Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Кесте-9. Тәрбие жұмысының үлгі-жоспары



Pdf көрінісі
бет121/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
Кесте-9. Тәрбие жұмысының үлгі-жоспары 
 
№ 
 
Жұмыстың мазмұны 
Өткізу формасы 
Орындау 
мерзімі 
Орындаушылар 
 
Орындалғаны 
жөнінде мәлімет 
 

Қазақ хандығына 
550 жыл 
ғылыми 
конференция 
Қараша 
11 сынып 
жетекшілері 

2. 
Тәрбие жұмысын жоспарлауда әрбір сынып жетекшісі өзі жұмыс жасайтын 
білім мекемесінің ерекшелігін, тәрбие міндеттерін, мазмұнын, әдістерін, 
формаларын, ұжымның тәрбиелік деңгейін ескеруі қажет.
Тәрбие жұмысының алуан түрлі формаларын жоспарлау 
Тәрбие – оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі 
процесс. 
«Тәрбие жұмысының формасы» тәрбиеленушілердің нақты тәрбие 
әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, 
нақтылы істің құрылымын, оның мазмұнын, әдістемесін, дайындық және өткізу 
технологиясын анықтайды. 
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Тәрбие 
жұмыстарының мазмұны тәрбиеленушілердің теориялық білімін кеңейте түсуге 
лайықталып, олардың жеке қабілетін дамытатындай болғаны жөн. Ондағы 
материалдың мазмұндылығы тәрбиешінің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне 
байланысты.
Қазіргі 
тәрбиені 
ізгілендіру, 
тұлғалық-бағыттаушылық 
көзқарас 
жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана 
өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысы 
оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау 
және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге 
ықпал етеді. 
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі 
қалыптасқан түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген 
мақсат-міндеттеріне, оқушылардың нақты өмір жағдайына, сыныптағы немесе 
жекеленген оқушылардың (тәрбие міндеттеріне сай) жетістіктері мен 
кемшіліктеріне байланысты атқарылады: 
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын 
ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, нақыл сөздер 
жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету. 
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, 
өнер қайраткерлерімен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс 
ардагерлерімен және интернационал жауынгерлермен). 
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, 
шолулық, жедел хабар. 
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған 
байқауларды ұйымдастыру. 


113
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай 
көрмелер өткізу. 
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу. 
7. Оқушылармен сыр-сұхбат, дөңгелек үстел, пікірталас, әңгіме түрінде 
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. 
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол, 
баскетбол, футбол, шаңғы тебу және т.б. 
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар 
оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру. 
10. Кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып, оқырмандар мәжілістерін 
өткізу. 
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, 
қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық 
және т.б. 
12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, 
жарыстар өткізу. 
13. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдарын атап өту.
14.
Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа 
қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік 
алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу 
секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне 
талдау жасап отыру. 
15.
Мұражай, көрме, демалыс-мәдени орындар, кино, театр, өндіріс 
орындарына саяхат жасау. 
16.
Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу. 
17. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға көмек көрсету 
жұмыстарын ұйымдастыру. 
18. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын 
ұйымдастыру. 
1-4 бастауыш сыныптарда өзін-өзі басқару жүйесі арқылы олардың
қабілетін ұштау, әлеуметтік орындарға көзқарасын дұрыс қалыптастыру және 
сыйлауға баулу міндеті қойылады да, осыған бағытталған «Жақсыдан үйрен, 
жаманнан жирен», «Мен нені жақсы көремін?», «Көзіңмен көргенді, қолыңмен 
жасауды қалайсың ба?» және т.б. жұмыс формаларын ұйымдастыруға болады. 
5-9 
сыныптарда оның әлеуметтік басқарушылық іс-әрекетіндегі 
қабілеттерін дамыту, топ басшы рөлі негізінде өзінің саяси ұстанымын
және өзгелердің ұстанымын анықтай білуін дамыту болып табылады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Жігіттік шаққа бір қадам»
дөңгелек үстел, «Адам – жұмбақ әлемі» конференция, «Жағдай жасалмаса,
жеке тұлға қалыптасады ма?» атты пікірталас ұйымдастыруға болады. 
10-11 сыныптарда әлеуметтік бейімділік, белсенділік, тұрақтылық 
қасиеттерін меңгерген адам ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру міндеті 
қойылады да, «Болашақ тұлға» идеялар аукционы, «Әлеуметтік жобалар» 
сайысы, «Біз бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» дөңгелек үстел, 


114
«Сабырлық 
– 
асыл 
қасиет» 
ойталқы 
сынды 
жұмыс 
формалары 
ұйымдастырылуы керек. 
Оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып, әр буынға көшкен сайын 
әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша 
жұмысты ұйымдастыру формасы және өткізілетін тәрбиелік шараның 
тақырыптары да күрделене түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет