ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындығы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Агрономия институты
«Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғарғы мектебі
5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ҚР АШМ АӨК МИК Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясынан 06.07.20-29.08.20ж аралығында өткен өндірістік практика ЕСЕБІ
Орындаған:Алтынбек А.А
Тексерген:Махсотов Г.Г
Орал-2020жыл
Мазмұны
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы туралы анықтама.
Өндірістен өтетін жердің географиялық және климаттық жағдайларын, ауа – райын сипаттау.
Өсімдік зиянкестерін есепке алу әдістері
Зиянкестерін алдын – алу және карантиндік іс – шаралар жасау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөртердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Мамандықтың мақсаты –еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Шет елдер мен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан дән, жеміс-жидек, жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, барлығын карантиндік тексеруден өткізу.
ҚР-н карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер зиянкестерінен, ауруларынан , арамшөптерінен қорғау үлкен маңызға ие. Карантиндік шаралар жүргізу арқылы көптеген шығынның алдын алып, өнімнің сапасын арттыру. Топырақ қабатын , өсімдік жамылғысын зерттеп, арамшөптер өсуін, зиянкестер таралуының алдын алу.
Өсімік карантині ауылшаруашылықта ең маңызды сала болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық – түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, бәсекелестік қабілеті мен сапа, баға рыногының қатаң сынына мүдірмей ауыл шаруашылық саласын өркендету болып табылады. Жалпы экологияның өзгеруіне байланысты да ауыл шаруашылық егістік пен бау – бақша, егін алқаптарында көптеген зиянды организмдердің кенеттен көбейіп кеткені баршаға мәлім.
Сонымен қатар басқа өлкелерден республикамызға өтіп жататын карантиндік аурулар, зиянды жәндіктер, арамшөптер қатары өсуде. Аса қауіпті зиянкес организмдер аграрлық өнеркәсіп бірлестіктері экономикасын анықтаудың бірден – бір факторы болып табылады. Егін алқаптарындағы фитосанитарлық жағдайды жақсату, жеміс ағаштарын аурулар мен зиянкестерден жаңа технологияға сәйкес интегралдық жүйеде қорғау кезек күттірмейтін мәселеге айналып отыр.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты: Өндірісті білікті деңгейге жеткізе алатындай табысты жұмыстар атқару, жұмыс қарқынын арттыру.
Өндірістік тәжірибенің міндеті:
Кәсіби шеберлікті меңгеру;
Ғылыми – зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру;
Зиянкестердің, ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен арамшөптерінің топтамаларын жинау, олардың зақымдалу және залалдану орындарын анықтау;
Ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдаған арамшөптер мен зиянкестерге қарсы шаралар қолдану.
Жан-жақты ақпарат алу мақсатында зиянды ағзалардың түр құрамын, таралуы мен дамуын; егістер мен көшеттердің дамуы мен күйін; экологиялық ахуалды сипаттайтын, зиянды және пайдалы ағзалардың мәдени дақылдармен өзара қатынастарын; жүргізіліп жатқан профилактикалық және қорғау шаралары мен олардың тиімділігін анықтайтын мәліметтерді жинау мен өңдеу ұйымдастырылған. Барлық дақылдардан тұрақты түсім алу үшін оңтайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету шаралары мен дұрыс шешімдерді қабылдау мүмкіндігі осы аталған ақпараттың толымдылығы мен уақытында берілуіне байланысты. Жиналатын деректерді өңдеген кезде қалыптасқан жағдай анықталып қана қоймай, сонымен қатар оның алдағы маусымдарда және көпжылдық жоспардағы өзгерістері болжамданады. Бұл өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғаудың және жоспарлаудың барлық шешімдерінің профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз етеді.
Негізгі бөлім
1.1 Мен Алтынбек Ақерке Айдарқызы 3 курс студенті «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша шілде айының 6 – жұлдызынан тамыз айының 29 – жұлдызына дейінгі аралықты Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясында» өткен болатынмын. Бұл инспекцияда карантин шаралары да өсімдік зиянкестерімен де күрес шаралары жүргізіледі. Практика уақытында инспекцияда карантин документтерін толтырдық және алқаптардағы бидай зиянкестерімен күрес шараларын орындадық және шегірткемен күрес шараларын орындадық.
1.2 Облыстың орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік жерінің аумағы 7,2 мың км2, облыс аумағының 6,1%-ын қамтиды. Тұрғыны 52,9 мың адам (2003ж). Аудан жерінде 52 елді мекен, 11 ауылдық округ бар. Орталығы — Шаян ауылы. Іргесі. 1928 ж. бұрынғы Шаян болысының негізінде Шаян ауданы болып қаланды. 1965 жылға дейін Шаян, 1996 жылға дейін Алғабас ауданы болып келді. Жері Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы жазықта жатыр. Оңтүстік-шығысын Боралдай жотасы, Үлкентұра тауы (1425 м) алып жатыр. Жер койнауынан полиметалл кені (Байжансай), әктас, құрылыс материалдары барланған. Климаты континентті. Қантар айындағы жылдық орташа температура — 4-6°С, шілде айында 25-25°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері жазық бөлігінде 250-300 мм, таулы өңірде 400-500 мм. Аудан аумағынан Шаян, Арыстанды, Бөген, Боралдай, Бестоғай, Сасық-өзен өзендері және олардың салалары Үлкен Бөген, Бала Бөген, Қошқарата, Құтырған т.б. ағып етеді. Қазақта Бәйдібек ауданы тұсында Шаян өзенінде Қапшағай бөгеті салынған. Аудан жерінде Арыстанды өзенінің бойында әйгілі Арыстанды -Қарабас желі соғады.
Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында боз жусан, баялып, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағанда Қаратау жусаны, нарғия т.б. шөптесіндер мен бұта аралас долана, тобылғы, жабайы алма, өрік: өзен бойларында тал, терек, жиде, қамыс өседі. Жануарлар дүниесінен тауда арқар, елік, қасқыр, жазығында коян, қарсақ, саршұнақ: құстардан кекілік, бөдене, көкек т.б. мекендейді.
Аудаңда жалпы білім беретін 54 мектеп (30 орта, 21 орталау), 2 музыка, өнер, спорт, кәсіптік — техникалық мектептері бар. Аудан тұрғындарына 5 мәдениет үйі, 22 клуб, 19 кітапхана, Шаян халық театры, «Шаттық» көркемөнерпаздар ұжымдары қызмет көрсетеді. 1935 жылдан аудандық «Алғабас» газеті шығады. Денсаулық сақтау мекемелерінен 10 аурухана, 5 емхана, 41 фельдшерлік-акушерлік пункт, сан.-эпидемиол. Ст., тубдиспансер жұмыс істейді. Аудан аймағы әулие, батырлар көп шыққан қасиетті жер. Көне тарихи мұралардан Домалақ ана, Бәйдібек ата, Қазата, Шақпақ ата, Қошкар ата, Бес ана, Зеріп, Сыланды ана кесенелері. Ғайып ата бесік бейіті, Теректі, Ақтас әулие, Ақмешіт, Жеті отау үңгірлері. 19-ғасырдың тарихи мұра ғимараты — Аппақ Ишан мешіті бар. Қазақ өнері мен мәдениетіне, әдебиетіне, ғылымына үлес қосқан академик, профессорлар: Ө.Жолдасбеков, Н.Төреқұлов, М.Үркімбаев, М.Құдайқұлов, К.Нәдіров, ақын-жазушылар: Е.Тұрысов, А.Нысаналин, Б.Бекетова, әнші Е.Әбілдаев т.б. осы өңірдің түлектері.
Климаты: Ауданның климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7 -9°С, оңтүстігінде -2 -4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25-29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм, тау алдында 300-500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Гидрографиясы: Аудан көлемінде үлкенді-кішілі 6 өзен бар. Аудан аумағында өзендер таулы аймақтардан бастау алады.
Өзендер: Шаян өзені-ұзындығы 39 километр, Арыстанды өзені-25 километр, Бөген өзені-27 километр, Боралдай өзені- 17 километр, Сасық өзені-39 километр және Құтырған Боралдай-33 километр. Жалпы ұзындығы 180 километр.
Бөгендер мен тоғандар:
"Қапшағай" су қоймасы, сиымдылығы 34 000 000 м3;
"Досан" су қоймасы, сиымдылығы 6 200 000 м3;
"Арыстанды" су қоймасы, сиымдылығы 5 000 000 м3;
Ауыл шаруашылығы:
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 539129 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 112345 гектар, оның ішінде суармалы егістік 11767 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 392 гектар, шабындық жерлер 27339 гектар, жайылымдық 387286 гектар.
Табиғаты:
Жері Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы жазықта жатыр. Оңтүстік-шығысын Боралдай жотасы, Үлкентұра тауы (1425 м) алып жатыр.
Шаян - Арыс өзені алабындағы өзен.
Түркістан облысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандары аумағынан ағады.
Қаратау жотасынан басталып, Түркістан каналына жетпей тартылып қалады. Майбұлақ, Шаян, Төрткүл ауылдары жанынан ағып өтеді. Одан кейін Бөген су қоймасынан тартылған арық арқылы қайтадан салаланып ағады. Төрткүл ауылы маңында суы жүзім, мақта, т.б. дәнді-дақылдар егуге кеңінен пайдаланылады.
Ұзындығы 138 км, су жиналу алқабы 1500 км2. Аңғары таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен коректенеді. Әрқайсысының ұзындығы 10 км шамасында 90 саласы бар. Көктемде қатты ағын болып, кейде тамызда бір-екі апта иірімдерге бөлініп қалады. Көп жылдық орташа су шығыны Майбұлақ ауылы тұсында 1,93 м3/сек. Археология деректер Шаян өзені алқабын адам баласы палеолит дәуірінен бастап мекен етіп келе жатқандығын айқындап берді.
Топырақ құнарлығы аз болғандықтан, суарған кезде азоттың фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн.га, яғни республика территориясының 44% — на жуық. Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені, осы жердің ыстығына бейім сорланған топырақта өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде әсіресе қаракөл қойлары, “шөл кемесі” атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып, мол өнімдер береді. Дегенмен, осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау – бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі, қоғам үшін шөлдер қоғамға шөл күйінде қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екінші жері көл болып бірін – бірі толықтыратын, бірін – бірі теңгеретін заңдылық бар. Тығыз, әлсіз аэризацияланатын топырақтар өсімдіктің физиологиялық солуына (хлорлы тұздардың шектік концентрациясы 0,015%, ал күкірт қышқылы тұздарына 0,02%), тұздардың одан жоғарылығы өсімдік өсуіне, дамуына және жемісінің химиялық құрамына кері әсерін тигізеді. Күшті тұзданған топырақтар алдымен шаюды қажет етеді. Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз, ылғалдану коэффициенті 0,1 – 0,05-ке дейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80 – 150 мм-дей.Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170 – 220 күнге жетеді. Күннің бұлтсыз, ыстық 10 градустан жоғары болатын температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктеммен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан, өсімдік тіршілігінде 2 биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер табиғаттың осындай қысымшылдығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан олардың топырақта қалдыратын қалдықтары мардымсыз. Сондықтан, топырақта қарашірік аз. Оның мөлшері топырақтың беткі қабатында небары 1 – 1,5 % . Осының салдарынан топырақтың түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр – құба топырақтар, орталық шөл. сонымен қатар, 2 зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үгілме құмдар және сорланған жерлерде көптеп кездеседі.Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты: 1) рН 6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері); 2) рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер); 3) рН 7,0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер (аққурай). Аймақ негізінен шөл жайылымына қолайлы. Мұнде тек суармалы егістіктен ғана өнім алады. Өзен бойларында орналасқан тақыр түстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы.
Өсімдіктердің, жануарлардың климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Топырақ - бұл Жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты. Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады. Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде катысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды. Топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Құрылымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топырақ қызады, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді.
Орталық аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүсттікке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлшері 3 — 4%-дай. Аумағы 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды.
Алдын ала жүргізілетін сақтандыру шараларының басты мақсаты – арам шөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарының таралу жолдарына тосқауыл қою.
Арамшөптерді биологиялық әдіспен жою. Қоршаған ортаны әр түрлі препараттармен ластамай табиғатты қорғау үшін қолданылады.
Мәдени өсімдіктердің ерекшелігі мен арам шөптердің түрлеріне байланысты биологиялық әдістің әр түрлі әдісі қолданылады. Олардың ішіндегі бастылары мыналар;
Насекомдар мен жұмыр құрттарды қолдану. Мысалы, қызыл кекіреге қарсы кекіре жұмыр құртын, арамсояуға-бізтұмсықты, қалуенге-жапырақ кеміруші қоңыздың личинкасын қолданады. Күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шіркейін қолдану-оның тұқымының өнімін 70 процентке дейін кемітеді. Жусан жапырақты ойран шөпке қарсы ойран шөп көбелегін қолданады.
Арам шөптердің вегетативтік және генеративтік органдарын зақымдау мақсатымен фитопатогендік микроорганизмдерді қолданады. Мысалы, альтернария саңырауқұлағының споралары дала арамсояуының сабағына түссе тез өсіп, көбейіп аталған паразиттік арам шөпті екі аптаның ішінде жойып жібереді. Қызыл кекіреге қарсы кекіре тот ауруын пайдаланады.
Қорыта айтқанда, арам шөптермен биологиялық әдіс арқылы күресу- болашағы зор шаралардың бірі.
1.3 Ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын есептеу тәсілдері және болжау.
Өсімдік ауруларының дамуын болжау. Өсімдік ауруларымен күресу шараларын дер кезінде ұйымдастыру үшін, олардың дамуын алдын ала болжау қажет. Осыған байланысты қысқа мерзімдік, ұзақ және көп жылдық болжаулар жасалынады. Өсімдік ауруларының дамуын болжау фенологиялық және биометерологиялық әдістерге негізделеді. Бұлардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Себебі, өсімдіктердің фенологиясы да ауа райы ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Көпшілік жағдайда аурудың дамуы өсімдіктердің алғашқы залалдануынан түзілетін спора мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар, аурудың инкубациялық мерзімі, споралардың жаңа ұрпақтарының түзілуі және қарқындылығы есепке алынады.
Қысқа мерзімдік болжау. Белгілі бір өсімдік ауруының таралуы мен дамуын болжау үшін төменде келтірілген факторларды жете білу қажет.
Біріншіден, ауру қоздырғышының биологиялық және экологиялық ерекшеліктері, әсіресе инфекцияның табиғатта сақталу және таралу жолдары.
Екіншіден, өсімдіктердің өсу кезеңіндегі ауа райы жағдайы фитопатоген спораларының өніп, өсімдікті залалдап, аурудың дамуына қолайлы ма, немесе қолайсыз ба? Бұл үшін онкүндік немесе айлық метерологиялық болжау болуы шарт.
Үшіншіден, мәдени дақылдардың фенологиясы, егілетін сорттардың ауруға беріктігі немесе бейімділігі және оның өзгеруіне агротехникалық шаралардың әсері.
Ұзақ мерзімді және көпжылдық болжау. Өсімдік ауруларының дамуын алдын-ала бірнеше ай бұрын болжауға болады. Бұл үшін қыстап шыққан инфекция қорын анықтап, ауа райы жағдайы олардың таралып, өсімдіктерді залалдауына қолайлы ма, немесе қолайсыз ба, осыны нақты білу қажет. Мәдени дақылдардың фитосанитарлық жағдайына нақты сипаттама беру үшін аурудың таралуы немесе кездесу жиілігі мен оның даму қарқындылығы яғни екпінділігі анықталады. Демек, өсімдіктердің өсу, әсіресе ауруға бейімділігі артатын кезеңдерде бақылау жүргізіліп отыруы қажет. Бұл үшін алдын-ала тұрақты танаптар немесе бақылау жүргізілетін алаңдар белгіленіп, олар бойынша төмендегі мәліметтер жиналады:
тұрақжайдың аты, танаптың нөмірі, географиялық координаттары;
топырақ түрі, оның механикалық құрамы және т.б. көрсеткіштері;
алғы дақыл, минералдық және органикалық тыңайтқыш- тардың қолданылуы;
қолданылған агротехникалық шаралар, себу мерзімі мен мөлшері, суғарылуы;
дақылдың сорты, көпжылдық өсімдіктердің отырғызылған мерзімі немесе жасы;
қолданылған пестицидтер, мөлшері, мерзімі және жиілігі;
дақылдың түсімділігі.
Мәдени дақылдардың өсу фенологиясының негізгі кезеңдері бойынша таралған ауру түрлері және олардың дамуы, күтілетін шығын мөлшері анықталады. Аурудың таралуы танаптағы оған шалдыққан өсімдіктер санымен сипатталады, даму қарқынын анықтау үшін арнайы шкалалар пайдаланылады. Аурудың таралуы (Т) төменде келтірілген формула арқылы есептеліп, пайызбен көрсетіледі. Т = n x 100 / N, N – тексеруге алынған немесе қаралған өсімдіктер саны; n – ауруға шалдыққан өсімдіктер саны.
Егер бақылау бірнеше танаптарда немесе шаруашылықтарда жүргізілсе, аурудың орта есеппен алғандағы таралуы (Торт.) пайызбен төмендегі формула арқылы анықталады:
Торт = ∑ SP/S ∑ SP – аурудың таралуы мен тексерілген егіс көлемімен көбейтіндісі; S - тексерілген егіс көлемі, га.
Аурудың даму дәрежесі немесе екпінділігі (R), арнайы балдық шкалалар арқылы төмендегі формула арқылы анықталады:
R = ∑ab/KN ∑ ab - әр балл бойынша ауруға шалдыққан өсімдіктер санының сол балға көбейтіндісі; N - үлгідегі өсімдіктер саны; K - шкаланың ең жоғарғы балы.
Мәдени дақылдардың жапырақтары мен сабақтарындағы және жеміс мүшелеріндегі дақтардың немесе теңбілдердің, тат пустулаларының, ақ ұнтақ және т.б. аурулар мөлшерінің пайызға шаққандағы көлемі арнайы шкалалармен анықталып, олардың орташа арифметикалық мәні есептеледі. Аурулардың таралуы мен даму қарқынын жалпы сипаттау үшін көпшілік жағдайда төменде келтірілген шкала қолданылады:
0 – ауру кездеспейді;
1 балл - бірен-саран өсімдіктерде, немесе олардың жеке мүшелерінде ауру белгісі байқалады;
2 балл - өсімдіктер ауруға орташа дәрежеде шалдыққан, қатты залалданған мүшелер байқалмайды;
3 балл - өсімдіктер ауруға орташа, ал кейбір мүшелер қатты шалдыққан;
4 балл - өсімдіктер ауруға қатты шалдыққан, апат болуы да байқалады. Егілетін дақылдарға және кездесетін ауру түрлеріне байланысты оларға фитосанитарлық тұрғыдан баға берудің біраз ерекшеліктері бар.
Бидай (лат. Triticum) – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.
Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы – өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» – будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.
Жұмсақ бидайдың (triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-тей ақуыз болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық, Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі.
Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% ақуыз бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады.
Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арам шөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртылады. Оңтүстіктегі суармалы сұр топырақты аудандарда күздік бидай егілетін
Қаптағы бидай
жер аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған.
Бидай сұрыптаумен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына қарасты Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, ҚазМУ, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, аймақтық тәжірибе станциялары шұғылданады. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады.
Қара өрік (Armeniaca dasycarpa) — жемісінің түсі қара-көк немесе қара-күрең, дәмі қышқылдау болады. Қара өрік — биіктігі 5—12 м, құрамында 17%- дай қант, 0,4—1,4% органикалық қышқыл, каротин, С витамині бар, жемісі сүйекті. Жеуге жарамды, жемісінен тосап, джем, повидло, шырынсу, маринад дайындалады, ал дәнінің құрамында 30%-ға дейін май бар. Жемісінен шарап алынады.[1]
Барлық жерде дерлік өседі. Оның солтүстік жартышардың қоңыр салқын ендігінде 32 түрі, ал КСРО-да 7 түрі — шомырт, алша, үй өрігі, уссурийлік, Симон өрігі, үйеңкі өрігі, Қазақстанда жабайы 4 түрі (оның бәрі қолдан отырғызылады) кездеседі. Өнеркәсіптік ең маңыздылары — үй өрігі немесе кәдімгі өрік. Сондай-ақ қара өрік сорттарының ішінде венгерка, ренклод, жұмыртқа өрік, қара-көк өрік және мирабели сияқты түрлері ерекше белгілі. Алша және уссурийлік өріктердің де шаруашылықтық маңызы зор. Көп аудандарда жабайы өрік — шомырт кең тараған. Өрік құрамында 21% қант, органикалық қышқылдар, азоттық және пектиндік заттар, витаминдер (Ві Вг С, каротин т. б.), минералдық тұздар бар. Өріктің әр түрлі сорттары орталық ендікте тамыздың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін, оңтүстікте — шілденің басынан қазанның аяғына дейін пісіп жетіледі. Өріктің барлық сорттарын (ренклодтан басқа) әбден пісіп-жетілгенде жинап алады. Ренклодты шала піскенде жинайды. Температура 0˚С градус шамасында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95% кезінде ерікті 2—3 апта сақтауға болады.
Қорытынды
Оқу тәжірибесін өту кезінде әртүрлі фитоценоздың өсімдіктерімен, астық дақылдарының зиянкестерімен және олармен күресумен, өсімдіктердің өсу және даму ерекшеліктерімен, ауыспалы егіс сызбасымен, дайындау технологиясымен, өсімдік ауруларының түрлерімен және даму ерекшеліктерімен, танаптағы арамшөптер ассациясымен, құрал – жабдықтармен таныстық. Химиялық препараттарды қолдану әдіс- тәсілдерін үйрендік. Топырақты құнарландыра отырып, сапалы өнім алуды үйрендік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ Энциклопедиясы
Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.
Экология (оқулық) - Алматы, 2008
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу -әдістемелік кешені, Дәнді-дақылдар: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |