Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет136/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Педагогикалық және 
әлеуметтік-гуманитарлық
Ұйымдастырушылық
қызметі
Оқушылардың
жалпы әрекетін басқару 


127
және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Оқушының 
отбасымен 
басқа 
да 
мекемелермен 
тығыз 
байланыс 
орнату.
Рухани-адамгершілік және рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. 
2.
 
Ұйымдастырушылық 
қызметі.
Тәрбие 
процесін 
ұйымдастыру. 
Оқушылардың орынды талап-тілектерін қолдай отырып, белсенді әрі іскер 
сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық әрекетін және демалысы 
мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды 
дамыту. 
3.
 
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару:
нақты мақсат қоюшылық
жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізу. 
Нақты қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, 
оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыру, соған сәйкес 
тұлғалық және жеке-дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізу; 
сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтау; оны болдырмаудың 
тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді. 
Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын 
жоспарлауда көрініс табады. 
Жоспарлау – сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының 
оқу-тәрбие процесіндегі іс-әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды 
буын. 
Сондай-ақ, жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, 
болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу-тәрбие процесіне бақылау жүргізіп 
және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік 
беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне 
талдау жасау барысында сынып жетекшісі оқушылар ұжымы немесе жекелеген 
оқушылардың іс-әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. 
Сынып жетекшісінің қызметтері оның педагогикалық іс-әрекетінің 
мазмұнын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет