жатын орнының төсеніші мен жамылғы шүберектері.
Шілдехана- өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той.
Аруақ- Жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған
діни наным бойынша өлген кісінің тіршіліктегі
адамдарды желеп-жебеп жүретін жаны (аруағы).
Күң-
Құл-
12.Тәрбиелік мәні- Жастарды махаббатты қастерлеуге шақыру.
3 слайд Ауызша жұмыс.Көркем шығарманың мәтінімен жұмыс. «Тауып оқы»
-Портреттер. -Алтайдың монологы
-өлеңді құрлысына қарай талдау поэма(12-16 буынды қара өлең,шұбыртпалы ұйқас)
4-слайд. «Дамыта оқыту»технологиясы бойынша шығармашылық жұмыс
5-слайд.Дебат-пікір-сайыс өткізу.
Алтай мен Сұлушашатың өліміне кім кінәлі?
Қандай жағдайда олар өлмес еді деп ойлайсың?
Сабақты бекіту. Парасатты, көркіне ақылы сай Сұлушаш ғашығы Алтайдың кедейлігін мін санамайды, онын адамгершілік
қасиеттерін қадірлейді. Алтайдың бойында да байлар әулетіне деген ыза мен кек бар. Өйткені көзін ашқаннан бері көргені –
байдың есігіндегі жалшылық, жоқшылық, қиянат. Дегенмен шынайы махаббат сезіміне келгенде екі жастың арманы да,
мақсаты да үндесіп кетеді. Бірлесе отырып өмірдегі қиянат атаулыға қарсы, адамның бас еркіндігі жолында ақтық, сәттеріне
дейін күреседі.
"Сұлушаш" поэмасында автор тек әлеуметтік мәселелерді, екі ғашықтың махаббат жолындағы трагедиялық тағдырын ғана
суреттемейді. Поэмада адалдық» ар тазалығы мәселесі бар. Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық арқылы ақын
махаббатқа адалдық, ардын тазалығы туралы мәселе көтерсе, Қайсар образы арқылы досқа адалдық, адамгершілік тазалығы
жайынан оқырманға ой тастайды. Поэманың композициялық құрылымы шебер, тілі көркем. Бейнелеу құралдары әр алуан.
Оқиға барысын, кейіпкерлерінің
іс-әрекетін баяндағанда, ауыл тіршілігін, жылқышылар өмірін,
табиғат көріністерін
сипаттағанда, ақын қарапайым бояумен әдемі өрнек салады. Поэма кейіпкерлерінің ішкі толғаныстарын, сезім күйлерін
әсерлі бейнелейді. М.Базарбаевтың сөзімен қорытындылау. «Сұлушаш поэмасы нағыз реалистік шығарма. Оның
қаһармандары – ойдан жасалған, қиялдан шыққан, жансыз, қансыз суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза
жанды,ыстық қанды еңбек адамдары».
6-слайд.Үйге тапсырма:
1.
Поэмадағы әдет-ғұрып, халық психологиясының көрінісін сипаттап жазып келу
2. Поэманың тіл көркемдігіне байланысты көркемдегіш сөздерді табу.
«Сатылай кешенді талдау-тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп,қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен
шектелмейтін,сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына ,ойлау,есте сақтау,қиялдау,елестету сияқты басқа
танымдық-психолгиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі»деп,Н.Оразақынова
айтқандай сабақты түрлі тиімді-әдістермен жаңаша өткізу,сатылай кешенді талдауды сабақты тиімді пайдалана білу
оқушы шығармашылығы мен білімділік-біліктілік қасиетін дамытатын жақсы үрдіс болмақ.Әрбір мұғалімнің өзіндік
мақсатына,бейіміне қарай өзі ұнатқан технологияларды
сабақта тиімді пайдалана білу,мұғалімнің шеберлігі мен
шығармашылық жетістігіне ұштасары анық.
Достарыңызбен бөлісу: