мəдени- психологиялық стереотиптер
жəне мінез-құлық, əдет-ғұрып үқсастығы); көркем мəдениет (өнер, мейрамдар); тұрмыс (ұлттық тағам, киім, тұрмыс-салт ерекшеліктері); мифология (бірегейліктің негізін құрайтын құндьшықтар мен үміттердің жүйесі).
Этникалық бейімделу - этникалық топтардың (қауымдастықтың) күнделікті өмірге, қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы; көне заманда
жекелеген шағын топтардың өздері тұратын табиғи ортаның жағдайына бейімделуі.
Мысалы, киім дайындау барысында жергілікті климат пен ондағы бар материал ресурсы ескерілді (жапырақтар, өсімдік талшықтары, мал немесе аң терісі жəне т.б.), үйі (үңгір немесе жер там, ағаштан, саз балшықтан, күйдірілген қыштан немесе тастан жасалған; еңбек құралы (тас, сүйек, күйдірілген қыш жəне т.б.); тіл жəне ауыз əдебиеті (мысалы, теңіз болмаған жердің тілінде де бұл ұғым болмаған); аңыздар, ертегілер де жергілікті аң-құстарды, табиғат құбылыстарын
бақылаудан туындаған; билер мен алғашқы суреттер (жергілікті аңдардың, құстардың қылықтарын, оларды аулау тəсілдерін бейнеледі). Осы негізде алғашқы этникалық белгілер қалыптасты. Көші-қон барысында алғашқы этникалық белгілер жаңа ортаға бейімделіп жаңарады, ескілері ұмытылып, санадан біртіндеп, біржола өшеді. Көптеген
дəстүрлер қоғам дамуына орай өшкенімен де, көбіне, аңыз-əңгімелерде, мейрамдарда, халықтың жадында тіпті əдеттегі құқық пен күнделікті түрмыста да сақталады. Сондай-ақ əсіресе, демографиялық жəне экологиялық дағдарыстар кезінде этностар "бөтен" дəстүрлерге де бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |