Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Алматы қалалық білім басқармасы


Алматы қаласының экологиялық проблемасы



бет4/11
Дата24.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#104753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
гылыми жоба

2.1. Алматы қаласының экологиялық проблемасы

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңдағы басты экологиялық проблемалардың бірі – көліктен шыққан улы газдардың салдарынан ауаның ластануы.

Алматы қаласы 2013 жылғы Казгидрометтің бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан. Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі – автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады. Осындай мәселерді шешу үшін қала басшылығы тарапынан, тіпті мемлекеттік деңгейде көптеген шаралар ұйымдастырылып, түрлі топтар құрылып, бір мақсатта жұмыс атқарып жатқандары белгілі.

Тұрғындардың неғұрлым жайлы тұрмысын қамтамасыз ету үшін қала басшылығының жоспарлары өте көп. Осындай мәселелерді шешу үшін қаланың экс әкімі Ахметжан Есімовтың арнайы шақырылуымен Дат мемлекетінен келген қалалар дизайны бойынша кеңесші Ян Гейлдің айтуынша: «Алматы – жасыл желекке оранған, шынымен көрікті қала екен. Көшелері кең, мұнда жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар жасауға, велосипед жолдарын салуға трамвай жолдары мен автомобиль жолдарын салуға мүмкіндік мол. Қала көшелеріндегі жүйесіздікті бүгіннен бастап қолға алмаса, алдағы уақытта Алматы – ешкім де баратын жеріне ешқашан жете алмайтын қалаға айналуы мүмкін».

Бұл мәселе тек біздің ғана қалаға қатысты жәйт емес. Мұндай көрініс әлемнің көптеген қалаларында бар. Мәселен, жүз жылдық тарихы бар Копенгаген қаласын алсақ, олар да қала құрылысын өзгерту үшін көптеген белестерден өтті. Бұрынғы ортағасырлық сәулетін сақтай отырып, адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен жасауға бет бұрды. Деректерге сүйенсек, қазіргі таңда Копенгагенде үлкен супермаркеттер жоқтың қасы, есесіне жаяу жүргіншілер жолы, велосипед жолы мен саябақтар көп.

Әсіресе, велосипедті қолдану үрдісі Батыс елдерінде кеңінен дамыған. Бұл ретте қаладағы көлік кептелісін болдырмаудың бірден - бір себебі ретінде атқарар қызметі орасан зор. Еуропадағы велосипеді ең көп ел - Дания. Олардың бір адамы жыл сайын орта есеппен 893 шақырым жол жүреді екен. Бүкіл ел жұмысына да, дүкенге де велосипедпен барады. Халық көшеде әдемі костюмімен, сәнді көйлегімен де велосипед теуіп жүре береді. Яғни, велосипед балалар үшін де, үлкендер үшін де негізгі қажеттілік болып саналады. Скандинавиялықтар шайтанарбаны экологиялық жағынан да тиімді, әрі денсаулыққа пайдалы деп есептейді. Нидерландықтардың велосипедпен жүруіне мемлекет аса мән береді екен. Онда көліктің бұл түріне арналған 15000 шақырым жол бар. Ал Қытай Халық Республикасында 245 велосипедке 1 автокөлік тиесілі. Бұл мемлекетте барлық сапарлардың жартысынан көбі велосипедтерде өтеді. Ұлыбританияның бай тұрғындары велосипедті қоғамдағы кедейлерден 3 есе артық қолданады екен.

Велосипед тебу - денсаулыққа пайдалы. Бұл - көлік кептелісінің не екенін де ұмыттырып, алыс жерлерге әлдеқайда тез апаратындығымен де құнды. Автокөлікте сағаттап отырып жүйкеңізді жұқартқанша, баратын жеріңе еш кедер­гісіз жетудің бірден-бір жолы да осы велосипедтің құзы­рында емес пе?!

Егер біз велосипедті өзімізге тұрақты серік ететін болсақ,  біздің Алматы эколо­гиялық таза қалаға айналуға бір қадам жақындар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет