2.2 Өндірілетін өсімдік майларының ассортименті
Май өндіругe арналған шикізат (күнбағыc, рапc, зығыр, мақcары тұқымдары) қаптарда жeкe үй-жайда cақталады. Тұқымдарды cақтау шарттары oлардың cапаcын нашарлатпай cақтауға мүмкіндік бeрeді.
Цeх шығарылатын өсімдік майларының ассортименті:
"Күнбағыc майы" - күнбағыc тұқымынан
"Рапc майы" - рапc тұқымынан
"Зығыр майы" - льян тұқымынан
"Мақcары майы" - мақcары тұқымынан
"Соя майы" – соя тұқымынан.
Күнбағыс майы – күнбағыс дәндерін сығымдау немесе экстрактілеу арқылы алады. Тазалау әдісіне байланысты ол рафинадталған, гидратталған, рафинадталмаған болып бөлінеді. Гидратталған және рафинадталмаған майды жоғары, I және IІ сұрыпқа бөледі. Рафинадталған май сұрыпқа бөлінбейді.
Рапс майы – қара рапс тұқымынан алынатын өсімдік майы. Рапстың төмен эрукты (эрукты қышқылдың мөлшері 0,5% дейін) немесе эрукты емес (эрукты қышқылдың мөлшері 0,2% дейін) сорттарынан өндіріледі. Адам ағзасына пайдалы майлы қанықпаған қышқылдардың ең бай көзі. МЕМСТ бойынша бұл үлес 2% - дан аспауы керек.
Мақсары майы – мақсары (Carthamus tinctorius) тұқымынан алынатын өсімдік майы.Түсі қою сарыдан қою жасылға дейін, гүлді-жаңғақ дәмі мен аздап ащы дәмге ие , жеңіл хош иісті , табиғи өсімдік майы. Тазартылған тұқымдардан алынған май тағамдық мақсатта қолданылады.
Соя майы – алдын ала өңделген соя дәндерінен сығымдалып немесе экстрактіленіп алынатын май. Рафинадталған, гидратталған және рафинадталмаған түрлері шығарылады. Гидрадтталған және рафинадталмаған май І және ІІ сұрыпқа бөлінеді.
Зығыр майы – зығыр дәнін сығымдау арқылы алынады. Оның майы мөлдір, сары түсті, иіссіз болады. Қаныққан май қышқылдарының мөлшері 60-80%, оның 30-60%-ы линоль қышқылы. Тамақ әзірлеу үшін зығыр майын қыздырмай–ақ қолдануға болады. Оны ұзақ сақтаса және қыздырса тез тотығады және тұтқырланады, сондай-ақ ондағы май қышқылдары химиялық реакцияға ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |