3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы 1.
Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқыға бар.
2.
Мемлекет дені сау бала тууды қамтамасыз ету үшін ананың
денсаулығын сақтау жөнінде жағдайлар жасайды.
3.
Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
1)
баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының
заңдарын қабылдау;
2)
балалардың саламатты өмір салтын насихаттау және ынталандыру;
3)
балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді
мемлекеттік қолдау;
4)
баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және
балалар ауруларының алдын алу;
5)
білікті медициналық көмек көрсету;
6)
баланың дені сау болып өсіп жетілуіне қажетті қолайлы қоршаған орта
жасау;
7)
балалар үшін сапасы тиісті деңгейдегі тағам өнімдерінің өндірілуіне
және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
4.
Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға
тегін медициналық көмектің көлеміне кепілдік береді
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз). 5.
Баланың өміріне, денсаулығына және қалыпты өсіп-жетілуіне зиян
келтіретін кез келген ғылыми тәжірибелер немесе өзге де эксперименттерге
тыйым салынады.