қырын игеруді талап етеді.Жаманнан жиреніп,жақсыға үйреніп,болашағына бағыт-бағдар беріп,әр шәкірттің жүрегінен орын
таба білетін ізгі жан-өзіміз.
Ұлтымыздың жас ұрпақтарының бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуға,ізгілікке,имандылыққа,адалдыққа тәрбиелеуге,
халқымыз ерекше көңіл бөліп отырған.
Мектеп кітапханасында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде әртүрлі қызмет түрлері қолданылады.
Ауызша түрі:
•
дәрістер,оқу кештері,факультативтік сабақтар:
•
библиографиялық шолулар,сұхбаттар,кеңестер;
•
оқырман конференциялары;
•
шығармашылық, әдеби-музыкалық,тақырыптық кештер;
•
танымал тұлғалармен кездесу кештері;
•
диспуттар,дөңгелек үстелдер,пікірсайыстар;
Көрнекілік түрі:
- аралас көрмелер
•
стендтер
Баспа басылымдары:
-библиографиялық шолулар,библиографиялық көрсеткіштер;
-жарнама материалдар: хабарландыру,шақыру, қағаздары және т.т.
Кешенді түрі:
-әртүрлі үлгідегі (ауызша,көрнекі,баспа)кітапханалық сабақтар
(апталық,онкүндік, айлық), экскурсия.
Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде кітапханашыларда нақты жағдаймен алғы шарт болуы қажет,оған мыналар
қатысты:
-оқушылардың талаптарын жақсы білу;
- рухани–адамгершілік тәрбие беру мақсатында оқушылардың қызығушылығын арттырудағы іскерлік,
-кітапханада жақсы анықтамалық-библиографиялық ақпараттың болуы.Жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан
ғасырлық тәжірибесі бар. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол,
парасатты,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп қоюымыз керек.Адамгершілік тәрбиесі –белгілі бір
мақсатқа негізделген көзқарасты,сенімді,парасатты,мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастырудағы және
адамгершілік сезімді, ұлттық сананы,қарым-қатынасты дамытуда,жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді
пайдалануға
бағытталған тәрбиенің құрамдас бір бөлігі.
Біз рухани-адамгершілік тәрбие беруде алдымызға мына мақсаттарды қоюымыз керек:
-халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,
баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын,өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын
қалыптастыру.
-жас ұрпаққа халқымыздың асыл-дәстүрі мен салтынан мағлұмат дәрежесі биік,мәдениетті,парасатты,ар
ожданы мол
еңбекқор,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу;
-біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру;
-оқушыларды жалпы азаматтық құндылықтарға тарту,сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру.
-Ұлттық мәдени байлығымызды танып білуге тәрбиелеу.Өз Отанының
және халқының мәдени мұраларын игеру;
-Жалпы адам қоғамы жинақтаған адамгершілік мораль нормаларын,қатынас мәдениетін,тәрбиелілікті игеру.Ішкі ар
бостандығын дамыту өзінен-өзі баға беру,өзін-өзі басқара білуге үйрету.Қоғам заңдарын,ұжымдық өмір
нормаларын,азаматтық-әлеуметтік жауапкершілікті орындауға тәрбиелеу;
-Еңбек ету ең жоғары байлық екенін айта отырып,еңбек
ете білуге тәрбиелеу; адал өмір сүруге,жақсы отбасын құруға
тәрбиелеу.
Кітапханада өткізілетін жұмыс түрлерін дайындау және өткізудің өзіндік ерекшеліктері бар.Шараны дайындау мен өткізу үш
сатыда қарастырылған,олар; дайындау өткізу,өткізілген шараның тиімділігі және оны насихаттау болып табылады.Оларды
өз кезінде мына сатыларға бөлуге болады.
Бірінші саты-тақырып таңдау,оқырманның таңдауы мен мақсатын айқындау.
Екінші саты-алынған тақырып бойынша материалды зерттеу.
Үшінші саты-интернет және әртүрлі дерек көздері арқылы қажетті
мәліметтерді жинау.
Төртінші саты-қызығушылық танытқан оқырман тобын анықтау.
Бесінші саты-жарнамалық жұмыс.
Алтыншы саты-шараны өткізудің жолдарын ойластыру,сценарийлерін
жазу.
Жетінші саты-көрнекті құралдар жинақтау.
Сегізінші саты-шараға қатысушыларды дайындау.
Тоғызыншы саты- өтетін жерді анықтау.
Оныншы саты – шараны өткізу оны тіркеу.
Он бірінші саты- шараның тиімділігін зерттеу.
Он екінші саты – өткізілген шараны талдау,оның жетістігі мен кемшілігін
анықтау.
Он үшінші саты- өткізілген шараны насихаттау.
«Қазақтың тағдыры,келешегі,ел болуы да мектебінің қандай негізде болуына барып тіркеледі»,-деп Мағжан Жұмабаев
айтқандай,ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухани мұраны жас ұрпақтың бойына қалыптастырудағымектептің
206
ролізор.Осыған орай №35мектеп-гимназиясы кітапханасының оқулықтар мен көркем әдебиет қорын толықтыра түсу
жолында тынбай еңбекетіліп келеді.Бүгінгі мектеп кітапханасында 7945 кітап қоры , соның ішінде 6255 оқулық бар.
Қорды пайдалана отырып,тәрбие жұмысының түрлі әдіс-тәсілдері ұйымдастырылып келеді.
«Аңызға айналған ғұмыр» Бауыржан Момышұлының жан беріп жан алысқан қанды шайқаста көрсеткен бірегей батырлық
ерлігі мен қанды көйлек майдандас жауынгерлер тағдырын суреттеумен ерекшеленетін айрықша мәні бар шығармаларына
тәрбиелік шара өткіздім.Бұл шараның мақсаты :
Оқушыларды отаншылдыққа баулу, патриоттық тәрбие беру. ҚаҺарман батырдың ерлік істерін оқушы бойында дарыту.
Кіріспе сөз
І бөлім – Бауыржан Момышұлының жастық шағы «Ұшқан ұясы»
ІІ бөлім – 1941 жылы Москва түбіндегі қанды шайқаста көрсеткен теңдесі жоқ ерлігі .«Москва үшін шайқас»
ІІІ бөлім – Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармаларымен таныстыру.
ІV бөлім – Батырдан қалған өсиет «Қанатты сөздері»
V бөлім – Бауыржанға арналған ақындардың өлеңдері
Майдан даласында арнаулы тапсырмамен жау шегіне жіберіліп , жау тылындағы партизандардың өжет қимылдарын көзбен
көріп , тікелей араласқан қөркем шығарма иесі Қазақстанның халык
қаһарманы Қасым Қайсенов ағамыздың өмірімен
творчествасына жалпы шолу және оның ерліктеріне тағзым етіп ,өскелең ұрпаққа үлгі ету , шығармаларын насихаттау, «Жау
тұлындағы бала» кітабынан оқырман конференциясы өткізілді.Конференцияның басты мақсаты: «Жау тылындағы бала»
кітабын таныстыру.Оқырманға ұлы жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру.Елін, жерін,Отанын
қорғауға,ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.Оқушылардың
есте сақтау,ойлау қабілетін,рухани мәдиниетін
дамыту,жазушы шағармашылығына деген қызығушылығын арттыру.
Бұл кітапты роман,толғау, хикая деседе болады.Кітаптағы әрбір әңгіме қай жанрдың да талабын көтере алады.Оқиғалары
ойдан шығарылмаған, бастан кешкен өмір шыңдығы .Кітапта жеке адамдардың кітаптардың ішкі сезімін ой толғанысын
совет елінің патриоттық, интернационалдық рухының мызғымас бірліктігін , жас өспірім балалардың ерліктерін.Серік пен
Бористың достығын . Серіктің қазақ ханына сіңген қырағылығын , ештенеден тайсалмайтындығын көрсете білген.
Талқылау төмендегі сұрақтар бойынша
1.Кіріспе сөз
2.Жазушының өмірімен танысу
І бөлім. Повесть неліктен «Жау тылындағы бала» деп аталған?
ІІ бөлім. Бұл шығарманың басты кейіпкерлері
ІІІ бөлім. Шығармадағы оқиғаның басталуы. Жол үстіндегі сұмдық.
ІV бөлім. Серіктің анасының қазаға ұшырауы.
V бөлім. Анасынан айрылған баланың жағдайы
VI бөлім. Деревнядағы оқиға
VII бөлім Балалардың партизандарға қосылуы
VIII бөлім Әкесімен табысуы
Қазақстан халықтары тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана тілім-ажарым, асыл мұрам» әдеби-композициялық
кештіңде мақсаты: жас оқырмандардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, тілді-біздің ертеңіміз,
тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, тәрбиелеу болды. “Тіл-ұлттың қасиетіміздің тірегі” атты көрме ұйымдастырылды.
Қазақ
халқының мақтанышы, терең ойлы оқымысты ғалым,жазушы,ұстаз,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының
туғанына 120 жыл толуына орай «Алаштың ардақты ұлы»атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Ұлтымыздың ұлы ұстазы, қоғам қайраткері,ғалым ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен
шығармашылығын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету,кітапханаға оқырмандар тарту.
А.Байтұрсыновтың қаламынан туған аударма мысалдардан тақырыбы мен кейіпкерлері сан алуан болғанымен,
аудармашының оларды аударудағы мақсаты біреу-ақ.Ол халыққа ғибратты ойлар,нақты насихат айту.Адамдарды
адамгершілікке,ынтымақ-бірлікке, жаман әдеттерден арылуға шақыру. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында
ағартушылар мен түркітанушы ғалымдар жазу-сызуды реформалау қажеттілігіне айрықша назар аударып, демократиялық
бағытқа қарай бетбұрыс жасауды көздеді.
Талқылау төмендегі сұрақтар бойынша болды:
Кіріспе сөз
I бөлім-жазушының өмірбаянымен танысу.
IIбөлім. «Алаштың ардақты ұлы» атты көрмені таныстыру.
IIIбөлім. Қаламынан туған аудармаларын талқылау.
Ivбөлім. Шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастауы.
V бөлім. А.Байтұрсыновтың өлеңдері.
VIбөлім. Ахмет атамызға арнау өз шығармаларынан 7
в
-сынып оқушысы А.Аманғалиевтың оқуы.
Мектеп кітапханасы оқырмандарға кітаптың
сарқылмас рухани қазына екенін, білімнің кітап арқылы берілетінін,
кітаптың адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіруді, тапсырмалар арқылы оқушылардың
сөйлеу тілдерін, ой – өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамытуды, олардың кітапқа деген қызығушылығын арыттыруды,
кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеуді мақсат етеді.
Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология
жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.
Мектеп кітапханасынан мектеп бөлек өмір сүрмейді және мектеп кітапханашысының өз ерекшеліктері бар. Өйткені
мектеп кітапханашысы – ол библиограф та, әдістемеші де, педагог та бола алады.
Мектеп жұмысы – кітапханашының да жұмысы, сондықтан педагогтармен қатынас үздіксіз жүргізіледі. Бұл қатынас
кітапханашыға да, педагогтарға да, ең бастысы, оқушыларға да көмектеседі.
«Кітап – білім бұлағы» демекші, мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен,атқарар қызметі үлкен. Рухани жан дүниеңе
демеу беріп, адамның адами қасиетін арыттыратын да – осы кітап. Осыдан барып кітапсыз өмірімізді елестету де қиын
207