Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет112/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Музыка тыңдау: 
Қазақтың халық күйі «Кеңес».
Күйде ән сияқты белгілі бір тақырып
 –
туып –өскен жеріне, табиғатқа, күнделікті тіршілік – тұрмысына және өмір 
құбылыстарына деген адамның өзіндік көзқарасы бейнеленеді. Айырмашылығы – күйде сөз мәтіні болмайды.
79


 
Сондықтан күйді аспаптық музыкаға жатқызамыз. Ол тек бір аспапта немесе оркестрде орындалады. Күй көлемді шығарма, 
оны қабылдау әнге қарағанда күрделірек.
Ойлан тап!
2)
Бұл шығарма музыканың қай түріне жатады?
3)
Күй қандай аспапта орындалды?
4)
«Кеңес» күйінің әуенімен дауыс қыздыру жаттығуымызды орындап алайық...
5)
А –а-а
6)
О - о-о
7)
У –у-у
Жұмбақ жасыру
Тиіп кетсе ән салған,
Даусына ел тамсанған. (Домбыра)
Музыкалық үзіліс. 
(Сергіту сәті)
Ән үйрену: 
«Домбырасыз ән қайда?» ақын Х. Талғаровтың сөзіне жазылған И. Нүсіпбаевтың әні
1.
Әнді тыңдату, мұғалімнің орындауында
2.
Әннің мазұны не туралы?
3.
Әуені саған ұнады ма?
4.
Әнді үйрену, хормен айту.
5.
Әуенмен қосылып айту
Шығармашылық жұмыс
Жұмбақ
Екі желілі, 
Күйдің көрігі. (Домбыра)
Жаңылтпаш
Домбыраның құлағын
Оң бұрадым,
Он бұрадым.
Қорыту: 
«Домбыра» сөзжұмбағын шешу.
7.
Шулы және музыкалық ...
8.
Түйенің төлі
9.
Ән, әуен, ырғақ
10.
Ақ қанатты, көк қанатты ...
11.
Ұлыстың ұлы күні.
12.
Атақты күйші.
13.
Құрманғазының күйі.
8)
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
9)
Ал, балалар, бауырсақ сендерге алғыс айтып кетіп барады.
Бағалау. Үй тапсырмасын беру.
* * * * *
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№11 жалпы орта білім беретін мектебі математика
 пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
 
Оқу үрдісінің ең маңызды жақтарының бірі – оқу нәтижелерін бағалау болып табылады. Оқу үдерісін 
басқаруда негізгі орын бағалауға беріледі. 
Мұғалім оқушы жұмысын бағалаған кезде, өзі оқушыға нені үйретсе соны бағалайды. Мектептегі
оқушының алған барлық білімі оның болашағына қажетті өмірлік қоры болмақ, сондықтан оқушы 
жұмысын бағалаған кезде объективті болудың маңызы ерекше.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасасаңыз, бағалау үдерісіне қатысты белгілі бір жүйенің (классификацияның) 
жоқтығын байқайсыз. 
Осы уақытқа дейін оқушының білім деңгейі мен білім сапасын - тест, тексеру жұмысы, жазба жұмысы, әртүрлі диктанттар,
өздік жұмыстар, ғылыми жобаның орындалуы олимпиадаларда қатысуы немесе тоқсан қорытындысы бойынша өзара 
салыстыру арқылы өлшеп, бағалап келгеніміз шындық. 
Жұмыстың осылай ұйымдастырылуы оқушылардың өз оқу-әрекеттерін дұрыс бағалай алмауына, сыни тұрғыдан ой
елегінен өткізе алмайтындығына әкелді. Қазіргі күндегі көпшілік «оқу озаттарымыздың» күннен-күнге қарқыны арта түскен
ақпараттар ағымына ілесе алмай, оларды сараптай алмай, дұрыс талдауға мүмкіндігі болмай, бүгінгі күнде бел алған 
бәсекелестікте қабілетсіз болып отыруы – шындық.
Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы оқушылардың білім, білік, дағдысын бағалаудың бес балдық жүйесін
өзгерту және жаңарту мәселесінің туындауына Республикамыздың білікті, білімді, жаңашыл (новатор) ұстаздарының 
пікірінше мынадай қайшылықтар себепші:

бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;

білім саласындағы және оқушы танымындағы өзгерістер арасындағы қайшылықтар;

білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар;

қоғамдағы сұраныстардың өзгеруі т.б.
80


Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары – құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке 
құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру десек, біз оқушының білім, білік, дағдысын бағалаудан, құзіреттілік қасиетінің
қалыптасуын бағалауымыз керек. Мектептегі бағалауды жаңартудың мақсаты – оқушылардың бағаларын мазмұнды,
объективті, дифференциалды ету. Білім алушының құзыреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау
жүйесі.
Білімді тексеру, бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық
мәлімет береді. Мұғалім оқушы білімін бағалау процессінде, өз жұмысындағы жетістіктер мен олқылықтарға 
(кемшіліктерге) баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, өз жұмысына түзетулер жасайды.
Заманауи мектептің оқушысы ұтымды ұйымдастырылған сабақ барысында шығармашылық импульс алады, 
дүниені, қоршаған ортаны, қоғамды танып-білуге, өз қабілеттерін дамытуға ұмтылады.
Критериалды бағалау жүйесі жоғары сынып оқушылары үшін қолайлы, өйткені осы жастарда балалар 
ерекшеленуге құштар болады, яғни оқушының белсенділігін арттырады.Оқушылар арасында сайыс- жарыстар, бәсекелестік
пайда болады.
Критериалды бағалау – білім алушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырушы білім алудағы нәтижелерін алдын ала
анықталған, бірлесіп жасалған,барлығына белгілі критерийлермен салыстыру процесі.
Критериалды бағалаудың артықшылығы неде:

Пәннің оқытылу мақсатына сәйкес келуі және мұғалімнің көңіл күйіне қатыссыз объективті бағалау;

Оқушы жетістіктері нақты анықталады;

Бағаның нақтылығы барлығына (ата- аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге) айқын көрініп тұрады.

Оқушының өзін өзі бағалауына мүмкіндік береді;

Оқушыны өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді,

Білім сапасы көтеріледі.
Критериалды бағалау қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың 
қалыптастырушы және жиынтық формалары қарастырылған.
Оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы)
Оқуды бағалау (жиынтық)
Оқыту үшін (қалыптастырушы) бағалау мақсаты кері 
байланысты қамтамасыз ету үшін мұғалім және оқушы 
жүргізеді. Бұл оқушы үшін төмен бағанды бағалау 
болады.
Жиынтық бағалаудың мақсаты оқушының бір тақырып 
немесе тоқсан аяғында жеткен жетістігі немесе белгілі 
бір стандартты меңгеруі.
Оқушы қазіргі уақытта не оқып білгені анықталады
Оқылған тақырыптың немесе тараудың соңында 
(бақылау немесе сынақ жұмысы арқылы)
Оқушыларға өз жұмыстарына түзетулер жүргізе 
отырып, жоғарырақ деңгейге жетуге көмектеседі
Оқушыларға оқылған тақырып бойынша жеткен 
жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді
Мұғалімге әр оқушының материалды игеруі туралы 
ақпарат жинауға, оны талдауға және ары қарай оқыту 
сапасын тиімді ұйымдастыруды жоспарлауға 
мүмкіндік жасайды. 
Мұғалімге оқушы білімінің нәтижесі бойынша 
қорытынды жасауға және қорытынды бағаны қоюға 
мүмкіндік береді.
Әлемдегі соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті(қалыптастырушы) бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен 
білім беру мен білім алуда қолдану мүмкіндіктеріне серпін берді. Оқыту үшін бағалауды түсіну үшін оны дәстүрлі бағалауға
қарама-қарсы қойған дұрыс. 
Оқыту үшін бағалауда оқушы не білетінін көрсетеді, өзін-өзі бағалайды және жетілдіреді. Қалыптастырушы бағалаудың
дәстүрлі бағалаудан айырмашылығы:

Күнделікті сабақтағы іс-әрекетке килікпейді;

Бағдарламаны меңгеру кезінде оқушы білімін дамыту үшін қойылады;

Оқу жоспарының сыныпта орындалуын көрсетеді;

Әрбір жеке тұлғаның әлсіз немесе күшті жақтары туралы хабарлама береді;

Оқушының үлгерімі туралы бірнеше көрсеткіш көрсетеді;

Ең бастысы әрқашан кері байланыс болады;
Математикадан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін үш критериді қолданамын. 
Критерийлердің 
белгіленуі
Критерийлердің атауы
Критерийлердің мазмұны туралы қысқаша түсінік
А
А
Білу және түсіну
Оқушылар оқылған материалдар бойынша білімдері мен 
түсінгендерін айта алады. Тақырыпқа байланысты элементар 
есептерді дұрыс шығаруды біледі, математикалық тілде берілген 
ақпаратты дұрыс түсінеді
ВВ
Қолдану және талдау
Оқушы есепті шығарудың оңтайлы әдіс-тәсілін таба біледі,алған 
білімін қолдана алады, есептің жауабының дұрыстығын тексере 
алады, математикалық тұжырымдамаларды дәлелдей алады, 
81


есептің шешілуін түсіндіре алады, ұғымдар арасындағы 
байланысты талдай алады.
СС
Жинақтау және 
рефлексия
Оқушы тақырып бойынша реферат немесе баяндама жазып, оны 
қорғай алады, жобалармен зерттеулер жүргізеді, есептерді шешуді 
жоспарлай алады, қорытынды жасай алады, математикалық 
ақпаратты берудің әртүрлі тәсілдерін қолданады.Стандартты емес 
есептерді шеше алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет