Қазақстан-ресей



бет46/48
Дата16.03.2022
өлшемі147,58 Kb.
#136038
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Социология рк 1

Денсаулық статистикасы


Республикадағы барлық мамандық бойынша дəрігер саны 50,6 мың немесе əрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дəрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу

орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады.


Қазақстанда тұрғындарға емдеу- профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған
нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 жылы 3057, əйелдер консультациялары, балалар емханалары мен
жеке амбулатория саны 1738 болды.
Тұрғындарға стоматологиялық көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 жылы республикада 88 жеке стоматологиялық емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматологиялық қызметті 1042 стоматологиялық кабинеттер де көрсетеді.
20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кəсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дəрігерлік, фельдшерлік-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы
қаласында) əр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қалаларында, еліміздің экологиялы қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен
жабдықталған медициналық орталықтар іске қосылды. 1990 жылы Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да
емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді. Оларда 64 мың орын болды; Денсаулық сақтау.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет