2.3. «Almaty Bike» жүйесі
«Almaty Bike» – қаладағы автоматтандырылған велосипедті жалға алу жүйесі. «Самрук-Қазына» АӨК-нің және Алматы қаласының әкімшілігінің қалалық велосипед спорты мен веложолдық инфрақұрылымын дамыту саласындағы жобасы.
Жобаның мақсаты - автомобиль мен қоғамдық көлікке балама жасау, қала тұрғындары мен туристерге қатынауға қолжетімді көлік ұсыну. Бұл жоба Қазақстанның 3 қаласында жүзеге асырылуда: Астана, Алматы және Шымкент.
Алғашқы станциялар қаланың орталық көшелерінде орнатылған, 270 велосипедке арналған 50 станция жұмыс жасайды. Бұл – қаланың экологиясын жақсартып, автокөлік қозғалысының интенсивтілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асырудың екінші кезеңінде велосипедтер санын 1730 – ға дейін, ал станциялардың санын 200 – ге дейн арттыру жоспарланып отыр. Ал үшінші кезеңінде велосипедтер санын 2410 – ға дейін, ал станциялардың санын 300 – ге дейін арттыру жоспарланып отыр.
«Almaty Bike» велосипедтері – бұл жаңа үлгідегі машиналар, заманауи және қауіпсіз. Олардың барлығында 3 жылдамдық, бірегей өлшем болады және әйелдерге де, ерлерге де пайдалануға болады. Орындығын биіктігі бойынша реттеуге болады. Велосипедтер фарлармен және жарық шағылдырғыштармен, ластан қорғайтын қалқандармен, жеке заттарға арналған кәрзеңкемен және басқа қажетті заттармен жасақталған. Велосипедті жақын тұрған «Almaty Bike» жалға алу пунктінде алуға болады, ал сізге қолайлы кез-келген пунктте қайтаруға болады. Велосипедтерді жалға беру жүйесіне тәулігіне 24 сағат қол жетімді. Велосипедті жалға алу екі жолмен жүзеге асады:
1. Клубты картаны сатып алу арқылы;
2. СМС арқылы.
Алдымен клубты карта арқылы пайдалануға тоқталайық:
БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
ҚАДАМ 1
ТІРКЕЛУ
ҚАДАМ 2
ВЕЛОСИПЕДТІ АЛУ
ҚАДАМ 3
ҚАЙТАРУ
Клубтық карталар Алматы қаласында екі сауда орталықтарында сатылады. Олар Променад және Тигрохауд сауда орталықтары. Егер сіз негізгі көлік ретінде велосипедті таңдаған болсаңыз, онда велосипедті жалға алу үшін осы сауда орталықтарынан клубтық картаны 11500 тенгеге сатып алу керек және картаны міндетті бітпейтін қалдық самасы 500 теңгеге толтыру керек.
Ал СМС арқылы пайдалану үшін сіз www.almatybike сайтында тіркеліп, озіңіздің жеке банктік картаңыздың нөмерін көрсетуіңіз керек және сол картада велосипедке кепіл ретінде кем тегенде 38000 теңге ақша болуы тиіс. Бұл сома 7-10 күн шамасында бұғатталады.
Тарифтер:
Достарыңызбен бөлісу: |