Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


тәрбие процесінің қайсыбір жағының негізгі  сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет333/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
 
тәрбие процесінің қайсыбір жағының негізгі 
сипаттамасы.
 
Көрсеткіштер критерий қырларының, оның бөліктерінің бірі және 
қайсыбір белгілер, «деңгейлер» қандай деңгейде дамығанын көрсетеді. 
Ал, 
тәрбиелік 
– 
жинақталған 
түрінде 
адамның 
әлеуметтік
қарым-қатынастарының жүйесін бейнелейтін, тұлға сапаларының жиынтығын 
сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері. 
Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейінің көрсеткіштері: 
- ойлау, оқиғаларды дербес талдау қабілеттерін қалыптастыру, әлем, 
азаматтық-саяси даму туралы білімді жинақтай алу;
 
- адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік 
нормалар, 
ережелер, сенімділік, ізгілік сана, түсіністік, эмпатия; 
- жеке тұлғаның бағыттылығы, бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының 
тұрақты басымды мотивтерінің болуы; 
- жеке тұлғаның өзіне, қоғамға деген қарым-қатынасының болашаққа 
бағытталғандығы, іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыруға және мінез-құлқын 
өзіндік реттеуге қабілеті, әлеуметтік толыққандықтың көрінуі, тұлғаның өзінің 
моральдік санасы, мінез-құлықтарының еріктігі; 
- ұжымда тәрбиеленушінің бір-біріне, өздеріне, мұғалімге, мектепке,
ата-анасына қарым-қатынастарының нақты өзгеруі, яғни олар бір-біріне 
қайырымды бола түседі, шеттетілген тәрбиеленушінің досы пайда болады, 
нашар оқитын тәрбиеленушінің өзіне деген сенімі нығаяды. 
П.П.Блонский «Ғылыми психология очерктері» деген еңбегінде: 
«Адамның тәртібін өлшеуге болады. Барлық нәрсе өзгереді, сондықтан қанша 
өзгергендігін өлшеу керек» – дегендей, тәрбиеленушінің тәрбиелік деңгейі күн 
сайын, сағат сайын тексеріледі. Тәрбиеленушінің әрбір іс-әрекеті, тәртібі, 
үлкендермен қарым-қатынасы тәрбиелік деңгейін сипаттайды. Олардың 
тәрбиелік деңгейіне дұрыс баға беру үшін өмірдегі, сабақтағы, сабақтан тыс 
кездегі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттегі тәртібіне нақты баға беру керек. Ол 
үшін ұзақ уақыт және әртүрлі әдіс-тәсілді пайдалану қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет