Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге зақымдануларын тексеру және есепке алу



бет7/21
Дата20.09.2022
өлшемі0,5 Mb.
#150117
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
2-практикалық-жұмыс-Енбек-қызметімен-байланысты-жазатайым-оқиғалар-мен-қызметкерлер-денсаулығының-

Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге зақымдануларын тексеру және есепке алу
ЕРЕЖ ЕСІ

1. Жалпы ережелер



  1. Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) жұмыс берушімен енбек қатынастарында тұратын қызметкерлер еңбек міндеттерін атқару процесінде ұшыраған жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды, улану және өзге де денсаулыққа зақым келу оқиғаларын тексерудің, ресімдеудің және тіркеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

  2. Ереженің күші, сондай-ақ мыналарға:

    1. кәсіби даярлық алып жүрген, сынақ мерзімін өтеп жүрген немесе жұмыс берушіде өзге де жолмен болашақ өндірістік қызметке дайындалып жүрген адамдарға;

    2. олар кәсіби тәжірибеден өту немесе жұмыс берушінің жұмысын орындау кезінде бастауыш кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын адамдарға;

    3. әскери қызметін өтеумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілерге;

    4. сот үкімі бойынша еңбекке тартылатын адамдарға;

    5. әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдерінің, әскерилендірілген күзеттің жеке құрамына, авариялардың, дүлей зілзала салдарларын жою жөніндегі, адамдардың өмірі мен мүлкін құтқару жөніндегі ерікті командалардың мүшелеріне қолданылады.

  3. Қызметкерлердің, олардың енбек қызметімен байланысты және уақытша бір және одан да көп күнге немесе тұрақты еңбекке жарамсыздығына не өліміне әкеліп соғатын, денсаулығына кез келген зақым келуі өндірістеп жазатайым оқиға ретінде к,аралды, ал оның мән жайы мен себептері осы Ережеге сәйкес тексеріледі 4. Себептеріне қарай:

    1. жұмыс уақытының басталар алдында немесе соңынан жұмыс орнын, өндірістік жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын және т.б. әзірлеу мен тәртіпке келтіру кезінде;

    2. жұмыс уақыты ішінде жұмыс орнында немесе іс-сапар уақытында не сол жерде болуы, еңбек немесе жұмыс берушінің не жұмысты ұйымдастырушының тапсырмасымен байланысты езге де міндеттерін атқарумен байланысты болған басқа жерде;

    3. қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі нәтижесінде;

    4. жұмыс уақытында, іс-әрекеті қызмет көрсететін объектілер арасында жүріп-тұрумен байланысты қызметкердің жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқанда;

    5. жұмыс берушінің көлігінде;

    6. жеке көлігінде, жұмыс берушінің оны кызмет сапарларында пайдалану құқығына жазбаша келісімі болса;

    7. жұмыс берушінің өкімі бойынша өзінін немесе басқа ұйымның аумағында болу кезеңіндегі, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау немесе жұмыс берушінің мүддесіне өзінін жеке бастамашылығы бойынша өзге де әрекеттер жасау кезінде;

    8. жұмыс орны немесе іссапар уақытында оның денесіне зақым келгенде не еңбек немесе қызмет міндеттерін атқару кезінде қызметкерді қасақана өлтірсе және осындай жағдайларда жарақаттары мен денсаулығына кетірілген өзге де зақымдар өндірістік (кәсіби) ретінде жіктеледі әрі ресімделеді.

Осы тізбе түпкілікті болып табылмайды және әрбір нақты оқиға кезінде оның өндіріспен байланысын комиссия тергеу барысында анықтайды.
Егер қызметкерге жазатайым оқиғаның нәтижесінде мертігу немесе жұмыс берушінің кінәсынан денсаулығына өзге де зақым келтірілсе, онда жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемақысының төлемі болмаса, оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық келісімдеріне көзделген тәртіппен және шарттармен өтеуге міндетті. 5. Тергеу барысында ақиқатты анықталған мынадай жағдайларды:

    1. зардап шегуші ез бетімен жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес жұмысты орындау кезінде;

    2. өзінің денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шегуші қылмыс жасаған кезде (соттың үкімімен анықталған);

    3. өндірістік факторлардың қауіпті және зиянды әсеріне қатыссыз зардап шегушінің денсаулығының кенет нашарлауы;

    4. жазатайым оқиғаға себепші болған алкогольдік мастық, күшті әсер ететін уландырғыш және нашақорлық заттарды пайдалану жағдайы қызметкерлердің өндірістегі жарақаттары мен өзге де зақымдары өндірістік (кәсіптік) ретінде рәсімделмейді.

6. Комиссия жазатайым оқиғаны тексеру кезінде жұмыс беруші оларға жүктелген функцияларды орындау жөніндегі енбек заңнамасының сақталуы үшін мемлекеттік бақылау органдарының өкілдеріне қажетті барлық жағдайларды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет