212
1-ші суретте көрсетілгендей, қызылмен белгіленген аймақ тура-праймердің кіші
суббірлікте 1010-1033 жұп нуклеотидтер, рибосомалық РНҚ-ның үлкен суббірлігінде
1655-1678 жұп нуклеотидтер аралығын қамтиды. Таңдалған аймақ праймерлерді
қоспағанда трихинеллалардың әр түрі үшін айтарлықтай ерекшеленеді, сол арқылы
праймерлерді әмбебап қолдануға мүмкіндік береді.
Әртүрлі онлайн-бағдарламалардың көмегімен праймерлер шпилькалар мен
димерлердің пайда болмауына тексерілді. Екі праймердің балқу температурасы, G/C
және A/T азотты негіздерінің % - ы анықталды.
2 - сурет – Праймерлердің генотипке сәйкестігін тексеру:
а-тікелей праймер; б-кері праймер
1 - кесте. Жасалған праймерлердің сипаттамасы
№
Праймер
атауы
Нуклеотидтік тізбек 3'→5'
Ген атауы
Балқу
темпера-
турасы, ºС
Азотты
негіздердің
%
көрсеткіші
1 Trich_Seq_F ATGGTTAGGTGAGATATTGCCTG
ssrRNA
52
43
2 Trich_Seq_R TTACAATGTTTTTATTAAACAGTA
lsrRNA
53
17
Екі праймер үшін де оңтайлы балқу температурасы анықталды-53℃. Тура-праймердегі
G/C негіздерінің мазмұны – 17%, кері-праймерде – 43% құрайды. Алынатын ПТР өнімнің
мөлшері 669 ж.н.
Осылайша, биоинформатикалық әдістерді қолдана отырып,
Trichinella spp.
секве-
нирлеу және одан әрі түрлерді анықтау үшін әмбебап праймерлердің дизайны жасалды.
Праймерлер рибосомалық РНҚ-ның кіші және үлкен суббірліктерінің аймағын қамтиды.
Зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім
министрілігі қаржыландыратын № AP14870972 «
Trichinella spp
. рекомбинант-
ты антигеніне негізделген иммуноферментті тест жүйесін әзірлеу» ғылыми жоба
тақырыбы аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
Ауылшаруашылық биотехнологиясының ғылыми-зерттеу платформасында жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: