қызметтік
кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай,
сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.2.
Әлеуметтік
кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта
қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен
сипатталады.3.
Жеке
кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру
құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім
қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.4.
Дара (индивидуальды)
кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби
өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен
сипатталады.Кәсіби құзыреттіліктің бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз бетімен жаңа білім, білікті игеру және де оны
тәжірибелік қызметте пайдалану қабілетін атайды.
Кәсіптік жағынан қарулануы, кәсіби құзыреттілігі төмендегідей критерийлерді қамту қажет:
Қазақстан республикасының 2011-2020 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасында»: «Бүгінгі білім берудегі
басты мақсат- тек білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу,
өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру
міндеті айтылады. Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты
орындауы талапқа сай жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламада кемінде 3 тілді меңгерген, көп мәдениетті жеке тұлғаны
тәрбиелеу стратегиясы айқындалған. Бұл өз кезегінде педагогтар алдында көп тілді меңгеру міндетін алға қояды. Осы
міндетті жүзеге асыру үшін мектептерде лингафон қондырғысы орнатылған кабинеттер оқушылар мен мұғалімдердің
игілігіне қызмет атқарады. Және де «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет»
деген Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында мектеп мұғалімдері «Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу»
семинарларына қатысып, біліктіліктерін арттырады. Мектептегі информатика кабинеті заман талабына сай жабдықталған.
Үйренемін деген оқушыға да үйретіп, білім нәрін беремін деген ұстанымы бар мұғалімге де толық мүмкіндік тұғызылған.
Барлық пәндер бойынша мазмұны қамтылған сабақтар бойынша практикалық көмек көрсетілуде.
Сонымен қатар дарынды оқушыларды барлық пәндерден ғылыми жоба мен олимпиадаларға веб-портал арқылы даярлау
мәселелері қарастырылған.
Барша педагог қауымының алдында тұрған кезекті мақсат – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы
педагогтардың кәсіби құзырлықтарының ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру. Осы орайда, 12 жылдық білім беру
жүйесіне көшу кезеңдерінің талаптарына сай педагогтардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі қатаң ескертілуде.
Дегенмен, білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама-қайшылық білім
беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-
мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды, оларды кәсіби компетенттілігі негізінде жүзеге асыру
қажеттілігі туындайды. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес,
сол білімді қолдана білумен маңызды.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай тудыру әрбір
басшыдан саналы көз қараспен саралауды талап етеді. Оқытушылардың өздігінен білімін жетілдіру қабілеттілігінің
диагностикасы, ұстаздардың өз білімін көтеруге уақытының тапшылығы – негізгі кедергі деген ой туындатады. Осы себепті
мектепте өткізілетін әдістемелік жұмыстардың өте тиімді, танымдық пайдалылығы жоғары деңгейде өтілу қажеттілігі – күн
тәртібінде тұрған мәселе. Әрбір ұстаз педагогика ғылымының, педагогикалық іс-тәжірибе жетістіктерімен таныстырылу
керек, оны талдап, іс-тәжірибеде қолданып, тарату керек. Педагогикалық шеберлікті дамытып, озат педагогикалық
технологияны енгізу керек. Жас педагогтардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру керек. Ұжымның жұмысқа, оқытуға,
тәрбиелеуге деген жалпы көзқарастарын бірізділікпен қалыптастыру қажет.
«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла
алмайды. Керісінше, олар әрқашан даму үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен
әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы
өздерінің кім екендігімен, не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді», - деген екен бір белгілі педагог.
Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын, жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл
ұстаз болайық.
Достарыңызбен бөлісу: