Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбие жұмыстарын жоспарлау процесінде педагогикалық және



Pdf көрінісі
бет122/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Тәрбие жұмыстарын жоспарлау процесінде педагогикалық және 
оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі 
Жоспар – сынып жетекшісінің, оқушылардың және ата-аналардың 
бірлескен шығармашылығының нәтижесі. 
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда, оның ең басты
шешуші саласы оқушылардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжым құру 
екендігін ұмытпауы тиіс. Ұжым өмірін қызықты ұйымдастырмайынша, 
мектептің алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес. 
Ұжымды тәрбиелеудің маңыздылығы мектеп қабырғасынан шыққаннан 
кейін, олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да олардың сынып және 
мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына 
байланысты, оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, 
әрекеті нәтижелі болады. 
Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас 
бөлігі болып есептеледі. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық 
ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады (37-сурет). 
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне 
байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде. 
Педагогикалық ұжымның кәсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің 
педагогикалық мәдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, 
ұжымдық 
және 
дербес 
жауапкершілікті 
сезінуімен, 
ұйымшылдық, 
ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Педагогикалық ұжымның 
бірінші 
ерекшелігі
– мұғалімдік кәсіп қызметінің көпқырлылығы. Қазіргі мұғалім пән 
мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі сияқты қызметтерді 
атқарады. Мұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. 
Педагогикалық ұжымның 
екінші ерекшелігі
оның жоғары денгейде
өзін-өзі басқара алуы. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссия, 
қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы 
ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, дербестік пен белсенділік 
дамытады.
Педагогикалық ұжымның 
үшінші ерекшелігі
– оның қызметінің ұжымдық 
сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер орта және жоғары 
сынып 
мұғалімдерінің 
іс-әрекетін 
өзге 
мұғалімдердің 
іс-әрекетімен 
сәйкестендірмесе, 
оқушылардың 
білімін 
бағалау, 
мектеп 
жұмысын 
ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса, онда ол табысқа жеткізбейді.
Педагогикалық ұжымның 
төртінші ерекшелігі 

 
белгілі бір педагогикалық 
еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауы. Бұл жағдай мұғалімнің 


115
шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытып, кәсіптік дамуын 
арттыруға 
уақыт 
таба 
алмауына 
себеп 
болады. 
Бақылау 
нәтижелері көрсеткендей, соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыттың 
жетіспеуіне байланысты баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы
олардың кино, театр, мұражай мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет