Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


«Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?»



Pdf көрінісі
бет53/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

«Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?»
деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын біліңіз. 
Сен білесің бе? 
Оқушылардың пікірін сұраңыз.Адамның өмірі, азамат ретінде 
қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы түсінік беріңіз. Отбасы мәселелеріне көңіл 
бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. 
Отбасы күні Қазақстанда
да аталып 
өтіледі.
Анықта. 
Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз.Оқушылар үшін өз ата-аналарының 
40


Аяқталуы
8 минут
Сергіту сәті.
балалық шағы туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін 
сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар суреттерінде ата-аналарының 
бала кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және 
қазіргі кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді.
Орындап көр. 
Оқушыларға ашықхат жасау үшін үлгілер таратып беріңіз. Өз жақын 
туыстарына тілек жазуды сұраңыз. Ашықхаттың арғы бетіне үй мекен-жайын жазсын. 
Бұл келесі сабаққа арнап алдын ала берілген тапсырма болады.
Сергіту сәтті.
Дәптермен жұмыс 
17-жұмыс парағы .Менің бауырым-Бос уақытыңда бауырыңмен не ісегеніңді 
ұнатасың?
-суреттен тауып белгіле.
«Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде.
Сен білесің бе?
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Қазақстанда Отбасы күнін қыркүйекте 
мерекелейді.
Сабақтың соңы
2 минут
Бағалау. 
Оқушылар
– отбасылық дәстүрлер туралы;
– Наурыз мерекесі туралы білді;
Оқушылар
– өз отбасы шежіресін жасауды;
– қонақжайлылық ережелерін сақтауды үйренді.
«Тату-тәтті отбасы» ойыны Сенің анаңның анасы саған кім болады?
(Нағашы әже). Менің анамның қызы, бірақ мен емес?
(Әпке, сіңлі).
Сенің әкеңнің әкесі? (Aта). Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады?
(Көке).
Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? (Әпке).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет