Тәрбие тағылымы
Сәбит Мұқанов
(1900-1973)
Ұлыдан ұлағат
Оқушы жастардың ең сенімді
ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын
адамы – мұғалім
Елдің
надандығымен
алысатын адам – мұғалім
Хосе Марти
(1853-1895)
Білгенге маржан
Адам бола білу – ең қиын
мамандық
267
13-тақырып. Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы
тәрбие жұмыстары
Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты
Дүние жүзіндегі алғашқы балалар бірлестіктері
–
скауттер ХХ ғасырдың
басында қалыптасты. Ағылшын тіліндегі «scout» сөзі барлаушы деген
мағынаны білдіреді. Скауттердің қағидаларын ағылшын полковнигі
Р.Баден-Поуэлл (1857-1941) өзінің «Скауттер үшін нұсқаулық», «Жастар үшін
скаут өнері» (1898) сияқты еңбектерінде негіздеді. Скаутшілер жер бетіндегі
балалар мен жасөспірімдер дос және бауыр деген принципті ұстанады.
Ешқандай партияға бағындырылмады. Ұл балаларға арналған ұйымды бойскаут
(boyscouts), ал қыз балалар ұйымын герлскаут (gіrlscouts) деп атады. 1921 жылы
скауттер ұйымы 63 мемлекетте (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Италия,
Франция, Швеция, Үндістан, Ресей
және т.б.) жұмыс істеді. Кеңес үкіметінің
алғашқы жылдарында-ақ коммунистік партияның, кәсіподақ
ұйымдарының
басшылығымен өзінше қызмет атқаратын балалардың жаппай бірлестігі, яғни
балалар бірлестіктері құрыла бастады. Олар алғаш жеке топтар ретінде дамып,
Кеңестер Одағы тұсында 1922 жылы В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық
пионерлер
ұйымы құрылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларын біріктіретін
октябряттар тобы болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ұйым көптеген
елдерде құрылып, дамыды. Олардың арнаулы демалыс орындары, сарайлары
мен спорт кешендері болды. 1991 жылдан кейін құрылған Балалар ұйымдары
Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес әрекет ететін, ерікті қоғамдық
бірлестіктер болып табылады.
Балалар бірлестіктері
–
балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары,
қоғамдық ұйымның айрықша түрі.
Балалар бірлестіктері төмендегідей белгілерге ие болады:
балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жүзеге асыруына
бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы;
ұйымға еркін кіру және еркін шығу;
бекітілген мүшелілік;
ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын айқындалған құрылым;
барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен
қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлері, формалары
мен жолдарын таңдау құқығы);
оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы;
жарғы, бағдарлама, ереженің болуы т.б.
Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері тәрбиеленушілердің қызығулары
мен қажеттерін қанағаттандыру негізінде, олардың мүмкіндіктерін дамыту мен
іске асыруда көмегін тигізеді. Мұндай бірлестіктер әр тәрбиеленушіге өз
қалағанымен айналысу, өз мүдделерін қорғау, өзіндік басқару жұмыстарына
араласуға мүмкіндік береді. Балалар және жасөспірімдер бірлестіктерінде
тәрбиеленушілер қоғамдық қатынастар тәжірибесін игеріп, өздеріне жаңалық
болған әлеуметтік рөлдерді атқаруға үйренеді.
268
Тәрбиеленушілер әрқилы мақсат төңірегінде бірігеді.
Ондай мақсат
түрлері төмендегідей болуы мүмкін:
-
өз достарымен ресми емес қарым-қатынасқа түсу;
-
қарым-қатынас шеңберін кеңейту;
-
тұрмыстағы өз орны мен беделін анықтау, құқықтары мен еркіндігін
қорғау, ересек өмірге дайындалуда жәрдем алу.
«Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы» Заңында
(2002 жылғы 8 тамызда қабылданған №345 ҚР Заңы) тәрбиеленушінің негізгі
құқықтары мен міндеттері айқындалады (2-қосымшаны қараңыз).
Балалар бірлестіктері жағдайындағы тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне
байланысты мәселелерді шешуге бағытталған тәрбиелік жұмыстар өз мақсаты,
мазмұны және құрылымы бойынша сыныптан тыс жұмыстардан көптеген
ерекшеліктерімен ажыратылады. Мысалы, балалар мен жасөспірімдер
бірлестіктерінің мақсаты бір тараптан – тәрбиеленушінің өз алдына қойған
мақсаты ретінде қарастырылса, екінші тараптан – бірлестік істеріне араласқан
ересектердің де тәрбие мақсаты ретінде қабылданады.
Балалар
мен
жасөспірімдер
бірлестіктерінде
тәрбиеленушілер
іс-әрекеттерінің әлеуметтік маңызы арта түседі. Бұған себепші болатын шарт –
тәрбиеленушінің әлеуметтенуіне табыс беретін жағдайлардың жасалуы,
осының нәтижесінде тәрбиеленушіде қоғамдағы әлеуметтік қызметтерді
орындауға
деген
ынта-ықыласы
қалыптасады,
сонымен
бірге
тәрбиеленушілердің қажеттері мен қызығуларын қанағаттандырудың көздері
ашылып, оның өзінің де, ол қатысқан ұжымның да іштей мазмұны сапалық
тұрғыдан дамып, байи түсуіне, жаңа ұмтылыстар бағытын алуға көмегін
тигізеді.
Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері іс-әрекет, қызметтері, мазмұны,
формалары және әдістерімен ажыратылып, тәрбиеленушілердің жас
ерекшеліктері, олардың қызығулары мен қажеттеріне сәйкес іске асырылады.
Балалар немесе жасөспірімдер бірлестіктерінің бірін таңдауы, бір ұжымнан
екіншісіне ауысу құқығы тәрбиеленушілердің өз еркінде. Мұндай баламалы
бағыт мүдде, мұқтаждықтарға байланысты таңдау жасап, соған сәйкес өз ойын,
бағдарламасын іске асыру мақсатында өзіндік жоспар түзуге, мерзімін белгілеп,
орындау жөн-жосығын айқындауға мүмкіндік алады.
Әртүрлі топтар, клубтар, бірлестіктерге қатыса отырып, көркем-
шығармашылық, таным, ойын әрекеті процесінде нақты мақсатқа жету үшін
тәрбиеленушілер өз мүмкіндіктері, білімі, тәжірибесін пайдалана алады, басқа
тәрбиеленушілермен бірге өз-өзіне сенім пайда болып, өзін қорғанышты
сезінеді. Осындай немесе басқа да бірлестіктер аясында жүріп, жастар
қоғамдық жұмыстарға араласа алады. Басқалармен бірлесіп әрекет ету, өз
өмірлерін достарымен бірге өз ниеттеріне сай өзгерту, жақсы сапаларын ашуға
көмектеседі.
«Бала құқықтары туралы Конвенцияның» 29-бабында: «...білім беру
ата-анасын, төл мәдениетін, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан
мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа
269
өркениеттерді
құрмет
тұтуға
бағыт
беруге
тиіс»
делінген
(1-қосымшаны қараңыз).
Тәрбиеленушілер қозғалыстарын біріктіруші балалардың қоғамдық
бірлестіктері мен ұйымдары болып табылады. Бұл құрылымның мәнін түсіну
үшін олардың ұғымдарының мағынасының неде екенін анықтау керек.
Философиялық-әлеуметтік сөздікте осы ұғымдардың мағынасын жалпылай
жинақталған түрде «Ұйым – әлеуметтік топ, жетістіктер бірлестіктерінің өзара
байланыстағы мақсаты, құрылымның жасалуы» деп анықтама берген.
Балалар ұйымдарының мәні – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.
«Ұйым» сөзінің бірнеше мағынасы бар:
1)
іс-әрекетінің түрі;
2)
ішкі жағдайы, яғни ұйымшылдығы, келісімділігі;
3)
әлеуметтік құрылымы.
Қазіргі кезеңдегі балалар ұйымы – алдына қойған мақсаты, тәрбиеленуші
тұлғасын қалыптастыру бейімділігі бар, ұйымдық құрылым болып табылатын,
балалар мен үлкендердің әлеуметтік тобы.
Қазіргі кезеңде балалардың қоғамдық бірлестіктерін төмендегідей
өлшемдер бойынша реттеуге болады:
а)қызметтер типологиясы бойынша:
аумақтық қызмет (тәрбиеленушінің
әлеуметтік ортаға бейімделуі мен кіріктірілуі, енуде қамтамасыз етілуі, балалар
ұйымдары мен бірлестіктерінің жиынтығы) және қызметтік мамандануы
(бірлестік, ұйымдар, одақтар, орталықтар, клуб бірлестіктері және т.б.);
ә)іс-әрекеттің бағыттылығы мен мақсаты бойынша:
ізгілікті
бағдарлылық, әлеуметтік, саяси және т.б.;
б) мәртебесі бойынша:
мемлекеттік, қоғамдық-мемлекеттік, қоғамдық;
в) іс-әрекеттің деңгейі бойынша:
тұрақты немесе уақытша;
г) сыртқы орта мен байланыс бойынша:
ашық, жабық, көпшілік және т.б.
Мектеп әртүрлі әлеуметтік институттардың балалар тәрбиесіне әсер етпей
қоймайтынын, үнемі өз жұмыстарын ұйымдастыруда ескеруі тиіс. Олардың
ішінде әртүрлі балалардың қоғамдық бірлестіктері ерекше орын алады.
Балалардың қоғамдық бірлестігінің болашақтағы мақсаты – тәрбиеленушілерге
бет бейнесін жоғалтпай, өздерінің күштеріне күш қосатындай мүмкіндіктерді
табу, тәрбиеленушілердің мүдделерін қорғауға көмек көрсету.
Қазіргі кезеңде Бүкілодақтық пионер ұйымының орнына бірыңғай
монополиялық, көпшілік балалар қозғалысының формалары мен құрылымының
жиынтығы пайда болды. Құрамында Ресей Федерациясының және ТМД
елдерінің 65 субъектілері, республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық
балалар құрылымы бар. Балалар ұйымдарының халықаралық федерациясы
құрылды. Мысалы «Юная Россия» балалар ұйымдарының федерациясы
тәрбиеленушілердің әртүрлі деңгейдегі 72 қоғамдық бірлестіктерін (алғашқы
бірлестіктерден одаққа, ассоциацияларға дейін) біріктіреді.
Ресми түрде тіркелгендермен бірге жастардың 30 пайызы ұнататын
формальді емес, стихиялы пайда болған балалар мен жастардың бірлестіктері
жұмыс істейді.
270
Достарыңызбен бөлісу: |