Еліміздің "Білім туралы" заңы білім берудің мемлекеттік стандартын қүрайтын басты-басты үш саланы атап көрсетеді. Олар: ең басты білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумы, оқушылардың ең жогары сабак, көлемі және оқу орнын бітірушілердің білім дөрежесіне қойылатын талаптар. Алайда бүл анықтамада кәсіптік білім беру жүйесіндегі жұмыс-шылар мен білікті мамандарды дайындау ісіндегі толып жатқ-ан сан-салалы бағыттар нақты ескеріле берілген.
Кәсіптік білім берудің басты мақсаты – алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.
Факультативтік сабақтардың тиімділігі келесілерді қамтиды:
- оқушының белгілі бір тақырып бойынша білім деңгейінің жоғарылауы;
- оқушы ынтасының, оқуға деген белсенділігінің қалыптасуы;
- оқушы қызығушылығының артуы;
- оқушының танымдық қабілетінің қалыптасуы.
Әрбір факультативті сабақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әртүрлі факультативтік сабақтардың ортақ кейбір ерекшеліктері ескеріледі. Факультативтік сабақтар оқушылардың білімін тереңдетеді, қабілеттерін аша түседі, олардың шығармашылық қабілеттерін айқындап кітаппен жұмыс іытеуге және тәжірибе алуға үйретеді.
Қазiргi таңда жеке тұлғаны қалыптастыру пән мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндeттepінe өте жауапкершілікпен қарауды талап етедi. Оқушыларға бiлiм, бiлiк және кәсiптiк бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәніндe жауапты екендігін сезiну қажет. Осы үлкен мiндеттi aтқapy үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі бiлімдi, бiлiктi, мәдениеттi, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын.
Оқушы ic-әрекет арқылы танымын жетiлдiрiп, тәжірибе мен адамгершiлiк құндылыққа ие болады. Оқушының мынадай ic-әрекетін ұйымдастыруға болады:
- өмipлік мақсатты көздей бiлуi;
- адамдық қадыр-қасиетiн сақтау;
- қоғамдағы өз оpнын тапа бiлу;
- ceзімін дамыту, біреудің жағдайын түсіне білуі.
Сыныптан тыс жұмыстардың негiзi - факультативітк сабақтар болып табылады.
Факультативтік сабақтардың мaқсaты: оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық iзденістерін, өзiндiк қабiлетiн және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастыру.
Факультативтік сабақтардың мiндеттерi:
- оқу-тәрбие үрдiсiнде алған бiлiмдерiн ары қарата дамытуға мүмкiндiк жасау;
- оқушының қоғамдық белсендiлiгiн дамыту;
-оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, белгiлi бip еңбекке (болашақ мамандықтың түріне) баулу, оны дамытуға ықпал ету;
Факультативтік сабақтардың алдына қоятын негізгі талaбы:
- факультативтік сабақтарға қатысатын оқушының қабiлетiн ескеру;
- бiлiм беру. Оқыту мен тәрбие берудiң өзара байланысы;
- оқушылардың еркіндігі;
- нарықтық экномикалық қажеттiлiктi негiзге алу.
Факультативтік сабақтар оқушылардың сұранысы бойынша, пән сабақтарында алған бiлiмдерiн жетiлдiру негiзiндс жүргізіледi.
Факультативтік сабақтарға қатысатын оқушылардың практикалық бiлiм, бiлiк дағдылары бiрдсй болуы мүмкін емес. Себебi оның бiлiмi, қызығушылығы, қабылдауы және жұмысқа қабiлеттерi әртүрлi болғандықтан, алған дағдылары да тұрақты болмайды. Бiрақ, баланың жас ерекшелiктерiне байланысты қызығушылығы мен белсендiлiктерiн дер кезiнде дамыту мен жоспарлау - әрбiр ата-ана мен тәрбиешiнiң мiндетi.
Сонымен қатар, компьютерлiк жаңа технологияға байланысты оқушылардың техникаға деген қызығушылығы арта түстi. Үйiрме жұмыстары арқылы компьютерлiк ойындар, әр түрлі бағдарлама құрастыруды үйрету арқылы оқушының компьютерлiк сауаттылығын аша отырығаны жоғарғы сыныптардa пайдаланудың негiзi қаланады [10].
Сондықтан, сыныптан тыс жүргізiлетiн факультативтік сабақтарды зерделегенде төмендегiдей жағдайларды ескеру керек:
1 .Сыныптан тыс yaқыттa жүргiзiлетiн факультативтік сабақтардың коғамдық сұранысқа байланысты жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн айкындап, пән сабақтарының мазмұнымен салыстыра және сабақтастыра отырып, сыныптан тыс жүргізілетiн факультативтік сабақтардың жүйесiн, мазмұнын айқындау.
2 Бүгiнгi әлеуметтiк-экономикалық нарықтық қатынастарға байланысты оқушылардың өздерiнiң қабiлетi мен iскерлiгi бойыншa факультативтік сабақтарға қатыстыру.
3 Ұсынылатын факультативтік сабақтардың жүйесi оқушылардың жеке тұлға pетінде дамып, қалыптасуына ықпал ететiндей болуы.
2. Факультативтік курстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі формалары мен әдістері
Әдіс - білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |