Монографиялық әдіс - жұмыс барысында пайда болатын қауіптілік пен зияндылықты анықтау үшін жұмыс орындарын, машиналарды, құралдарды, өндіріс бөлмелерін, технологиялық процестерді және өндірістік ортаны тағы басқаларды мұқият тексеруге арналған. Бұл әдіс өндірістік зақымдану себептерін терең түрде талдауға мүмкіндік береді, сондықтан оның нәтижелерін қауіпсіздік техниканың құралдарын жасауға пайдаланады
(нұсқау, ереже т.б.).
Топографиялық әдіс -жазатайым оқиғалардың пайда болу орындарын зерттеуге негізделген. Жеке бөлімшелердің жоспарында таңбалармен жұмыс орындарында жазатайым оқиға болған жерлерді белгілейді. Қай жерге көп таңбалар қойылса, сол жұмыс орны қауіпті деп есептеледі. Бұл сол жұмыс орындарында қауіпсіздікті көтеру үшін қажетті шараларды қолдануды көрсетеді.
Экономикалық әдіс - өндірістік зақымнан болған материалдық
шығынды анықтауға негізделген. Бұл үшін анықтайды:
Зақымдану мен кәсіби аурудан болған жалпы шығын деңгейін П:
П = С1 + С2 + ... + См (9) мұнда С1, С2 ..... См- жеке құрайтын шығындар:
С1 - өндірістік зақым мен кәсіби ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемнің көлемі: n
С1 = Σ 3Пdi x Dі (10)
i=1
мұнда 3ПDi - әрбір зардап шегушінің орташа еңбек ақысы, теңге/күн; Dі - әрбір зардап шегушінің еңбекке жарамсыздық күнінің саны.
С2 - жазатайым оқиға мен кәсіби ауру кезінде толық немесе жартылай еңбекке жарамдылығын жоғалтқанда төленетін төлемнің көлемі:
n
С2 = Σ Bi х Mi, (11)
i=1
мұнда Ві - әрбір зардап шегушіге төленетін, айлық төлемнің көлемі, теңге; Мі - әрбір зардап шегушіге төлем төленетін айдың саны.
С3 - жазатайым оқиға кезінде зардап шегушіге көмек көрсетуге кеткен шығын:
n
С2 = Σ 3Пчі х ti (12)
i=1
мұнда ЗПчі - зардап шегушіге көмек көрсеткен, әрбір жүмысшының орташа сағаттық енбек ақысы, теңге/сағ; tі - әрбір жүмысшының көмек көрсетуге кеткен уақыты, сағ. С4 - жазатайым оқиғаны тексеруге байланысты шығын: n
С4 = Σ 3ПDI х Di (13) i=1
мұнда ЗПDI- жазатайым оқиғаны тексеруге қатысқан, әрбір жүмысшының орташа еңбек ақысы, теңге/күн;
DРАС- әрбір адамның тексеруге кеткен, толық жұмыс күнінің саны.
С5 - уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтып, зақымданған және ауырған мамандарды ауыстыруға кеткен шығындар:
n
С5 = Σ 3ПДОПІ х DЗАМІ (14) i=1
мұнда 3ПДОПІ - зардап шегушілерді ауыстыруға тағайындалған әрбір маманға тоқтатылған қосымша еңбек ақының көлемі, теңге/күн.
DЗАМІ - ауыстырған күндер саны.
С6- бүлінген ғимарат, қондырғы және құрал саймандардың бағасы, С7- бүлінген ғимарат, қондырғы және құрал-саймандарды жөндеуге кеткен шығын:
n
С7 = Σ 3ПDІ х DPEMІ (15) i=1
мұнда 3ПDІ- жөндеу жұмыстарына қатысушы жүмысшылардың орташа еңбек ақысы, теңге/ күн;
DPEMІ- әрбір жүмысшының жөндеу жұмыстарына кеткен күндерінің саны.
С8 - зардап шегушілерді ауыстырған, жұмысқа жаңа тұрған жұмысшыларды оқыту немесе зардап шегушілердің біліктілігін көтеруге байланысты кеткен байланысты шығындар; С9 - зардап шегушілердің клиникалық емдеуге кеткен шығын:
C9 = aКЛ х DКЛ (16)
мұнда aКЛ- бір адамның, бір күнгі клиникалық емдеуінің орташа бағасы, теңге/күн;
DКЛ - зардап шегушінің емделген күндерінің толық саны. СІ0 - зардап шегушілердің амбулаториялық емделуге кеткен шығындары:
С10 = aam x m (17)
мұнда aam - поликлиникаға бір рет барудың орташа бағасы, теңге; m - зардап шегушінің поликлиникаға барған күндерінің саны.
С11,С12- еңбек үрдісінде зардап шегу нәтижесінде зақымданып және ауырып, уақытша еңбекке жарамсыздық, зақымдану салдарынан мүгедектік немесе қайтыс болу кезінде қосымша тамақтанудың болмауына байланысты шартты шығындар.
а) уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде:
n
С11 = Σ 3ПDІ х Di (18) i=1
мұнда 3ПDІ- әрбір зардап шегушінің орташа еңбек ақысы теңге/күн, Di- әрбір зардап шегушінің еңбекке жарамсыздық күндерінің саны б) мүгедек немесе қайтыс болған жағдайда: n
С12 = Σ 3ПMІ х 12K (T1 – τi), (19) i=1
мұнда ЗПМІ - әрбір зардап шегушінің орташа айлық еңбек ақысы, теңге/ай;
T1- зейнеткерлік жас (кәрлік бойынша); τi- зардап шегушінің жасы;
К - еңбекақы өсімін ескеретін, коэффициент (T – τ) жас, К=І,І; 12 - айлар саны.
С13 - зақым мен ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда зардап шегушіге төленетін зейнетақыға байланысты шығын:
n
С13 = Σ Пni х Mi , (20)
i=1
мұнда Пni- әрбір зардап шегушіге төленетін зейнетақының көлемі, теңге; Mi- зейнетақы төленетін айлар саны.
С14 - жазатайым оқиға кезінде қайтыс болып, асыраушысынан айрылғандарға төленетін зейнетақы шығыны:
n
С14 = Σ ПИi х Mi , (21)
i=1
мұнда ПИi- әрбір асыраушысынан айрылған адамға төленетін зейнетақы көлемі;
Mi- зейнетақы төленетін айлар саны.
ЭР- бір жүмысшыға келетін, экономикалық шығын көрсеткіші:
П
ЭР = -------- (22) Р
ЭN - әрбір зардап шегушіге келетін, экономикалық шығын көрсеткіші:
П
ЭN = -------- (23) N
Келтірілген және басқа да көрсеткіштер көмегімен зақымдану мен кәсіби аурудан болған шығын динамикасын кез келген уақыт (жыл, квартал, ай т.б.) аралығында талдауға болады Сонымен қатар экономикалық әдіспен енбек қорғау бойынша шаралардың ТИІМДІЛІГІН зерттейді. Енбек қауіпсіздігін ғылыми тұрғыдан болжау әдісі зақымданудың динамикасын ықтималды түрде бағалауға, жаңа өндірістік технологиялардың жағымсыз факторларын алдын ала болжауға, олар жөнінде қажетті қауіпсіздік шараларды анықтауға негізделген.