Н-1 нысанындағы актімен рәсімделген әрбір жазатайым оқиға, жазатайым оқиғалар мен өндірістегі өзге де денсаулық жарақаттарын тіркеу журналына (6-қосымша) және өндірістегі уақытша еңбекке жарамсыздық пен жарақат алу туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қолын қояды және белгіленген тәртіппен статистика орғандарына ұсынады.
Жұмыс беруші Н-1 нысанындағы актіге сәйкес еңбек жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органына тиісті мерзім ішінде ұйымда болған жазатайым оқиғалардың өсу қарқынының үдемелі қорытындысын белгіленген нысанға сәйкес мәліметтер беруге міндетті.
Егер жазатайым оқиға салдарынан болған уақытша енбекке жарамсыздық кезеңінде зардап шегуші қайтыс болса, жұмыс беруші ол туралы еңбек меминспекторына хабарлауға және тиісті кезеңдегі статистикалық есепке қажетті өзгерістер енгізуге міндетті.
Жұмыс берушілер жыл сайын жазатайым оқиғалардың себептеріне жан-жақты талдаулар жүргізуге, қажетті шаралар қабылдауға және оның нәтижелері туралы қызметкерлерге хабарлауға міндетті.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар өндірістік жарақаттану себептерін талдайды, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттейді және қорытындылайды, осы негізде тиісті ұсынымдар әзірлейді және оларды жұмыс берушілерге, қызметкерлер мен олардың жұмыс берушілеріне, қызметкерлер мен олардың өкілдеріне дүркін-дүркін хабар береді.
Аймақтар және республика бойынша жазатайым оқиғалар туралы статистикалық мәліметтер жыл сайын жариялануға жатады.
5. Қызметкерлердің жұмысқа баратын немесе жұмыстан келетін жолында ұшыраған жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алудың тәртібі Жұмысқа баратын және жұмыстан келегін жол бойында екі сағат ішінде болған, кемінде бір күн енбекке жарамдылығынан айрылуға душар еткен жазатайым оқиғалар тексеруге жатады. Бұл ретте қызметкердің еңбекке жарамдылығын жоғалтуы өндіріске байланыссыз болып саналады.
Жазатайым оқиғаны тексеруді жұмыс берушінің өкімімен құрылған, құрамында жұмыс берушінің, қызметкерлердің және кәсіподақтың өкілдері бар комиссия жазатайым оқиға фактісі туралы хабар алған сәттен бастап үш тәулік ішінде жүзеге асырады.
Тексеру нәтижесі бойынша Н-2 нысанындағы жұмысқа баратын немесе жұмыстан келетін жолда ұшыраған жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру актісі төрт данада (7 қосымша) жасалады, оған тексеру жүргізген комиссия мүшелері қол қояды, жұмыс беруші бекітеді және мөрмен куәландырады.
Н-2 нысанындағы актінің бір данасы еңбекке жарамсыздық парағымен, екіншісі тексеру материалымен бірге еңбекті қорғау қызметінде сақталады, үшіншісі зардап шегушінің қолына беріледі, төртіншісі қызметкерлердің өкілдеріне жіберіледі. Н-2 нысанындағы акт арнайы журналда тіркеледі және 5 жыл сақталады.