Сурет-88. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының бағыты Ата-аналар жиналысы – мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі.
Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас сынып
жетекшісіне ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
1. Ата-аналар жиналысын өткізу үшін, барынша ыңғайлы күнді және
уақытты
таңдаған
жөн.
Осы
уақытқа
сіздердің
балаларыңыздың
ата-аналарының да ешқандай істері жоспарланбауы тиіс.
2. Ата-аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру
қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады. Мәселен,
типографиядан шыққан үлгілі-нұсқауды (балалардың өз қолымен жасалған
нұсқасы немесе ата-аналар комитетінің көмегімен). Ең бастысы, бұл шақыру
қағаздары ата-ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, алдын ала
жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн
тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін сынып жетекшісінің, сынып
ата-аналар комитеті төрағасының (төрайымы) телефон нөмірі жазылғаны жөн.
Шақыру қағаздары сынып қорында жиналып, кез келген мейрам, әсіресе оқу
жылының аяқталуы немесе мектеппен қоштасу кештерінің көркі болуы мүмкін.
3.
Сынып
ата-аналар
жиналысына
«Сіздердің
балаларыңызды
қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата-аналармен бірге
шешімін таба білуге әрекеттеніңіз» сияқты мәселелерді шешу үшін
«Сіз не дейсіз?» педагогикалық ток-шоуын өткізуге болады.