217
Үшінші әдіс. Коллоидты алтынның 10 мл ерітіндісінің рН-ын 9-ға калий карбонаты-
мен жеткізілді. 10 мм Tris-HCl буферіндегі антиденелер (ПКА және Protein A) мен БСА
ерітінділері тамшылатып қосылды. Инкубациядан кейін 30 минут ішінде алынған конъ-
югатты байланыспаған антиденелерден үш рет 10 000 айн/мин центрифугалау арқылы
тазарту жүргізілді.Тұнба 1% БСА қосылған Tris-HCl буферімен қайта ерітіледі.
Жасалған конъюгаттардың белсенділігін нитроцеллюлоза мембранасында (НЦМ)
ИФТ «нүктелік» қойылымы арқылы тексерілді. Трихинеллездің антигені нитроцеллю-
лоза мембранасының жолақтарына 1:1 сұйылтудан бастап фосфатты тұз ерітіндісіде
(ФТЕ) титрленіп 1 мкл мөлшерінде енгізілді. Бейспецификалық адсорбция болдырмау
мақсатында, НЦМ 1%-ды БҚС көмегімен бекітілді. Реакцияның әр сатысында НЦМ
жолақшалары Tween-20 қосылған ФТЕ буферінде 3 рет жуылды. Реакцияның келесі са-
тысында дайындалған конъюгат ерітінділері енгізіліп, 15 минут бойы термостатта инку-
бацияланды. Реакция нәтижелері визуалды түрде бағаланды. Нәтижесінде үшінші әдіс
боыйнша жасалған конъюгат трихинелла антигенімен жақсы байланысты және оның
титрі 1:8 – 1:16 қатынсаында болды. Ал бірінші және екінші әдіс бойынша әзірленген
конъюгаттардың антигенмен байланысу титрі төмен (1:1 – 1:2) болды.
Жасалған жұмыстардың нәтижесінде поликлоналды антидене мен коллойдты алтын
нанобөлшектерінің конъгация параметрлерін оңтайландырылды және конъюгаттардың
қажетті мөлшері алынды. Конъюгат әзрлеу үшін қолданылған Protein A оңтайлы концен-
трациясы 5 мкг/мл құрады, ал ПКА – 0,1 мг/мл. Көрсетілген деңгейден антиденелерді
көп енгізу фондық сигналдың пайда болуына әкеледі. Осылайша, трихинеллезге телімді
антиденелер мен коллоидты алтын нанобөлшектерінің конъюгаты дайындалды және
алынған конъюгаттар трихинеллез індетін балау үшін иммунохроматографиялық тест
құрастыруда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: