Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық


Жазатайым оқиғаларды тексерудің тәртібі



бет3/5
Дата30.09.2022
өлшемі98 Kb.
#151324
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№4. 4 Апта. Енбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге зақымдануларын талдау және есепке алу
Нивелирлеу. Нивелирлеу әдістері. Нивелир және оның құрылысы. Нив-melimde.com
2. Жазатайым оқиғаларды тексерудің тәртібі


7. Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шегуші немесе куәгер жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға жедел хабарлауға міндетті.
8. Жұмыс беруші немесе жұмысты ұйымдастырушы:

1) зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыруға және оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуге;


2) тексеру басталғанға дейін жұмыс орнындағы жағдайды, яғни жабдықтар мен механизмдердің, сондай-ақ еңбек құралдарының жай күйін оқиға болған сәтіндегі күйде (егер бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін болса, ал өндіріс процесінің үздіксіздігін бұзу аварияға соқтырмаса) сақтауға жазатайым оқиға орнын суретке түсіріп алуға міндетті.
9. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары жұмыс берушілерге қызметкерлердің өндірістегі жарақат алуы немесе денсаулығының өзге де зақымдарымен өтініш жасаған әрбір жағдайы туралы, сондай-ақ қатты кәсіби ауру жағдайында (улану) денсаулық сақтау ісі өніндегі уәкілетті органның мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызмет органдарына (бұдан әрі Мемсанэпидқызмет) хабарландырып отыруы тиіс.
10. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға немесе қызметкерлердің денсаулығына келтірілген өзге де зақымдар туралы (1-косымша);
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
бөлімшелеріне (бұдан әрі аумақтық бөлімше);
2) ұйым қызметкерлерінің өкілдеріне (кәсіподақтар);
3) сақтандыру ұйымының тиісті шарты бар болса сақтандыру
ұйымына;
4) Мемсанэпидқызметтің жергілікті органдарына кәсіби ауру немесе улану жағдайлары туралы дереу хабар береді.
Ереженің 17-тармағында көрсетілген жазатайым оқиға болған жағдайда жұмыс беруші, сондай-ақ:
1) жазатайым оқиға болған жергілікті жердегі құқық қорғау органдарына;
2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың құзыретті органдарына дереу хабарлауға міндетті.
11. Кәсіби немесе қатты кәсіби ауру (улану) жағдайы орын алса, комиссияның тексеруіне Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсіби
патология орталығының өкілдері қатысады.
Қатты кәсіби ауру (улану) жағдайларын жеке тексеруді Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсіби патология орталығының өкілдері 24 сағаттың ішінде, ал созылмалы кәсіби ауру жағдайларын - хабар алынған сәттен бастап жеті күннің ішінде жүргізіледі.
12. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шегушімен тиісті шарттық қатынасы бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
13. Өндірістік тапсырмаларды (қызметтік немесе шарттық міндеттерін) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкермен, оның ішінде өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген, жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқып жүрген адамдармен болған жазатайым оқиғаны тексеруді зардап шегушінің өкілдерінің қатысуымен сол оқиға болған аумақтағы ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.
Басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмысты жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері ұшыраған жазатайым оқиғаны тексеруі жазатайым оқиға болған аумақтағы ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен, оның жұмыс берушісі жүргізеді.
14. Көлік құралдары авариясының салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тексеру көлік инспекциясы органдарының тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
Көлік инспекциясының органдары көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша оған қажетті құжаттардың көшірмесін беруге міндетті.
15. Жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға уақытылы хабарланбаған не олардың салдарынан еңбекке жарамсыздық бірден пайда болмаған (ескіру мерзіміне қарамастан) жазатайым оқиғалары зардап шегушінің, оның өкілетті өкілінің арызы бойынша немесе мемлекеттік инспектордың (бұдан әрі меминспектор) нұсқамасымен арыз тіркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тексеріледі.
16. Ереженің 17 - тармағында көрсетілгендерден басқа жазатайым оқиғаны тексеруді ұйымның басшысы оқиға болған сәттен бастап 24 сағат ішінде құратын, құрамында:
төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелері - ұйымның енбекті қорғау қызметінің басшысы. қызметкерлердің уәкілетті органының екілі немесе зардап шегушінің сенімді өкілі (келісім бойынша) бар комиссия жүргізеді.
17. Мыналар:
1) ауыр немесе өлімге апарып соқтырған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шегушілердің жарақаттарының ауырлығына қарамастан. Екі және одан да көп қызметкерлердің бір мезгілде басынан кешкен топтық жазатайым оқиғалар:
3) қатты кәсіби аурудың топтық жағдайлары (уланулар) арнайы тексеруге жатады.
18. Ауырлығы мен зардабына қарай жазатайым оқиғаны арнайы тексеруді еңбек жөніндегі аумақтық уәкілетті мемлекеттік орган құратын, құрамында:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші, қызметкерлердің уәкілетті органының өкілі немесе зардап шегушінің өкілі бар комиссия он күн ішінде жүргізеді.
Екі адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тексеруді облыстың, Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді
19. Үш - бес адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құратын, ал бес адамнан көп қаза тапса - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия жүргізеді.
20. Сарапшылық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар мен бақылау-қадағалау органдары қатарынан шағын сарапшылық комиссиялар құрады.
21. Жарылыс, авария, қирау және ұйымдардың объектілердегі басқа да жағдайлар кезінде зардап шегушіні (зардап шегушілерді) хабарсыз кеткен адамды (хабарсыз кеткен адамдарды) одан әрі іздестіру заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, авариялық - құтқару бөлімшесінің басшысы мен маман сарапшылар қорытындысының негізінде комиссиямен белгіленеді.
22. Арнайы тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз ресми тағайындалған арнайы комиссияның жұмыс күндерінде қандай да болмасын біреудің немесе өзге комиссияның куәларға, өз көзімен көрген адамдарға сауал қоюына, сондай ақ осы жазатайым оқиғаны тексеруді қатарластыра жүргізуіне үзілді кесілді тыйым салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет