|
Зейін туралы Н.Н.Ланге тұжырымдары
|
бет | 3/7 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 130,33 Kb. | | #91592 |
| Байланысты: психология 8Зейін туралы Н.Н.Ланге тұжырымдары: 1.Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. 2.Зейін сана аумағының шектелуі болуынан туындайды. 3.Зейін көңіл – күй нәтижесі. 4.Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі. 5.Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. 6.Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшейуінің нәтижесі. 7.Жүйкелік тежелу теориясы.
П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады.
Ал Л. C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:
- процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т. б.) ретінде;
- күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
- тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|