Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



бет4/21
Дата20.09.2022
өлшемі0,5 Mb.
#150117
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2-практикалық-жұмыс-Енбек-қызметімен-байланысты-жазатайым-оқиғалар-мен-қызметкерлер-денсаулығының-

Санитарлық-гигиеналық себептерге жатады: ғимараттағы жағымсыз микроклимат, ауадағы зиянды заттар құрамының ұлғаюы, шудың, дірілдің және иондағыш сәулелердің жоғары деңгейі, жарықтың жетіспеушілігі немесе дұрыс қолданбауы; жұмыс орны мен тұрмыстық ғимараттардың ластығы, жеке гигиена ережелерін сақтамау т.б.
Психологиялық және физиологиялық себептерге жатады: аңғалдық, ұмытшақтық, баяулық, ұқыпсыздық; еңбек жағдайына ағзаның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық, ерекшеліктерінің сәйкеспеуі; жүйке жүйесімен басқа мүшелердегі ауру сипаты бар функционалдық, өзгерістер; ұжымдағы психологиялық жағымсыз жағдайлар т.б.
Субъективті себептер - жүмысшының тәртіп бұзушылығы, еңбек қорғау нұсқауларын орындамау, алкогольдік, нашақорлық немесе ауру жағдайда болу.
Экономикалық себептер - жүмысшының жоғары өнімділікпен жалақыға қол жеткізуге талпыну, еңбек қорғау мәселелеріне немқұрайлы қарау, енбек жағдайын жақсарту жөніндегі шараларға қаржыны аз бөлу.

Зақымдану мен кәсіби ауруды талдау әдістері


Өндірістік зақым - жазатайым оқиғаның пайда болу заңдылықтарын анықтау және оның алдын-алу тиімді бойынша шаралар жасау үшін талданады.
Ол үшін келесі талдау әдістері қолданылады:

  • статистикалық

  • монографиялық

  • топографиялық

  • экономикалық

Бұл әдістердің әр қайсысы өзінің нақты тапсырмасын ғана шеше алады, бірақ өндірістік зақымға толық сипаттама бере алмайды.
Статистикалық әдіс жазатайым оқиғаны тергеу және жеке белгілері бойынша топтау кезінде толтырылатын Н 1 нысанындағы актіге жазылған мәліметтерді жалпылауға негізделген (жынысы, жасы, мамандығы, жұмыс өтілі, оқиға болған уақыт, жұмыс басталғаннан бергі уақыт, сондай-ақ зақымдаушы фактор бойынша, жазатайым оқиғаның себебі т.б.). Бұл әдіспен көрсетілген себептер бойынша зақымдануды негізгі белгілерімен бөліп анықтауға, өте қауіпті бөлімдермен жұмыс түрін айқындауға және зақымдануды алдын алуға тиісті шаралар дайындауға мүмкіндік береді
Статистикалық әдіспен талдау кезінде зақымданудың келесі салыстырмалы көрсеткіштерін (коэффициентін) анықтайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет