Қоғамдық пікір – ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы
бірлігі.
Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін
жеке қасиеті.
Қарым-қатынас – ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және
байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге
бағытталған адамдардың өзара әрекеті.
Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік
педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық
ерекшелік.
Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш
құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы.