Ғалым:
металл күйіндегі натрий қазіргі ғылым мен техникада сан алуан салада қолданылады.
«Кім жылдам?»
берілген есептерді жылдам тез арада шығару
Сабақты бекіту:
«Натрий» сөзжұмбағын шешіп, тестік тапсырма орындаумен
аяқталады.1. Сілтілік металдар қандай топшада? (негізгі)2. Натрий планетамызда таралуы бойынша нешінші орында?
(алтыншы) 3. Натрий минералын қалай атайды? (гранит)
Мұғалім сөзі:
жаңа сабақты мына өлең жолдарымен
қорытындылаймын:
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
§65 оқып түсіну. №7-11 есеп.
* * * * * * *
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ- БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ФАКТОРЫ
ОҚО, Сайрам ауданы № 83 А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ
бастауыш сынып мұғалімі
Абдурасулов Еркінбай Моллаханович
Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ. Білім - адам баласының ортақ қазынасы. (Ж. Баласағұн)
Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында.
Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»- деген. Ендеше білім беруде мұғалім
білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай
жоғары талаптар қоймайды.
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп
отырған. Себебі: еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен
іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын
қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.
Мектепті басқару, сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған,
нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі белгілі. Басты мәселелерді айқындау,
білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, сапалы білім беруде алдына қойған басты мақсат- білім беру мен тәрбие үрдісіне
инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және
оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім
мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білімді жеке тұлғаға қарай
бағыттау оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына
үлкен мақсаттар жүктеді.
Қазіргі инновациялық технология туралы айтсақ, «технология» грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген
ұғымды білдіреді.
Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың
құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Ол үшін құзіреттілікке бес білім саласын меңгерілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |