Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет244/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Сабақ барысы:
Сілтілік металдар жайлы білімді мысалдар келтіре отырып нақтылау және жүйелеу, натрийді сипаттаудан
алған теориялық білімді пайдалану, оқушыларға пән бойынша тапсырмалар бере отырып, білім-білік дағдыларын
қалыптастыру, оқыту кезінде қойылатын талаптарды орындау үшін, одан әрі қарай баяндап беру қабілетін дамыта отырып,
сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу арқылы түсінік қалыптастыруға тырыстым.
Алдымен өткен тарауды қайталау сұрақтары қойылады.

Химиялық элементтердің электртерістігі дегеніміз не?

Химиялық байланыстың қандай түрлері бар?

Ковалентті байланыс дегеніміз және оның бөлінуі.

Тотығу-тотықсыздану реакциясы дегеніміз не?

Кристалдық торлар дегеніміз не? олардың бөлінуі.

Иондық байланыс дегеніміз не?
Сілтілік металдарға: литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций жатады.
Литий – 
адамның ағзасында 70 мг. Жоғары
сатыдағы жануарлардың бауырында, бүйрегінде, қаныныда, сүтінде, өтінде көп болады. Литийдің кейбір қосылыстары
депрессия ауруына оңтайлы әсер етеді. Ішек-қарын жолдарынан литий иондары қанға құйылады. Литий иондарының
концентрациясы 0,6 моль/л жетсе немесе асса эмоционалды байқағыш қабілеті төмендейді. Қан плазмасындағы литий
иондарының құрамын қатаң бақылап тұру қажет. Егер мөлшері 1,6 моль/л жоғары болса кері әсерін тигізеді.
Натрий – 
адам
салмағы 70 кг болса, 60 г натрий болады. 44% жасушадан тыс сұйықтық ретінде ал, 9% жасушаның ішінде таралады.
Натрийдің қалған мөлшері сүйек (45 пайыздай) ұлпасында болады. Ерітілген тұздары – хлоридтер, фосфаттар,
гидрокарбонаттар түрінде кездеседі. Адам ағзасының миында, сүйегінде, бүйрегінде, ас қорыту сөлінде, жұлын
сұйықтықтарында, көз шырынында, қан түйіршіктерінде болады.
Калий
– адам ағзасының 70кг салмағына 160 г болуы тиіс.
Ол жасуша ішіндегі негізгі катиондардың белсендісі. Ағзаның барлық бөліктерінде кездеседі. К
+
- жүрек соғысын
қалыптандырады, зат алмасуына әсер етеді, бұлшықеттердің жиырылуына көмектеседі, жасуша ішіндегі ферменттердің
белсенділендіреді. Ересек адамдар күніне 2 – 3 гр калий қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет