Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Мидың басқа учаскелерінің іс-әрекеті адамның бұл кезде әдетте түсініп болынбаған, өзінен-өзі жүріп отыратын деп аталатын іс-әрекетімен байланысты болады



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі130,33 Kb.
#91592
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
психология 8
Аттестация 800метод-1, Педагогика квалл тест 2020ж23 апреля 1 docx сұрақ жауабымен 1, Оттегі мен оның қолданылуы, Метод 1 - жж 2022-2023 о.ж, 1528955336099

Мидың басқа учаскелерінің іс-әрекеті адамның бұл кезде әдетте түсініп болынбаған, өзінен-өзі жүріп отыратын деп аталатын іс-әрекетімен байланысты болады.

Ми сыңарлары қыртысындағы қозу бір пунктте бекітіліп қалмайды, үнемі ауысып отырады. Бұл процесті Павлов бейнелеп былай деп жазды: «Егер бас сүйегінен көз өтіп кере алатын болсақ, егер үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы орны жарық болып тұрса, онда біз ойға шомған саналы адамда оның үлкен ми сыңарлары бойынша форма жағынан да, мөлшері жағынан да үнемі өзгеріп тұратын жарық дақтың ғажаптанарлық теріс кескінін, оның ми сыңарлары қалған басқа кеңістігінде едәуір көлеңкемен қоршалып тұрғанын керер едік».


Зейіннің пайда болуы үшін барлау рефлексі деп аталатынның маңызы зор. Ол — қоршаған ортаның қандай да болса өзгеруіне организмнің туа біткен реакциясы. Бұл рефлекс адамдарда да, жануарларда да болады. Бөлмеде сыбдыр естілді, мысық жүнін үрпитіп, қауіптене түсті де, дыбыс естілген жаққа қарай елеңдеп, құлағын тікті. Сабақта оқушылар мұғалімнің сөзін көңіл қоя тыңдап отыр. Бір кезде кластың есігі жайлап ашылды, әңгімеге берілген барлық оқушылардың да, мұғалімнің де беті еріксіз есік жаққа қарай бұрылды. Бұл рефлексті Павлов бейнелі түрде «немене?» деген рефлекс деп атады.
Кейде айналадағы ортада болатын болмашы өзгеріске қауіптене үрпию қабілеті болуының себебі — үлкен ми сыңарларында ретикулярлық формацияны үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі учаскелерімен жалғастырып жататын нерв жолдарының жүйесі болуында. Осы жүйемен жүріп отыратын нерв импульстері сигналдармен бірге сезім органдарынан шығып, ми қыртысын қоздырады, оны болады деп күтілетін кейінгі тітіркендіргіштерге көңіл аударуға дайын болу күйіне келтіреді. Сөйтіп, ретикулярлық формация анализаторлармен (сезім органдарымен) бірге, зейіннің бастапқы физиологиялық негізі болып табылатын барлау рефлекстің пайда болуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет