6
Қылмыстардың басым көпшілігі пайдакүнемдік мақсатта жасалады,
кәмелетке толмағандардың мүліктік қылмыстарының үлесі 91%-ды құрайды.
Кәмелет жасқа толмағандармен негізінен ұрлық (1606/1415), тонау (145/507),
алаяқтық (103/134) және бұзақылық (258/317) жасалады екен.
Бұған итермелейтін себептер – ол кәмелет жасына толмағандардың
жұмыссыз қалуы, оларды жұмысқа тұрғызу мәселесінің тисінше шешілмеуі,өзі
ұнататын еңбекпен айналыспау, бос уақытты мазмұнды пайдаланбауы. Мұның
бәрі, әлбетте олардың қылмыстық жолға баруына едәуір ықпал етеді.
Қалыптасып отырған жағдай кәмелетке толмағандарды қылмысқа
итермелейтін факторлар мен жағдайлардың зерделеу керектігін, оның алдын
алу субъектілерін айқындап, тиісті шараларды қарастыруға мұқтаждықты
тудырады.
Кәмелетке
толмаған
адамдардың
қылмыстылығы
жалпы
қылмыстылықтың аса қауіпті түрі, себебі ол өскелең ұрпақтың келешегіне
балта шабатын іс-әрекеттердің бірі. Қылмыстық құқықта ол күні бүгінге дейін
өзекті мәселелер қатарында.
Кәмелетке толмаған адамдар қылмыстық құқық бұзушылықтарды
жасаушылық мәселесі өзінің күрделілігіне байланысты әрқашан терең ғылыми-
тәжірибелік зерттеулерді қажет ететін саласы. Австриялық заңгер Франц Лист
осыдан жүз жылдай бұрын Петербурге халықаралық пенитенциарлық съездте
айтып кеткеніндей қылмыстық саясаттың екі өзекті мәселелері бар, оларды
ешқашан ұмытпау керек: қайталанушылармен күрес және кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығын болдырмау.
Кәмелетке толмаған адамдар қылмыстық құқық бұзушылықтарды
жасаушылықтың қоғамдық қауіптілігі кәмелетке толмаған тұлғалар жасаған
қылмыстық құқықбұзушылықтардың қоғамға, мемлекетке және жекелеген
адамдарға келтіретін зардабының дәрежесі жоғары болады. Олар кейін басқа
адамдарды да қылмыс жасауға тартады. Диссертациялық жұмыс тақырыбының
өзектілігі де осыған байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: