2.11.1- сурет. Дөңгелектік процесс
Сығылу кезіндегі жұмыс C1C``C2B2B1 фигурасының ауданы арқылы анықталады, бұл жұмыс А1<0 болады. Газдың толық жұмысы А=A1+A2 арқылы анықталады. Бұл суреттегі C1C`C2B2B1 мен C1C`C2B2B1 фигураларының айырмасы арқылы анықталады, бұл аудан C1C` C2C``C1 фигурасының ауданына тең болады. Бұл кезде А>0 болады.
С1 күйдегі заттың ішкі энергиясын U1, ал C2 күйдегі ішкі энергиясын U2 дейік. C1C`C2 қисығы бойынша ұлғаю кезіндегі жұмыстық дененің алған жылуын Q1, ал C2C``C1 қисығы бойынша сығылу кезінде берген жылуын Q2 дейік. Сонда термодинамиканың 1-ші заңын мынадай болады:
(2.11.1) (2.11.2)
(2.11.1) және (2.11.2) формулаларды бір-біріне қосқанда
.
жүйе жұмысы жылулар айырмасының нәтижесінде істеледі. Сол кездегі пайдалы әсер коэффициенті (п.ә.к):
(2.11.3)
Жылу машинасының жұмыс істеу принципі 2.11.2-суретте көрсетілген. Мұндағы Q1 – жұмыстық дененің қыздырғыштан алған жылуы, Q2 – жұмыстық дененің суытқышқа берген жылуы. Жұмыстық дененің істеген жұмысы
Егер циклді кері жүргізсе суытқыш машинаның циклі шығады (2.11.3-сурет).
Ұлғаю C1C’’C2 қисығымен орындалса, істелген жұмыс A1>0, ал сығылу C2C’C1 қисығымен орындалса, істелген жұмыс A2<0.
2.11.12- сурет
2.11.13-сурет
Жылу машинасының жұмыс Суытқыш машинаның циклі
істеу принципі
Мұндай машина суытқыштан Q2 жылу алады және қыздырғышқа Q1 жылу береді. A=Q1-Q2 жұмыс істелінеді. Суытқыш машина жылуды суытқыштан қыздырғышқа «тасиды». Суытқыш машинаның тиімділігі суытқыш коэффициенті арқылы анықталады, яғни суытқыштан алынған Q2 жылудың машинаны іске қосатын жұмысқа қатынасы арқылы анықталады.
,
мұндағы – суытқыш коэффициенті.
0>