- дербес сыни тұрғыда ойлай білуге, пайда болған мәселелерді көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып,
оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын
саналы түрде түсіне білуге;
- ақпараттармен сауатты жұмыс жасай білуге: ақпараттарды іздеу, өңдеу, ой елегінен өткізу, қолдану, сақтау және тарату;
- әртүрлі әлеуметтік топтарда коммуникабельді, тез тіл табыса алатындай болуға, кез келген жанжалды жағдайларды
болдырмауға немесе ондай жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға;
- өз адамгершілік қасиеттерін, интеллектісін, мәдени деңгейін дамыту бойынша өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті
бітірушілерді дайындау міндетін қояды.
Өркениет көшіндегі озық тәжірибеге негізделген құзыретті тұлға дайындауға бағытталған білім беру жүйесі еліміздегі білім
беру жүйесінің бұрынғы қалпында қала алмайтындығын, оның әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып даму қажеттігін
көрсетеді.
Бүгінгі таңда білімнің стратегиялық маңызы орасан артқандығын байқаймыз. Еліміздегі оң өзгерістерді, әлемдік
тәжірибелерді ескере отырып, білімнің басым мәнін ой елегінен өткізу арқылы мынадай оң тенденцияларды байқауға
болады:
- білім қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени процестің қозғаушы күші ретінде қарастырылады;
- білімнің әлеуеті қоғамды топтастыру, әлеуметтік-мәдени кеңістіктің тұтастығын сақтау,әлеуметтік жанжалдарды
болдырмау, ұлттық мәдениеттердің және алуан түрлі конференциялардың тең құқықтығын сақтау үшін пайдаланылады;
- білім жекелеген ұлттардың және барлық адамзаттың қауіпсіздігін сақтаудың экономикалық факторы ретінде бағаланады.
Халықаралық білімдік тәжірибеден белгілі болып отырғандай білім беру жүйесін «шығу» көрсеткіштері бойынша реттеу
нәтижеге бағдарланған білім (НББ) моделі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың басты құзыреттерін қалыптастыруға
бағытталғандығына қарай нәтижеге бағдарланған білімді «нәтижеге бағдарланған құзіретті білім» деп те атайды. Бұл
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2001-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында
көрсетілген.
Мектептегі білім беру жүйесін басқару мен бақылауды нәтижеге бағыттау бүгінгі күннің және ақпараттық жедел даму
кезеңінің талаптарына толықтай жауап бере алатын болуы шарт. Әсіресе, шағын жинақталған мектептердегі білім беру
жүйесін басқарудың 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкен жағдайда қандай болу керектігінің өзектілігі алаңдатарлық
жағдайда болып отыр.
Құзырлылық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады
деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру – бүгінгі білім саласының өзекті мәселелерінің бірі.
Құзырлылық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту
арқылы шешудің арасындағы қарама – қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға
болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің
көптігімен емес, сол білімді
қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзырлылық деңгейі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге
жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми – теориялық
тұрғыда аз зерттелуі мұғалімге құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде
мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың теориялық негізін жасау міндетін қойды.
Т.М.Баймолдаев «Жалпы білім беретін мектепті басқарудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері» еңбегінде:
Көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін
қамтамасыз ету сияқты басым міндеттерін іске асырудың негізгі тетіктерінің бірі – білім берудің мазмұнын «білім үстемдігі»
деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзыретті» білімге өзгерту.
Нәтижеге бағдарланған білім моделінде басты ұстаным болып мыналар саналады:
- ұлттық деңгейдегі мақсаттар;
- күтілген нәтижелер ретінде мақсаттардың көпдеңгейлі жүйесі;
- білімдік бағдарламалардың әр алуандығы;
- мектептің құрылымын жетілдіру;
- оқуды ұйымдастырудың принципін өзгерту;
- ағымдық және қорытынды бағалаудың келісілген жүйесі;
- білім сапасын мониторингілеу жүйесі;
- білім беру ашық жүйе ретінде:жұртшылықты тарту;
- халықаралық салыстырмалы зерттеу;
Нәтижеге бағдарланған білім моделі шеңберінде ұлттық деңгейдегі білім мақсаты мектеп бітірушілердің сапалы
мінездемесінің құрамдас элементтері ретінде басты құзыреттерді сипаттау түрінде нақтыланады.
Білімнің ұлттық мақсаттары басты құзыреттер түрінде білімдік кеңістіктің және пәндік модульдердің мақсаттарына
айналады. Оқытудың бұл күтілетін нәтижелері әрбір екі-үш жылға белгіленеді. Оқытудың күтілетін нәтижелерінің көп
деңгейлі жүйесін түзу, барлығы үшін жалпы орта білім мазмұнының көлемін реттеп отыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде
әртүрлі білімдік бағдарламалар жасалады. Бұл бағдарламалар оқушылардың әртүрлі қабілеттерін ескеруді және әртүрлі
әлеуметтік, этникалық топтардың білімдік сұраныстарын қанағаттандыруды; оқушылар, мұғалімдер, мектептер қызметі
деңгейінде ақпараттық кеңістік әлеуетін пайдалану жолымен күтілетін нәтижелерге қол жеткізудің сан алуан жолдарын
қамтамасыз етеді.
Нәтижеге бағдарланған білім моделін жүзеге асыру шеңберінде мектеп құрылымын жетілдіру бойынша келесі жалпы
тенденциялар байқалады:
- бастауыш білім беруді ұзарту;
- міндетті білімді заңмен белгілеу;
- мектептің жоғары сатысында бейімдеп оқыту;
- тұтастай алғанда мектептік білім беруді ұзарту;
Біздің елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 12 жылдық білім
беруге көшу кезең – кезеңімен жүзеге асырылатын болып отыр. Осы орайда материалдық-техникалық базасы 12 жылдық
білім беруге жауап бере алмайтын мектептердегі, әсіресе, шағын жинақталған мектептердегі бейіндік оқыту мәселесі қандай
63
болмақ. Жинақталған сыныптардағы сабақ беру мәселесі тіпті күрделеніп, қоғамның дамуына ілесу мәселесі туындап
кетпейді ме деген сұрақ туындайды. Осы орайда есте болатын бір жай ауыл мектептерінде, оның ішінде шалғай
ауылдардағы білім берудің кейбір тиімді жақтарын ескеру қажеттігі. Олар:
- мұғалімнің ата – анамен тығыз байланыста болатындығы;
- Бала саны аз, қиын баланың жоқтығы;
- Ауылдағы адамдар түгел таныс, жұмыс жасаудың тиімділігі;
- Қабілетті баламен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі мол;
- Мектеп елдің әлеуметтік-эканомикалық өмірінде шешуші рөл атқарады;
-
Табиғатпен етене жақындығы;
- Жергілікті кәсіпшілікті меңгеруге ( балық аулау, аңшылық) бейімділігі;
- Ауылдық еңбекпен етене араласады (мал өсіру, егін егу, үй шаруасы)
Жоғарыдағы ауыл мектептерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа бағдарлама нәтижеге бағдарланған ұлттық білім
моделінің басты ұстанымы болуы қажет:
• Диагностикалық, яғни ойлаудың диагностикаланған нәтижелеріне қол жеткізуге ұмтылушылық;
•
Кешендік пәнаралық, яғни білімдік факторлармен бірге сыртқы факторлардың ортаға әсерін есепке алу;
• Құзырлылық тек бір ғана білікпен сипатталмайды. Өйткені құзырлылық кез келген кәсіби педагогикалық мәселелерді
шеше алу қабілетімен де анықталады, сондықтан көп функционалдық білім беру;
• Ұйымдастыру қарым – қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлылықтарға ие
тұлға даярлау;
• Кәсіби (бейіндік) білім беруді қазіргі заманғы модернизациялау міндетінің өзі қоғамның талабы және жеке тұлғаның
қажетсінуіне сәйкес келетіндей жаңаша ұйымдастыру мен оның мақсатын, мазмұнын анықтауды қажет етіп отыр.
Осы орайда біздің мектебімізде өткен кіріктірілген сабақ гуманитарлық ғылымдарды біріктіре отырып, бір шығарманың
төңірегінде оның тарихи құндылығы мен өміршеңдігі, өнер саласында да алатын орны жайлы кең мағлұмат алуға мүмкіндік
бере алды. Абылай (Сабалақ) ұлы тұлға ретінде осында қамтылған барлық ғылымдар саласында таныла білді. Сол секілді
өзін-өзі тану пәнінен, бастауыш сыныптарда «Сыни тұрғыда ойлау мен жазу», политехникалық пәндер бірлестігіндегі
«Ақпараттық технологияның тиімділігі» және пәндік апталықтардағы үш тілде ұйымдастырылып жүрген шаралар мен
тәрбие саласындағы сан түрлі танымдық ойындар мен сайыстар баланың жан-жақты дамуына және өз өміріне қажетті
бағыт-бағдар алуына үлкен септігін тигізіп жүр деп айтуға толық негіз бар. Мемлекетіміз көтеріп отырған саяси-әлеуметтік
жағдайдағы құзырлылыққа бағыттаушы құрал- нәтижеге бағытталған білім берудегі жан-жақтылықты қажет ететін бүнігі
күн талабы.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: