Рефлексия: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақбастау ауылы тарих пәнінің мұғалімі Андасова Индира Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді жоспары Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы көтерілістің басшылары туралы қысқаша мәлімет Күні: 21.10.2016 ж Мұғалім: Андасова Индира Сыныбы: 11 Қатысқан оқушылар саны: 11
Қатыспағандар :
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары Көтерілістің тарихын барысын, тарихи маңызын талқылау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Көтерілістің себептері, барысы, нәтижелерін талдай алу
Оқушылардың басым бөлігі: Көтерілістің мәнін талқылай алу
Кейбір оқушылар: Тәуелсіздік жолындағы көтерілістің сипатын талқылайды, азаматтық құқықтарын қорғауда
қолданады.
Тарихи мақсаттар Оқушылар: көтерілістің себептері мен сылтауын ажырата білуі, оны негіздеуі керек,
көтерілістің барысын жүйелей алуы, көтерілістің өзекті мәселелерін талқылауы керек,
көтерілістің тарихи маңызын шығармашылық жолмен талдай алуы керек.
Негізгі сөздер мен тіркестер: көтеріліс, ұлт азаттық, себеп сылтауы, көтерілістің барысы, тарихи маңызы
Сыныптағы диалог/талқылау үшін пайдалы тарихи бірліктер Талқылауға араналған тармақтар: 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың тарихи маңызы
Ұлт азаттық көтерілістің келер ұрпаққа берген сабағы қандай? Ұлт азаттық көтеріліс ХХғ басындағы қазақ интелегенциясының топтарын көрсетіп бере алды ма, қалай? Сабақ бойынша ұсыныстар:
Тарихи оқиғаны сауатты талқылай алуға мән беру Алдыңғы оқу: Шығармашылық жұмыс
Жоспар: Жоспарланған уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Басталуы: 10 минут
І Ұйымдастыру кезеңі. «Шеңбер бойымен әңгіме» әдісі. Түсті стикерлер арқылы топқа
біріктіру.