Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Кесте-3. Сынып жетекшісінің іс-әрекеті



Pdf көрінісі
бет118/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Кесте-3. Сынып жетекшісінің іс-әрекеті
Әрекеттің негізгі 
бағыттары 
Міндеттері 
Міндеттерді жүзеге 
асыру құралдары 

Оқушылардың
қарым-қатынасын, 
бір-бірімен тілдесуін, 
сыныптағы әрекетін 
зерттеу 

Сынып 
қауымдастығының 
тіршілік 
әрекетін, 
келешегін, 
мақсат, 
міндеттерін жобалау, 
бағытын анықтау 

Сыныпты 
ұжым 
ретінде 
қалыптастырудағы, 
топтастырудағы, 
дамуға қолайлы орта 
құрудағы 
біріккен 
әрекет
 

Оқушылардың 
қызығушылығын, 
қажеттілігін, икемділігін, 
басқа да 
жеке 
ерекшеліктерін зерттеу 

Сыныптың ұжым ретінде 
қалыптасу 
деңгейін,
бір-бірімен қалыптасқан 
өзара 
қарым-қатынас 
жағдайын анықтау 

Сыныптың 
жалпы 
тіршілігіне қатысы бар 
ата-аналардың, басқа да 
адамдардың тәрбиелеу 
мүмкіндіктерін анықтау 

Тәрбие 
жұмысының 
әсерін, 
тиімділігін 
анықтау 

Сынып 
ішіндегі 
күнделікті 
әрекетті, 
тіршілікті 
оқушыларға 
жағымды 
етіп 
ұйымдастыру 
арқылы 
сынып 
бейнесін 
қалыптастыру 

Сынып 
ұжымының 
дамуында 
қоршаған 
ортаның жағымды әсер 
ету мүмкіндіктерін
анықтау 

Сыныптың 
ішінде 
эмоционалдық- 
психологиялық
жағымды 
ортаның 
қалыптасуына атсалысу 

Сауалнама, танымдық дамыту 
ойындары, 
қоғамдық 
белсенділігін, шараларға қатысу 
себебін 
зерттеу 
әдісмемесі, 
қызығушылығы мен әуестігінің 
картасын құру 

Танысу, 
өзінің 
қабілетін, 
мүмкіндігін ашуға бағытталған 
сынып сағаттары 

Социометрия әдісі арқылы сынып 
белсенділері 
мен 
қамтылмай 
қалған оқушыларды, сыныптың 
ұжым ретінде қалыптасу деңгейін 
анықтау 

Сыныптың 
шығармашылық 
бірлескен әрекеттері (мерекелер, 
қойылым дайындау және т.б.) 

Тест, 
сауалнама 
арқылы 
оқушылар мен ата-аналардың 
сыныптың тәрбие жұмысымен 
қанағаттану деңгейін анықтау 

Оқушыларды 
ұйымдастыру,
іс-әрекетке 
баулу 
ойындары. 
Ұжымдық-шығармашылық шара 

Қызығушылық, 
әуестікті 
дамытатын ойындар. Ата-аналар 
жиналысы «Мектеп + отбасы + 
балалар = ?», Сыныптың ережесін 
қабылдау, рейтинг көрсеткіштерін 
әзірлеп шығару 

Мектептен тыс мекемелермен 
біріккен 
әрекеттер, 
сынып 
белсенділерінің 
жұмысын 
ұйымдастыру, қорытындылау 

Сайыстар 
мен 
байқауларға 
қатысу. 
Қайырымдылық 
акцияларын ұйымдастыру 
 
Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар: 
- өткен оқу жылындағы жұмысты талдау; 
- сыныпқа сипаттама беру; 
- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айқындау. 
Тәрбиешінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат. 
Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді. Тәрбиеші 
тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі қажет? 


106
Біріншіден,
оқушылардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, 
тәрбиелеу шарттарын (қалалар мен ауылдар, нақты аймақ мүмкіндіктеріне, 
мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін 
ескере отырып, мақсаты мен міндеттерін анықтап алуы қажет.
Екіншіден,
оқушылар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен 
ұғымдарын, 
икемділіктері 
мен 
қажеттіліктерін, 
даму 
деңгейлерін,
қарым-қатынастарын және т.б.), сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы 
тәрбиелерін, оқу-тәрбие процесі барысының жағдайын зерттеуі тиіс. Бұл екі 
жолмен жүзеге асырылады: 
1) психологиялық-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, 
диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы; 
2) бастапқы күндерден бастап тәрбиешінің жұмыстарын: «Білім күні», 
«Жексенбілік жорық», «Танысу күні», «Бірінші ата-аналар жиналысы», 
«Кабинетті керкейту және жарақтандыру», «Сенбілік өткізу» және т.б.
іс-шаралар жүргізу. Бұл іс-шаралардың барлығы оқушылармен, сынып ұжымы 
және ата-аналармен жақынырақ танысуға көмектеседі. 
Үшіншіден,
оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: 
сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (олардан сұрақтарға жазбаша 
жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы. 
Төртіншіден,
алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін 
зерттеу. 
Бесіншіден,
барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсия, 
мұражай, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу және т.б. 
қажеттігін анықтау. 
Тәрбиеші тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегідей ұстанымдар 
жиынтығын ескеруі қажет: 
1.
Мақсат. 
2.
Оқушылардың жас ерекшеліктері. 
3.
Сынып ұжымының қызығушылықтары. 
4.
Жоспарланатын істің жүйелілігі. 
5.
Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану. 
6.
Жоспарлаудың шығармашылық сипаты. 
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауға оқушылар қатыстырылып және 
әртүрлі формада іске асырылуы қажет. Мысалы: «Пайдалы істер барлауы», 
«Ақыл-ойға шабуыл», «Пайдалы істер аукционы», «Жоспар жобасын қорғау» 
және т.б. 
Сондай-ақ, ата-аналар да жоспарлауға қатыстырылып, оқушылармен бірге 
өткізілетін іс-шараларды ойластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет